Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Тәуелсіз Қазақстаным

19 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.

«Адай» күйі ойнап тұрады, балалар қолдарына жалауша алып шығады. Үш рет айналып орындарында тұрады.
- Балалар қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Жарқырасын күніміз!
Тыныш болсын еліміз!
Аман болсын басыңыз!
Мықты болсын деніңіз!
Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Менің Тәуелсіз Қазақстаным!».
- Балалар қазір қай мезгіл!
- Қыс мезгілі.
- Қыстың қай айы?
- Желтоқсан айы.
- Желтоқсан айында қандай мейрамдар бар?
- Тұңғыш президент күні 1 желтоқсан, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні, 31 желтоқсан Жаңа жыл.
- Біз өткен аптада президент күні атап өттік. Біздің Қазақстан деген елдің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні дейміз. Тәуелсіздік деген яғни біздің өз алдына дербес мемлекет. Өзіміздің елтаңбамыз, туымыз, гимн бар. Оларды рәміздер деп атаймыз.
Егеменді еліміздің Елтаңбасынан кең - байтақ Отанымыздың өткен тарихы, бай дәстүрі, салт - санасы мен жасампаз рухы толық танылады. Онда нелер бейнеленгеніне назар аударайық. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау үшін, шаңырақтың биік болуы ойластырылған. Қазақта: « шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек - сөз бар. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібекұлы мен Шот - Аман Ыдырысұлы Уәлихан осы сөздерді басшылыққа алған.

Елтаңбаның екі жағында да қанатты пырақ бейнеленген. Жылқы малы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Тіпті оның шаруашылықты дамытуда, бостандық жолындағы күресте де маңызы болғанын тарихтан білеміз. Пырақ - мал шаруашылығының басым болғанын аңғартатын жиынтық бейне. Бұл тұста біздің Отанымызды қорғау, оның іргесінің берік болуы ойластырылған. Осы мақсатта жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалған. Жеті буын бір жағынан іргесі бүтін елдікті, ата дәстүрін қастерлеу дегенді аңғартады. Жалпы, қазақ мүйізді қастерлеген. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске салады. Жоғарыда дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Қазақтың сан ғасырлық тарихында жұлдыздың қаншалықты маңызды болғаны белгілі. Ел жұлдызды қастерлейді.

Енді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына назар аударайық. Бәйгеден озып шыққан бұл тудың авторы - алматылық Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенмен, жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де. Ал Күнге келетін болсақ, ол да баршаға ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан да Күннің тудан орын алуы лайық. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Бұлармен қатар тудан қазақтың ою - өрнегін байқаймыз. Мұның өзі Тудың ерекшелігін - қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Егер де Туға тұтас зер салсақ, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырылғаны байқалады. Ол: Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан Қыран - тыныштықтың, баянды өмірдің белгісі, ал ою - өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады
Гимн – 1. Жиналыстар мен мәжілістерде;
2. Ескерткіштер орнатылғанда;
3. Шет елдердің мемлекет басшыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда орындалады.
4. Гимнді міндетті түрде түрегеп тұрып, оң қолымен жүрегін ұстап тыңдайды.
Осы рәміздер туралы көктеген тақпақтар бар.
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы.
Ақ неитті – алтын күн,
Асқар арман – қыраны.
Жалауы бұл халқымның
Мәртебесі, мақтаны.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 131
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің елім — Қазақстан!
Менің елім — Қазақстан!
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнаған «Менің елім — Қазақстан!» - атты тақырыптық оқу қызметі.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ақылды, зерек бала болып өсті.
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын
Мақсаты: Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш президенті екені туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балаларды отанын сүюге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, сезімдерін ояту.
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×