Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нептун күні

30 наурыз 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Нептун күні»
МАҚСАТЫ: Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
КӨРНЕКІЛІГІ: Нептун киім үлгісі, су құятын ыдыстар, сүзгі, су тапаншасы, сабынды көпіршіктер, шелектер, жасанды бассейн.
ЖҮРГІЗУШІ: Күн күлімдеп жел ойнайды,
Толқындар көңілді шулайды
Нептунға қонақтар асыға келеді
Балалармен қыздардың топтары.
ЖҮРГІЗУШІ: Балалар бүгін қандай күн?
БАЛАЛАР: Нептун күні.
ЖҮРГІЗУШІ: Сендер Нептунның кім екенін білесіңдер ме?
БАЛАЛАР: Ол көл патшасы.
ЖҮРГІЗУШІ: Олай болса Нептунды шақырайық.
БӘРІ: Нептун теңіз патшасы
Келе ғой, келе ғой, келе ғой.
НЕПТУН: Сәлеметсіздер ме балалар, құлағыма жетті, бұл мереке менің құрметіме арналған екен. Мен Нептун – көл патшасы, мерекелерің келіп тұрмын.
ЖҮРГІЗУШІ: Көл патшасы, сіздің құрметіңізге балалар тақпақтар айтып береді.
А. АРУЖАН: Су тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі –
Су деп және білгейсің.
САЯЖАН: Жер шары дәу әлем
Қоршалған ауамен
Ауасыз тұншығар
Өмір сүріп тамаша
Қуанайық балаша
РАХМАН: Үйде ванна, душ болса,
Салқын сумен құйынған
Ыстық сумен шомылсаң,
Салқын сумен шайынғын.

НЕПТУН: Жарайсыңдар, балалар. Мен сумен ойындар ойнағанды жақсы көремін. Олай болса ойындарыңызды тамашалап, сендермен бірге ойнайын.
ЖҮРГІЗУШІ: Бүгінгі ойынымызға «Жұлдызша» тобы және «Ақтиін» тобы балалары қатысады.
1 - ОЙЫН: «Су тасушылар». Балалар бос шелегімен мәреге барады. Шелегін суға толтырып, келесі балаға шелегін береді. Келесі бала суды мәредегі ыдысқа төгеді.
2 - ОЙЫН «: Кім жылдам» Қолында сүзгі ыдыстарға суда тіршілік ететін жануар, құстарды өз жәшігін тасиды.
3 - ОЙЫН: «Суқұйғыштар». Қолында кесе толы су мәредегі банканы суға толтырады.
4 – ОЙЫН: «Мергендер». Екі топ су тапаншасынан бір - біріне су шашады.
5 - ОЙЫН: «Суда жүзушілер». Жасанды бассейнде әр топтан 2 баладан суда жүзеді.
ЖҮРГІЗУШІ: Нептун сізге балаларымыздың ойындары ұнады ма?
НЕПТУН: Әріне ұнады. Өте тамаша, қызықты сумен ойындар ойнадыңдар. Менің де сендерге сыйлығым бар. Міне сендерге сабынды көпіршіктер. Сендер сабынды көпіршіктерді үрлеп көңілді көпіршіктерді тамашалаңдар.
БАЛАЛАР: Рахмет, Нептун – көл патшасы.
Балаларды мақтау, рахмет айту.

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы,
Хромтау қаласының №3 "Айгөлек" балабақшасының тәрбиешісі
Калекешова Замира
49 152
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Нептун күніне арналған ойын сауық. Теңіз патшайымы
Нептун күніне арналған ойын сауық. Теңіз патшайымы
Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Нептун күні
Нептун күні
Су - тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы қасиеті туралы білімдерін кеңейту. Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету
Физикадан есептер шығару
Физикадан есептер шығару
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, «Благодарное орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Баелова Салтанат Адыкановна
Жұлдызды кеш
Жұлдызды кеш
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, «Благодарное орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі Баелова Салтанат Адыкановна
Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру
Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный кенті, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хожамбергенова Амина
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
№5 «Ақбота»МДҰ МКҚК Әдіскер Есжанова С. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×