Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру

05 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру

Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез келген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры, болмысын қалайтын мекен. Отбасымен жұмыс мүмкін педагогтардың жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір жағынан, бұл жұмыс аса бір шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді, тәжірибені қажет ететін жұмыстардың бірі. Өйткені, отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, түрлі мінез - құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама - қарсы кездесесің. Осының барлығынан педагогтық абыройыңа, кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол себептен білім беру мекемесінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор. Отбасымен жүргізілетін жұмысты әдістемелік дұрыс ұйымдастыру дегеніміз не? Бұл – мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды педагогикалық қағидаларға сәйкес, баланы жан - жақты дамытуға негізделген, бала құқығын сақтауға және қорғауға бағдарланған түрде ұйымдастыру. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан белгілі бір ретпен, жүйелі түрде ұйымдастыру жүргізілген жұмыстың нәтижесіне әсер етеді. Әсіресе бұл жұмыс «Тәй - тәй» технологиясымен эксперименттік жұмыстарды бастаған уақыттан алға баса бастады. Себебі, «Тәй - тәй» технологиясының басты шарттарының бірі – оқу - тәрбие үдерісіне отбасын белсенді араластыру болып табылады. Осының негізінде мекемеде жұмыстың жаңа түрлері жарық көрді. Бұл жұмыстар алдыңғы уақытта жүргізілетін жұмыстарға ұқсамайтын және жаңашыл бағытта болды. Яғни оның негізінде отбасымен ашық қарым - қатынас атты. Бүгінгі таңда сол жұмыстар заманның талабына сай, бала мен отбасының қажеттігіне сай өзгертіліп, әр тараптандырылып отырылуда. Бірнеше жылғы іс - тәжірибе мекемемізде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың белгілі бір тұрақтылығы мен заңдылығының
қалыптасуына әкелді.

Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты – отбасымен қарым - қатынастың тиімді, оңтайлы түрлері арқылы отбасын мекеме жұмысына белсендіре араластыру, бала тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Осыған байланысты жылдық жоспарда мынадай жұмыс түрлері жоспарланады:
Ата - аналарды балабақшамен таныстыру;
Ата - аналарға арналған ашық есік күндер;
Ата - аналарға арналған педагогикалық кеңестер (оқу жылында 1 кеңесті арнауға болады);
Педагогикалық әңгімелер
Жиналыстар (оқу жылында 3 - 4 рет);
«Дөңгелек үстелдер» (дәстүрден тыс түрде ата - аналармен өзекті тақырыптар төңірегінде әңгімелесу);
Ата - аналарға арналған конференция (ата - аналар, шектеулі мамандар, тәрбиешілер өмірлік жағдаяттарды моделдейді, тақырыптар аналарға арналған «Анам жайлы әңгімелесейікші», әкелерге арналған «Мен үшін ең қымбат жан» т. с. с.);
Ата - аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету.
Балабақшамен таныстыру жұмысы – жылына 1 рет оқу жылының басында жүргізіледі. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты ата - аналарды балалардың білім алу және тәрбиелену ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп отырған ортаның материалдық - техникалық базасымен және осы ортаның оқу - әдістемелік қамтамасыздану дәрежесімен, педагогикалық ұжыммен, мамандармен таныстыру және осы арқылы олардың оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым - қатынас құру.
Ата - аналарға арналған ашық есік күндер – отбасына баланың белсенділігін, даму деңгейін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар топ ішінде сабақтардың ұйымдастырылу ерекшеліктерімен де таныстырады.
Сондай - ақ балабақшада балалар тек ойын әрекетімен айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды.
Педагогикалық әңгімелер – отбасына баланы таңертең әкелгенде және кешке әкеткенде тәрбиешінің ата - анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші оларға бала тәрбиесіне қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын айтып, ата - ана ойын тыңдайды. Бұл әңгімені жалпылай да өткізуге болады.
Тақырыптық кеңестер – белгілі бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін. Бұл кеңестерді тәрбиеші, дәрігер, шектеулі мамандар бере алады. Тақырыптар жиі кездесетін сұрақтар төңірегінде таңдалады.
Жиналыстар – оқу жылында бірнеше рет ұйымдастырылады. Баланың жетістіктері жайында ата - аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 706
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы және балабақша ынтымақтастығы
Отбасы және балабақша ынтымақтастығы
Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата - ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе боп отыр. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі –
Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары
Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары
Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орта.
Ауылдық жерде қосымша білім беру ұйымының отбасымен жұмысын ұйымдастыру
Ауылдық жерде қосымша білім беру ұйымының отбасымен жұмысын ұйымдастыру
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім.
Ауылдық жерде қосымша білім беру ұйымының отбасымен жұмысын ұйымдастыру
Ауылдық жерде қосымша білім беру ұйымының отбасымен жұмысын ұйымдастыру
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебінің қосымша білім беру педагогі Байназарова Жанар Әлкенқызы
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының дене шынықтыру жетекшісі Ермекбаева Аманкүл Ерсайынқызы
Отбасы мен балабақшының сабақтастығы және серіктестігі
Отбасы мен балабақшының сабақтастығы және серіктестігі
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×