Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз бақытты жандармыз...(сайыс)

18 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Біз бақытты жандармыз..» сайыс
Тақырыбы: Наурыз
Мақсаты: Мектеп, ата - ана, оқушы арасындағы байланысты нығайту, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін,, әдет - ғұрпын дәріптеу. Оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін шыңдау. Отбасы ынтымақтастығына, татулыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ата - аналар мен оқушылардан құралған топ сайысы.
1 - жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды,
Көргендер де арманда,
Көрмеген де арманда.
Қызықтан тыс қалмаңыздар.

2 - жүргізуші:
Ежелгі Шығыс елінің
Аңсаған арман, ойы бар
Тарқайтын жері шерінің
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.
Кеңінен елге тараған,
Негізі ерте қаланған
Еңбек, шаттық жыл басы
Наурыздан басталған.

1 - жүргізуші:
Мереке Наурыз жыл басы,
Наурыз тойы құтты болсын!
Шашу шашып жер бетіне көк толсын!
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

2 - жүргізуші:
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.

1 - жүргізуші:
Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда
Керемет рәсім жасайық! (шашу шашқызу)

2 - жүргізуші:
Салт - дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша.

1 - жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан шығады» деп дарынды
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашан да нанымды,
Сол білімнің жолын қуған,
Мектебіміздің атынан
Қабылдаңыздар шын жүректен,
Мерекелік құттықтау

Құттықтау сөз (марапаттау)

2 - жүргізуші:
Сәлем сізге көпшілік замандастар!
Адамдықтың белгісі амандасқан.
Бақ сынап ата - аналар келіпсіздер!
Демей ме, асыл тастан, өнер жастан!

1 - жүргізуші:

Тас үйдің салдық бүгін түтіндігін.
Отбасылық байқауына келіп бүгін!
Ендеше көрермендер қол соғыңдар,
Ата - ана мен оқушылар байқауына!

Байқау 4 кезеңнен тұрады.

І «Сәлем - сөздің анасы» сәлемдесу

1) «Артық болмас білгенің...» сұрақ - жауап
2) «Ұлағатты ырым - тыйым», ырым - тыйымдар мағынасын ашу.
3) «Өнерлі өрге жүзер..» өз өнерлерін көрсету
4) «Салт - дәстүрді сақтай біл..» салт - дәстүрге байланысты сұрақ
(берілген заттарға қарап оған баға береді, қолданылуын айтады)

ІІ. Қорытынды. Марапаттау

2 - жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.- дей отырып, әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

1 - жүргізуші:
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіз.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіз – дей отырып, әділ қазылар алқасын таныстырып өтейін.

1.
2.
3.
2 - жүргізуші:
Ашық жарқын жүздері,
Күлімдеген көздері,
Таңдап баға берерге,
Әділқазылар алқасын
Шақырамыз төрге

1 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Ата - ана оқушы сайысын
Рұқсат болса, бастайық.

2 - жүргізуші:
Ардақты ана - арулар аңдып басып,
Келеді, міне ортаға толқып басып.
Аналарын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
1 - жүргізуші:
Ал, халайық, оқушыға тамсанайық,
Бала қылықты дегенге ән салайық
Атына заты сай ұрпақтарды
Тағы да қол соғып қарсы алайық.

І. «Сәлем - сөздің анасы»
2 - жүргізуші:
Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға,
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей отырып топтарға сөз береміз
Ата - аналар тобы «Наурыз», оқушылар тобы «Еркем - ай»
1 - жүргізуші:
Топтарымыз – жас ғұмырдың талғамы,
Қуантатын әрбір үйдің арманы.
Келді бүгін сыналудың уақыты,
Сан сұраққа жауап бергін нақтылы,- дей отырып «Артық болмас білгенің..» атты сұрақ - жауап сайысы (қоржындағы сұрақтарға жауап береді.

