Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гүл

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Гүл»
Мақсаты: Ірі және ұсақ элементтерді орналастырып, әжелеріне гүл жасауды үйрету, пішіндерден гүлді құрастырып, жапсыру тәсілін үйрету;
ұқыпты жұмыс жасауды үйрету;
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: үлгі, қылқалам, желім, сүлгі, қағаздан қиылған пішіндер.
Үнтаспа.
Билингвалды компонент: әже - бабушка, гүл - цветок, сыйлау - подарить.
Мотивациялық - қозғаушылық
(топтың бір жағын жайлау көрнісі безендірілген, балалар әуенмен топқа кіреді)
Шаттық шеңбері
Балалар бүгін біз жайлауға саяхаттап келдік. Жан - жағымызға қарайықшы.
- Не көріп тұрмыз?
- Өсіп тұрған гүлдерді.
- Дұрыс айтасыңдар, ал енді осы гүлдерді әр бір бала жұлып алып, өз тілегін айтып, менің қолымдағы құмыраға салады.
- Аспанымыз ашық болсын,
- Жұртымыз аман болсын,
- Еліміз тыныш болсын
- Деніміз сау болсын
- Ата - анамыз ауырмасын
- Балабақшамыз көркейе берсін
- Досымыз көп болсын,
- Ата - анамыз аман болсын
- Барлығымыз аман болайық.
Жарайсыңдар балалар, ал енді саяхатымызды жалғастырайық.
(Осы кезде ағаш үйдің қасында ұршық иіріп отырған Әжеге кездеседі.)
- Сәлеметсіз бе, Әже!
- Сәлеметсіздер ме, балаларым! Қайдан келе жатырсыңдар?
- Жайлауда саяхаттап жүрміз.
- Солай ма, жайлау ұнады ма? Не көрдіңдер?
- Иә жайлау ұнады, тамаша екен.
- Төрлетіңдер, үйге кіріңдер.
- Рахмет Әже, біз жол жүруіміз керек.
- Олай болса жолдарың болсын, аман болыңдар балаларым!
- Рахмет, сау болыңыз!
- Балалар жайлауда не көрдік?
- Раушан, қызғалдақ, бәйшешек т. б
Гүлді жапсыратындарын хабарлайды.
Ұйымдастыру - іздестіру
Жапсыру жолымен жасалған гүлдің үлгі суретін көрсетіп, сипатталады. Балалардың оң қолдарын көтертіп гүлді ауада салуды ұсынады және гүлдің күлтешелері мен жапырағының қандай пішінге ұқсайтынын сұрайды.
Гүлді жапсыру жолдары:
кеңістікті бағдарлап, қағаз бетін пайдалануды түсіндіру;
гүлдің сабақтарын жолақшалардан, жапырақтарын ұсақ сопақша пішіннен жапсырту;
гүлді дөңгелек, күлтелерін сопақша пішіннен жасату;
үстінен сүлгімен басу;

Сергіту сәті
Бас бармағым атам – үйдің панасы,
Баланүйрек әжем – үйдің данасы
Ортан терек әкем – үйдің қамқоршысы,
Шылдыр шүмек шешем – үйдің ажары,
Кішкентай бөбек – мен бәрінің базары.

«Түсіңді тап» дидактикалық ойыны
Тақтаға бес түрлі түс ілінеді сары, қызыл, көк, жасыл, ақ. Және отбасы мүшелеріңің адамдарыңың киімінің түстеріне қарай орналастыруы керек.
- Мынау кім?
- Әже
- Әженің көйлегінің түсі қандай?
Әженің суретін қызыл түстің қасына іледі.
Көрме ұйымдастырады. Балалардың жұмыстарын мадақтайды.
Рефлексивті – түзетушілік

Корыту
Сұрақтар қоя отырып, сабақты қорытылайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: өсімдік түрлері туралы.
Нені игереді: ірі және ұсақ бөлшектерді жапсырып, гүл жасауды.
Нені біледі: желімді дұрыс жағуды

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
"Болашақ балабақшасы" МКҚК тәрбиешісі
Джубанова Жазира

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 525
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдемі гүлдер салу
Әдемі гүлдер салу
Балалардың сөздік қорын молайтып, ой - өрісін, тілін, қиялын дамыту. Әдемілікті сезіне білуге, көркемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету. Табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.
Жапсыру сабағы Тақырыбы Сыйлықтық гул
Жапсыру сабағы Тақырыбы Сыйлықтық гул
Көлемді жапсыру жұмысын орындап үйрену. Гүлді жапсырудың әдіс - тәсілдерін қолдануда білімдерін толықтыру. Балалар шаттық шеңберінде тұрып, бір - бірлеріне гүлді беріп жақсы тілектерін айтады
Ана тілім – бал тілім!
Ана тілім – бал тілім!
Туған елі, Отаны, Қазақстан Республикасының Рәміздері, ана тілі туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Туған тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Тақырыбы: Шар мен текшені салыстыру (сөздік жұмыс)
Әдемі гүлдер
Әдемі гүлдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №7 "Балдырған" балабақшасының тәрбиешісі Серікбаева Клара Тоғамысқызы "Үздік тәрбиеші" номинациясы бойынша
Әдемі гүлдер
Әдемі гүлдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті № 7 «Балдырған» балалар бақшасы тәрбиешісі: Серікбаева Клара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×