Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттың санын цифрмен сәйкестендіру

14 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру»
Білім беру саласы: Таным
Мақсаты: Заттың санын цифрмен сәйкестендіруді және сандарды ажырата білуге үйрету, математикалық жұмбақтарды шешуге, логикалық ойындарға ойланып, нақты жауап беруге дағдыландыру. Тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Методикалық әдіс: Сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, ойындар
Көрнекілігі: Сандар, суреттер, сандық көрсеткіштер

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы: Жылулық шеңберінде тұрып, бір біріне жақсы тілектер айту.
Балалардың іс - әрекеті
Шаттық шеңберінде тұрып, бір - біріне көңіл күй сыйлайды.

Балалар:
Аспанымыз ашық болсын
Жеріміз гүлдей берсін
Біздің балабақшамыз
Әр қашанда жайнай берсін.

Қолды көкке созайық
Азайтайық қосайық
Сан есептің сарайын
Кәне бірге ашайық

Тәрбиеші:
Бүгінгі біздің өтетін оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру»
Яғни заттың санын алдымыздағы сандық көрсеткіштер арқылы көрсетіп отырамыз (сандарды таратып беру)
- 4 мезгілді сұрау
- 1 аптада неше күн бар? Балалардың жауабы.

«Көршісін тап» ойынын ойнату
Ғажайып сәт
Есік қағылып білім шәкірті келеді: - - -- Сәлеметсіздер ме балалар? Сендердің білімдеріңді тексеру үшін мені білім сарайынан білімді ұстаздар яғни апайлар мен ағайлар жіберді. Осы тапсырмаларды қалай орындайтындарыңды мен бақылап отырамын. Тапсырма 2 топқа бөлінеді: «Сұңқар» және «Тұлпар» тобы болып. Сабақ жарыс түрінде өткізіледі: Сұңқар тобының басшысы Бекдәулет. Тұлпар тобының басшысы Азамат. 2 топ амандасады.
- Ал ендеше бастайық. Сабақ соңында жұлдызшаны көп жинаған топ жеңіске жетеді.
1 тапсырма:
Тура және кері санау санамақтары
2 тапсырма:
Сурет бойынша вагондарды сандық ретімен тақтаға ілу және торғайлардың санын көрсеткіштермен көрсету
3 тапсырма:
Логикалық есептер
3 қоянның құлағы нешеу?
2 сиырдың мүйізі нешеу?
Күнсәулеттің әжесі базардан дәптер, қайшы, қалам өшіргіш, сызғыш, желім әкелді. (Сонда қанша зат әкелді)
4 тапсырма:
Суретке қарап заттардың санын айту.
Енді балалар сандар туралы жаттаған тақпақтарымызды Білгішпек ағайға айтып берейік.
- 10 санын шығарып тақпақтарын сұрау

Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап
Ең басында тұрмын (Мерей)
Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрағым.
Бірді бірге қосқанда,
Мен шығамын шырағым.
(Нұрай)
Екіден соң әрқашан,
Үш саны мен тұрамын
Орныма барамын
Екі айшық саламын.
(Айбедел)
Үш қызықты таяғым,
Оқушылар қояды.
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы.
(Айдар)
Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Санаса қолдың саусағын
Оңай табасың десті (Сұлтан)
Мен өзімді қатарға,
Бестен кейін қоямын
Басым бір боп басталып
Нолмен бітер аяғым
(Алтынай)
Қара мына қызықты
Кесуді кім ұмытты
Жеті болам бір тартсаң
Бел ортамнан сызықты
(Саяжан)
Менің атым сегіз
Жетіден соң деңіз
Жазылған қос дөңгелек
Мен шығамын сегіз
(Гүлбағым)
Сегізден соң тоғыз
Алтыны төбесінен тұрғыз
Сонда болам тоғыз (Ақерке)
Әліппеде О ға ұқсаймын
Санда нөлге ұқсаймын
Жеке тұрсам мәнім жоқ
Бір орынды ұстаймын (Айгерім)

Сергіту сәті:
Оң аяқта 5 башпай
Сол аяқта 5 башпай
5 - ті 5 - ке қосқанда
Болып шықты 10 башпай

«Төлдердің анасын табу ойыны» Тақтаға 4 - 5 баланы шығартып ілдірту.
Білгішбек:
- Балалар өте білімді, алғыр екен. 10 санының тақпақтарын өте жақсы айтып бердіңдер. Енді мені басқа да балабақшада балалар күтіп отыр. Сау болыңдар!

Күтілетін нәтиже:
Қандай түсініктерді игерді:
1 - ден 10 - ға дейінгі тура және кері санауды, заттың санын цифрмен сәйкестендіруді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
Зейінді, мейірімді, ұқыпты болуды, есте сақтау мен ойлау қабілеттерін шыңдай түсті;
Нені біледі:
Тәрбиешінің сұрағына ойланып дұрыс жауап бере біледі;
23 972
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - 5 сандары
1 - 5 сандары
5 - ке дейін санауды бір саны және цифрымен таныстыру;
3 саны мен цифры
3 саны мен цифры
Балаларды 3 саны мен цифрымен таныстыру. Заттарды санауға машықтандыру, 3 цифрын тану және бейнелеуге үйрету.
Сандық есептер. Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу
Сандық есептер. Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу
Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу.
Артық, кем, тең түсініктері
Артық, кем, тең түсініктері
Оқушыларға артық, кем, тең түсініктерін таныстырып, заттар жиынын саны бойынша салыстыруға үйрету; Артық, кем, тең таңбаларын дұрыс қолдануға дағдыландырып отырып, баланың логикалық ой - өрісін дамыту;
3 саны мен цифры
3 саны мен цифры
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі: Маханова Динара Рысбекқызы
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×