Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік тұғыры биік болсын

06 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Астана қаласы Білім басқармасы
№70 «Құлыншақ» балабақшасы
«Ақбозат» сәбилер тобының
Тәрбиешісі: Князова Мақпал Қамбарбекқызы
Мақсаты: Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш президенті екені туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балаларды отанын сүюге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, сезімдерін ояту.
Қуан халқым қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күні бүгін, халқым бірге тойлайық!
Балалар ашық сабақты әнұранмен бастайды.

Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын арай таратты.
Неткен сұлу неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Ілияс: Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам
Қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда кім болам
Әліби: Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға ұмтылам.
Рамина: Отан жерім, Отан суым,
Отан қуат нәр береді
Айназ: Отан - ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді
Еліміздің астанасы қай қала?
Данияр: Астана арман қала
Бағы бір жанған қала
Еламан: Қазақ тілі, ата - анаң
Қуат алар Отан да одан
Албан: Күн өткен сайын құлпырып
Жайнадың гүлдей Астана

Жүргізуші: Қазақтың туын ұстаған
Болашақ жолын нұсқаған
Нұрата аян ғаламға
Беделі биік, күшті адам!
Балалардың назарын слайд суреттеріне аудару, сұрақтар қою арқылы, жауап алу.
- Балалар біз қай қалада тұрамыз? Астана
- Мына суретте не бейнеленген?........ карта
- Қай елдің картасы?..... ҚР картасы
- Біздің еліміз қалай аталады? Қазақстан Республикасы
Жарайсыңдар балалар енді кім отан туралы тақпақ айтады?
Диар: Көк байрағы елімнің,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі Әке баланың
Қазақстан жалауы
Раяна: Елорда менің Астанам
Елорда менің бас қалам
Ә. Інжу: Отан жерім, Отан - суым
Отан қуат нәр береді.
Ербатыр: Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер төккен
Билігім өз қолымда
Еркіндігім Елтаңбам
Диана: Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Рамазан: Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
З. Арина: Әнұраным айбатым
Тәуелсіздік қайратым
Достық бірлік татулық
Жастар салған айбатты үн
Тәрбиеші: балалар біздің президентіміз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Тәрбиеші: 1 – ші желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Өйткені бұл күн «Тұңғыш президент күні» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті. 1991 жылы
1 - ші желтоқсанда халық өз таңдауымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты президент етіп сайлады. Ал, 10 - желтоқсаннан бастап президент өз қызметін бастады.
Руслан: Шықты тарап ой данадан
Бері қарады жұлдық беті
Озі қалап сайлап алған
Елімнің бар президенті.

Тәрбиеші: 1991 жылы 16 - шы желтоқсанда Қазақстан республикасы Тәуелсіз Мемлекет болып жарияланды. Содан бері 24 жыл уақыт өтті. Осы тәуелсіздікке қол жеткізіп, еліміздің егемендік алуы, дамуы, жетістіктерге қол жеткізу еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен байланысты.
Амина: Тірлігіңе шырай берген кім десең
Ол Нұрсұлтан бақжұлдызың.
Балалар отан туралы мақал - мәтел білесіңдер ме?
Арнур: Отан үшін отқа түс күймейсің
Адель: Отан отбасынан басталады
Жарайсыңдар балалар сендердің Отан, тәуелсіздік, президент туралы тақпақтарыңды естідік, енді Нұрсұлтан атамызға арнап тудың суретін бейнелесек қалай қарайсыңдар.
Жарайсыңдар балалар осымен біздің ашық сабағымыз аяқталды.
3 462
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Менің Отаным"
"Менің Отаным"
Мақсаты: Балаларды Отан – сүйгіштікке баулу, еліміздің рәміздерімен таныстыру. Әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме. Көрнекілігі: ҚР президентінің портреті, еліміздің рәміздері, Астана қаласы туралы суреттер. Ұйымдастыру кезеңі:
Менің Отаным Қазақстан!
Менің Отаным Қазақстан!
Отан, Атамекен, Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту, әңгіме мазмұнын түсініп айтуға өз пікірлерін айтып, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Патриоттық сезімге тәрбиелеу, балалар - дың ой - өрісін кеңейту және
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымы мен өмір жолын үлгі етіп, балалардың ой – өрісін дамыту. Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
Тәуелсіздігіміз туралы әңгімелеп, жалпы түсінік беру. Отан, туған жер, Ата-мекенімізді құрметтеп, сүюге, патриоттық тәрбие беру. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу.
Жайнай берсін, Астана!
Жайнай берсін, Астана!
Астана туралы мәлімет беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×