Сұрақ - жауап
1. Түйенің сүті (шұбат)
2. Жүннен жасалған бұйым (киіз)
3. Сәндік бұйым жасайтын адам (зергер)
4. Ұлыс күні жасалатын тағам (наурыз көже)
5. Адамның 12 жылда бір келетін жас мөлшерінің өлшемі (мүшел жас)
6. Жылқы атасы (қамбар ата)
7. Желмая мініп, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен кім? (Асан қайғы)
8. «Байғазы» деген не? (жаңа киім үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық)
9. «Базарлық» деген не? (алыс сапарға шыққан адамдарына әкелген сыйлығы)
10. Қыс қатты болып малдардың жаппай қырылуы (жұт)
11. Наурыз төл - наурыз айында туылған малдың төлі
12. Наурыз көк - Жер - ана бусанып, қар еріп, алғаш шыққан шөп

2 - жүргізуші:
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Ырым менен тыйымды ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған, - дегендей «Ұлағатты ырым - тыйым» сайысын бастаймыз. Ырым - тыйымдардың мағынасын ашу
1. Бала бас ұстамайды. Неге?
2. Нанның қиқымын жесе не болады?
3. Сәбидің тоңқайып екі аяғының астынан қарауы ненің белгісі?
4. Жас балаға бұғана ұстатпайды. Неге?
5. Қыз балаға жілік ұстатпайды. Себебі не?
6. Бала алғаш жолаушы шыққанда не істейді?
7. Батырдың, ақынның, шебердің, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе не болады?
8. Сәбиге көз тимес үшін не істейді?
1 - жүргізуші:
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы - мереке.
Қызық думан құрамыз.
Сызылтып ән саламыз, - дей отырып ортаға «Домбыра» әнімен
шақырамыз. Қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші:
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан,- деп қатысушыларды «Өнерлінің өрісі кең» сайысына шақырамыз. Өз өнерлерін көрсетеді

1 - жүргізуші:
Шілдехана, бесік той!
Тұсау кесер, сүндет той!
Пай! Шіркін - ай! Қазағымның салт - дәстүрі, кең пейілі дархан даласынан да кең ғой.
Олай болса ортаға топтарды шақырамыз.»Салт – дәстүрді сақтай біл» сайысымен кешіміз жалғасады. Экранға көңіл аударыңыздар.
(көрсетілген, берілген заттарға қарап оған баға береді, қолданылуын айтады )

2 - жүргізуші:
Жан қалмасын жай тұрған,
Мәз болсын жас - кәріміз.
Күй шертілсін, ән айтып,
Би билейік бәріміз (би)

Көрермендерге күлдіргі жұмбақтар жасыру.

1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай атайды? (мысық)
3. Үш түйеқұс ұшып келеді. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)
4. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? Толып тұрған

Құрметті көрермендер, қатысушылар, қонақтар сіздердің құрметтеріңізге арналған...................... орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Осымен бұл ойынды тамамдасақ,
Сөзіне қазылардың құлақ салсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ,- дей отырып, сөз кезегін әділ қазыларға береміз2 - жүргізуші:
Демеңіздер өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен сайысымыз аяқталды!

1 - жүргізуші:
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
Батамен ел көгереді,
Жауынмен жер көгереді,- демекші балаларға әжелеріміз батасын берсін.
2 - жүргізуші:
Халқымызға билік айтар аналар,
Даналардың өзі анадан жаралған.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар?
Адам баласы үшін ең қастерлі сөз – Ана!
Қымбатты ата - аналар бүгінгі сайысқа қатысқандарыңыз үшін мың алғыс.

1 - жүргізуші:
Бақытың бастан кетпесін,
Жамандық қуып жетпесін,
Әсем күлкі жүзіңнен,
Өмір бойы кетпесін,

2 - жүргізуші:
Сау болыңдар көргенше,
Қайта айналып келгенше,
Жиі келіп тұрыңдар,
Қоштасайық ендеше,
5 076
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Тәрбие сағатының тақырыбы: Наурыз - думан Менің атым – Наурыз Наурыз көже, сары уыз Алып келдім татыңыз Есік ашып, шашу шашып, Ел болып қарсы алайық.
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Жыл басы - Наурыз
Жыл басы - Наурыз
Қостанай облысы, Рудный қаласы №7 орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Қуанышбаева Райка Бермұхамедқызы
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Наурыз тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын баланың жас ерекшелігіне байланысты өзін қатыстыра отырып түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×