Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жемістер мен көкөністер

23 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас.
Оқу іс әрекет түрі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер»
Мақсаты: Жемістер мен көкөністер түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету. Ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Көрнекілігі: ойын, слайд, суреттер, үлестірмелі материал.

Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу сәті:
Сәлеметсіздер ме! Апайлар.
Бақшамызға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе, міне мен,
Доспын енді сенімен.

Қазір жылдың қай мезгілі?
Суретке қарап күзде қандай өзгерістер болады екен?
Жапырақтар сарғайды, күн суыта бастайды.
Жиі жиі не жауады?
Күз туралы кім тақпақ айтып береді. \Аруна, Ақниет, Ақниет\
Жаңбыр.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуі бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы болмақ. Дайынсыңдар ма?

Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. \жеміс\

Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от.
Ішін ашып қарасаң,
Майда майда қызыл шоқ. \анар\

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр. \қызылша\

Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. \пияз\

Сонымен, балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз.
Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі. Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз.
Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, өрік, шие.
Көкөністерге: картоп, қызылша, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ т. б. жатады.
Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар.
Көкөністерді тұқым себу арқылы өсіреміз көктем айында. Күз айында жинап аламыз.
Алманы көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.
Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.
Банан қан мөлшерінің бір қалыпты болуы мен қан қысымының өзгермеуіне ықпал етеді. Сүйек, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.
Жемістерден тосап және компот қайнатады.
Көкөністерді тағам ретінде салаттар жасаймыз.
Ал көкөністердің пайдасы мысалы;
Қызанақ ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы. Екіншіден, қызанақта С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипалық қасиеті жақсы. Асқазан
жарасы бар адамдар жас томат шырынын ішуге тиіс. Томат шырыны ағзадағы тастарды да ерітеді. Қызанақ бауыр ауыратындар үшін де өте пайдалы. Бақшада өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын микробтарды көреміз.
Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумен берсе, екіншіден тағам ретінде, ал үшіншіден дастарханға сән ретінде қоя аламыз.
Көкөністер. Сәбіз дің құрамында дәрумендер көп. Көп жесеңдер бойларың өседі.
Балалар енді «Сиқырлы қапшық деген ойын ойнайық.
Шарты: Қолына алады, пішінін, дәмін, түсін, қолдануын айтады.
Көкөністер мен жемістер туралы тақпақтарын айту.
Жемістер бізге мол өнім беру үшін, біз олардың топырағын қопсытуымыз керек, арам шөбін жұлу және суғару керек. Жер ана мейірімді, өйткені көкөністерді өсіреді, күн де мейірімді шуығын төгеді. Көкөністер жылу сүйгіш, суыққа төзімді болып бөлінеді.
Шикідей жейтін көкөністерді атайықшы; қызанақ, қызылша, сәбіз. баклажан, картоп.
Тағы да ойынға кезек берейік. «Салат» Қимылды ойын.
Жарайсыңдар балалар салаттарымыз өз жұптарын тапты.

Бүгінгі оқу іс әрекетімізді қорыта келе жемістер мен көкөністерді бөлек алып қоюмыз керек.
Сонымен бүгін біз не туралы өттік?
Жемістер мен көкөністер туралы.
Олардың бізге пайдасы бар ма?
Дұрыс айтасыңдар.
Алманы жеміске ме, әлде көкөніске жатқызамыз ба?
Қауынды ше?
Құрамында не бар екен. \дәрумендер\
Жемістерді жумай жеуге бола ма? \жоқ, іш ауырады\
Жарайсыңдар балалар барлықтарың дұрыс жауап бердіңдер, ойынды да жақсы ойнадыңдар.
Балаларды мақтап мадақтау.
163 860
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Күз туралы білімдерін толықтыру, көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Азық - түлік. Дәрумендер
Азық - түлік. Дәрумендер
Пайдалы азық - түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтану маңызы туралы білімдерін бекіту, дамыту. Есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру, зейіндерін шоғырландыру.
Алтын күз
Алтын күз
Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №42 бастауыш мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Лайла Иманбайқызы
Көкөністер мен жемістер
Көкөністер мен жемістер
Қызылорда қаласынының №267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Арихова Ләйлә Жәкебайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×