Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нептун күні

22 қазан 2016, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Нептун күні»
Мақсаты: Балаларға су - тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы қасиеті туралы білімдерін кеңейту. Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету. Балаларға Нептун мерекесі туралы түсінік беру, мерекелік көңіл - күй сыйлау. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Өзара достық, қарым - қатынасқа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Достыққа адал болуға, мейірімділікке, қайырымдылыққа қамқор болуға баулу. Өзінің жеке ойын айтуға, ой қортындысын жасауға үйрету.
Көрнекіліктер: Нептун киім үлгісі, су құятын ыдыстар, сүзгі, су тапаншасы, шелектер, арқан, чунга - чанга би киімдері. Капитан бас киімі.
Жүру барысы:
Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Бүгін ерекше күн! Бізге хат келіпті!
Кәне, бұл хатта не жазылған екен? Оқып көрейікші. Хатты ашамыз ба?

Жұмбақ: Ол теңіз патшайымы,
Толқындарды шайқайды.
Кемелерді батырып,
Су астынан алтын, қазына жинайды. Бұл кім?
Балалар: Нептун.
Әуенмен Нептун шығады.
Нептун: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер маған қонаққа келдіңдер ма? Мен Алтын балығымды көре алмай тұрмын.
- Ой, Алтын балықсыз мереке бола ма?!
- Балалар, сендер Алтын балықты көрдіңдер ме?
Теңіз қарақшысы шығады.
Теңіз қарақшысы: Сен Алтын балықты менен сұра, мен айтайын қайда екенін.
Нептун: А, менің ескі досым! Мен сені әлі суға батырмаппын ғой. Айт қане, Алтын балық қайда?
Қарақшы: Сен бізді мерекеге шақырған жоқсын ғой, шақырған жоқсың! Ал мен сені қуантқым келіп тұр! мен достарыммен Алтын балықты бір аралға жасырып қойдық. Егер тапсаң сенікі, таппасаң Алтын балық бізге қызмет етеді. Мен бәрін айттым, Қош бол! (Кетіп қалады)
Нептун: Масқара, енді не істеуге болады? Қайда менің су перілерім, мені әсем билеріңмен тыныштандырыңдаршы!
Би: Су перілері.
Нептун: А, аа білем, білем! Маған балалар көмектеседі.
Жүргізуші: Балалар, көмектесеміз бе?
Балалар: Әрине, көмектесеміз.
Жүргізуші: Ол үшін біз кеме капитанын сайлап алайық.
Ойын: «Кеме капитаны»
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа, достыққа, бір - біріне көмек беруге, берілген белгі бойынша қимыл - әрекет жасауға үйрету.
Аралға келеді.
Нептун: Балалар, мұнда да Алтын балық көрінбейді. Кеттік капитан, дайынсың ба?
Капитан: Құп болады, дайынмын!
Нептун: Алға кеттік!
Капитан: Құп болады! (Қатты дыбыс шығады)
Нептун: Не болып қалды?
Капитан: Кемеміз тасқа соғылған сияқты, ауа көпіршіктері кетіп жатыр.
Нептун: Енді не істесек екен? Балалар сендердің көмектерің қажет, қане, насоспен үрейік!
Ойын: «Насостар»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру. Негізгі қимыл әрекеттерді келтіре білуге, әуенге сай қимыл қозғалыс жасатуға жаттықтыру. Ойын шартын бұзбауға тәрбиелеу.
Нептун: Жарайсыңдар балалар, рахмет! Сендердің арқаларыңда кеме іске қосылды.
Капитан: Теңіз патшайымы, міне, қазына аралына да жеттік!
Қарақшы шыға келеді.
Қарақшы: Ха, ха, сендер Алтын балықты оңайлықпен ала алмайсыңдар! Маған ептіліктеріңді, өз өнерлеріңді көрсетіңдер!
Би: «Бақалар биі»
Ойын: «Кім мықты?».
Мақсаты: Балаларды ептілікке, төзімділікке, батылдыққа баулу. Көңіл күйлерін көтеріп, сергіту.

Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын: «Мергендер»
Мақсаты: Балаларды су тапаншасын дұрыс қолдана білуге, ойын арқылы мергендікке, көз мөлшерін жетілдіру. Ойынды жүйелі ойнауға талпындыру.
Қарақшы: Жарайды, сендер жеңдіңдер, жеңіс сендердікі. Сендер өнерлі, мықты балалар екенсіңдер, сендерге риза болып тұрмын. Алтын балықтарыңды сендерге қайтарып берейін. Мен кеттім сау болыңыздар! Әрқашанда осылай батыл болып жеңіске жете беріңіздер! (Кетеді)
Алтын балық: Рахмет сендерге балалар, су патшайымы Нептун мені қарақшылардан құтқардыңдар! Мен сендерге теңіз патшалығынан әкелген сыйлығымды табыс етейін! Мен сендерге құр қол келген жоқпын өзімнің бір өнерімді ала келдім!
Би: «Алтын балықтар»
Нептун: Ал балалар мен сендермен қоштасып, өзімнің теңіз патшалығыма қайтайын, келесі мерекеге жеткенше аман сау болыңыздар! Маған теңіз патшалығына қонаққа келіп тұрыңыздар!
Алтын балық: Балалар, маған қоятын қандай тілектерің бар, орындайын?
Жүргізуші: Балалар, кәне, қандай тілегіміз бар айтайық!
Балалар: Бақытты балалық шағымыз жалғаса берсін! Аман есен «Көремай» балабақшамызға оралайық!

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Хореограф Карманова Роза Быршымбаевна
13 000
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Нептун күніне арналған ойын сауық. Теңіз патшайымы
Нептун күніне арналған ойын сауық. Теңіз патшайымы
Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Чунга - чанга биін үйрену
Чунга - чанга биін үйрену
Би өнері туралы білімдерін тиянақтау, қазақ бишілері туралы білімдерін кеңейту, әуен ырғағымен би қимылдарын дұрыс орындау, өнер адамдарын құрметтеу, әсемдікке, сезімге, еңбекке тәрбиелеу, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға баулу.
Сан есім
Сан есім
Сан есім туралы түсінік беру, сан есім заттың санын, ретін білдіретін сөздер екенін түсіндіру, бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру.
Нептун күні
Нептун күні
МАҚСАТЫ: Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Физикадан есептер шығару
Физикадан есептер шығару
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, «Благодарное орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Баелова Салтанат Адыкановна
Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру
Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный кенті, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хожамбергенова Амина
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×