Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Білім» мемлекетіне саяхат

20 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: «Білім» мемлекетіне саяхат
Тіл дамыту, ойна да ойлан, экология, суретті қамтыған пәнаралық сабағының мақсаты:
1. Сөздік қорын молайту, ой - өрісін дамыту.
2. Балалардың бойында адамгершілік, табиғатты сүюге, қамқор болуға, айналаның ластанбауына үлес қоса білуге тәрбиелеу.
3. Балаларды өз еркімен нақты жауап беруге жаттықтыру. Сөздік қорын байытып, логикалық ойлауды дамыту, тез ойлап, дұрыс шешім табуға үйрету.

Сабақтың барысы:
Балалар бүгін біз «Білім» мемлекетіне саяхатқа барамыз. Әр мемлекеттің өзінің көптеген қалалары бар, «Білім» мемлекетінде де өзінің қалалары бар екен. Міне, біз осы мемлекеттің әр қаласына тоқталамыз. Әр қаланың өзінің тапсырмалары бар. Ал балалар саяхатқа немен, қандай көліктің түрімен шығуға болады.
Балалардың жауабы: кемемен, таксимен, ұшақпен, велосипедпен, т. б
Тәрбиеші: Ал біз балалар ешқандай көлік түрін пайдаланбаймыз. Біз саяхатты осы топтан шықпай, үстелдің үстінде өткіземіз.
Сабақты көңілді өткізу үшін, қызықты есептер шығарып, ойындар ойнауға тағы басқа жаттығулар өткізуге болады. Ендеше балалар бүгінгі саябақта мен сендерге сәттілік тілеймін.
Мемлекеттің ең бірінші қаласы «Уақытты бағдарлау» қаласы деп аталады. Бұл жерде балалар уақытты бағдарлау керек екен.
1. Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті - қолды жуамыз.
Әкемізге ереміз
Бақшамызға келеміз
Бұл қай кезде балалар? (Ертеңгі)

2. Біз тәртіпті боламыз
Сабақты да оқимыз.
Серуенге шығамыз,
Бұл қай кезде балалар? (Түс)

3. «Апай сау бол» дейміз де,
Бет түзейміз енді үйге
Бұл қай мезгіл, бұл қай кез? (Кешкі кез)

4. Үйлеріңе шам жанады,
Маңай тастай қараңғы
Шаршадың ғой, күн ұзақ,
Ал ұйықтай ғой құлыным
Дем алады бар әлем,
Бұл қай кезде балалар? (Түн)

Тәрбиеші: Ал, балалар кім айтады, бүгін аптаның қай күні болды?
Балалардың жауабы: Сейсенбі
Тәрбиеші: Әділ кеше аптаның қай күні болды?
Баланың жауабы: Дүйсенбі.
Тәрбиеші: Аружан! Ертең аптаның қай күні?
Ертен аптаның сәрсенбі күні.
Тәрбиеші: Ал, енді балалар кім тез және қателеспей айтады. Біз бақшаға қанша күн келеміз?
Балалардың жауабы: Бес күн
Тәрбиеші: Сенбі, Жексенбі күндері біз не істейміз?
Балалардың жауабы: Демаламыз, ойнаймыз, қонаққа барамыз.
Тәрбиеші: Енді балалар үлкен қалаларға көшейік. Үлкен қалалардың бірі «Есеп» қаласы. Бұл жерде мынандай тапсырма. Есептерге амалдар қою, алу немес қосу таңбаларын. Мысалы: 7?
Келесі қаланың бірі «Дауысты әріптер мен Дауыссыз әріптер» қаласы. Мұнда мынандай тапсырма: Дауыссыз әріптермен дауысты әріптерді қосып, буындарды жазу және оқу керек.
Келесі қала «Мақал – мәтелдер» қаласы. Бұл қалада «Жалғасын тап ойынын» көп қолданады екен. Ендеше біз де осы ойынды ойнап көрейік.
1. Жақсыдан - үйрен,
Жаманнан жирен.

2. Қыз – қуыршақ,
Бала – құлыншақ.

3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

4. Ағаш көркң – жапырақ,
Адам көркі – шүберек.

5. Әке – бәйтерек,
Бала – жапырақ.

6. Қыз өссе – елдің көркі,
Гүл өссе – жердің көркі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 928
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2 саны және цифры.
2 саны және цифры.
2 саны туралы түсініктерін қалыптастыру. 0 - ден 2 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Ормандағы жабайы аңдардың қысқы тіршілігі, оларың қысқы табиғатқа бейімделуі, жабайы құстар, орман ағаштары тақырыбы бойынша балалардың білімдерін кеңейту.
Спорт еліне саяхат
Спорт еліне саяхат
Балалардың денесін шынықтыруға, денсаулығын нығайтуға, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету. Қызықты көңілді ойындарды пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Қазақстанның жеті кереметі!
Қазақстанның жеті кереметі!
Математикалық ұғымдар туралы түсініктерін дамыту, балалардың табиғат жайлы білімдерін арттыру, Қазақстан Республикасының қалалары туралы мәлімет беру. Туған жеріне еліне, деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қазақстан Республикасының қалалары
Қазақстан Республикасының қалалары
Тіл үйренушілерге Қазақстан Республикасының қалаларын аралата отырып, тапсырмаларды орындату, арнайы тіл материалдары арқылы тыңдаушылардың бойында өз ойын, пікірін, тілегін жеткізуге және әңгімелесушінің берген ақпаратын дұрыс түсінуге қажетті
Су асты әлемі
Су асты әлемі
Жармағанбетова Гүлмира Қаламбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×