Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөлме гүлдерінің күтімі

23 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру аймағы: «Таным».
Бөлімдер: «Экология»,
Тақырыбы: «Бөлме гүлдерінің күтімі».

Бағдарлама мазмұны: Балаларды гүлдерді күтіп баптауға үйрету, Гүлдің түр - түсін ажырата білуге баулу, тақпақ, мақал - мәтел, тиым сөздер арқылы тіл байлығын дамыту, логикалық ойлау, көру, сезу қабілетін жетілдіру, экологиялық тәрбие беру.

Көрнекілік: Гүлдер, су құйғыш, суреттер.
Билингвалды сыңар: Цветы - гүлдер.

Шаттық шеңбері:
Армысың алтын күн!
Армысың жарқын күн!
Армысың көк аспан!
Армысың Жер - Ана!
Армысың достарым!
Міне, менің қолым,
Жылуымен жылу қос.
Балалар бір - бірімен дос болады
Балалардың қолдарына бір гүлден беріп, бір - біріне тілек айту арқылы бір шоқ гүлді жинау.
Балалар бір - біріне тілек айту арқылы көңілденеді.
- Балалар бір - біріміздің көңілімізді көтердік, ал енді айта қойыңдаршы, қазір қай жыл мезгілі?
- Қыс айларын атаңдаршы?
- Қыс айларының ерекшеліктері қандай?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
- Балалар, біз бүгінгі сабағымыз бөлме гүлдердің баптап, күтетініміз жайлы болмақ.
1. Балалар, сендер гүлдерді жақсы көресіңдер ма?
2. Мереке кезінде аналарыңа гүл сыйлайсыңдар ма?
3. Осы әдемі гүлдер біздерге қуаныш және жақсы көңіл - күй сыйлайды, ал бөлме гүлдері біздің бақшаны, топты безендіреді. Олар ауаны шаң - тозаңнан, микробтардан тазартады.
Балалардың жауаптары.

Осы бөлме гүлдері біздің топтың табиғат бұрышында көп.
- Кәне кім атап береді?
- Дұрыс балалар.
- Гүлдер қайда өсіп тұр?
- Міне, осы гүлдердің ішінен бүгін «қазтамақ» гүлін алайық.
- Оның тамыры, сабағы,
жапырағы, күлтесі бар.
- Осы гүлдің әдемі боп, өсіп гүлдеуі үшін, топырағын қопсытып, жапырағын сүртіп, суарамыз, су сепкішпен себезгілеп бүріккішпен су шашып, тыңайтқыш себеміз.
- Міне, балалар, біздің күтіп баптаған гүлдеріміз гүлдеп, хош иіс береді, қандай әдемі болады.

Колеус, шегіргүл, кактус,
зигокактус, қазтамақ, бұғы мүйіз,

- Қауашақта.
- Балалар осыған байланысты кім тақпақ біледі?
1. Гүлдер ектік бақшада,
Баптап күтіп түлеттік.
Қалмасын деп қуарып,
Апта сайын суардық.
2. Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты - еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек ғана жеңбек.
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрамыз,
Айналаны шоламыз.
Жауқазындай жайқалып,
Бәйшешектей иіліп.
Сәл тынығып алайық,
Сабақтары салалы.
Желге ырғалып шайқалған,
Жапырақтары жайқалған.
Біз гүлдерше өсеміз.
Балалар сергіту сәтін
жасайды.
Тиым сөздер:
Гүлді үзбе. Көк шөпті жұлма.
Ағашты сындырма.
Тиым сөздер:
Гүлді үзбе. Көк шөпті жұлма.
Ағашты сындырма.

Дидактикалық ойын:
«Санмен белгіле» ойыны.
- Балалар сызба бойынша гүлдің өсу жолын санмен белгілеу.
1. Тамыр. 2. Сабақ.
3. Жапырақ. 4. Күлтесі.

- Дұрыс балалар, осы гүлдерге байланысты мақал - мәтел кім біледі?
Мал төлімен жарасты,
Жер гүлімен жарасты.
Қыз өссе - ел көркі,
Гүл өссе - жер көркі.
Еңбек – түбі береке.
- Гүлдер бөлмемізге көрік береді.
Біз олардан демаламыз.
Сондықтан біз оларды аялап, қорғап сындырмай, гүлдің жапырағын жұлмай өсіруіміз керек.
Таза ауамен демалып, әдемі гүлдерге қарап рахаттанамыз.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Бөлме гүлдерінің аттарын біледі.
Нені игереді: Гүлдерді баптап күту жолдарын игереді.
Нені біледі: Гүлдердің түр - түсін ажырата біледі.
5 301
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктері
Сурет салу арқылы баланың бейнелі ойлауын, кеңістікті бағдарлауын дамыту. Ыдыстағы бөлме өсімдігінің суретін салуға үйрету.
Өсімдіктер қалай өседі?
Өсімдіктер қалай өседі?
Өсімдіктердің күнделікті ортадағы қажеттіліктегі мен өсіп дамуының байланысын балаларға түсіндіріп бекіту. Тәжірибелік жұмыстар арқылы балалардың табиғатқа деген көзқарасын кеңейту.
Табиғат бұрышы: қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы
Табиғат бұрышы: қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы
Мақсаты: Табиғат бұрышындағы гүлдермен таныстыру. Гүлдердің аттарын толық айтуға дағдыландыру. Гүлдерді күтіп баптауға үйрете отырып табиғатқа деген сүйіспеншілігін артыру.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктері
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×