Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта

03 шілде 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ақтөбе қаласы,
№28 «Көркем» МДҰ тәрбиешісі:
Шакибаева Гүлнар Сагидуллақызы

Тақырыбы: Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
Ұ. о. і. ә. қатынас
Мақсаты: Балаларды ертегіні әңгімелете отырып, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту. Аңдардың ертегі бойынша мінез - құлқын бейнелеп, анық мәнерлі сөйлеуге үйрету. Ертегі тыңдау, сахналық қойылым, рольдерде ойнауға деген қызығушылығын арттыру. Диалогты сөйлеуге жаттықтыру. Айтылған ертегінің мазмұнын дауыс ырғағын келтіре отырып айтуға жаттықтыру. Айналадағы қоршаған ортаны сезіне отырып, құстарды қорғау, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Ұ. о. і. ә. Барысы: Сәлем берер әр қазақтың баласы демекші қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Бәріне ізетпен біздер сәлем береміз,
Сәлеметсіздер ме пайлар!

Шаттық шеңбері.
Балалар бүгін орманға саяхатқа шығамыз. Бұл орман ертегі орманы.
- Орманда нелер өседі?
- Ағаштар
- Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?

1 бала - Үйеңкі, қайың, қарылғаш,
Шырша, қайың, қарағай,
Өседі бәрі аралас
Қамқоршы бол орманға,
Орманды бәрің қорғаңдар.

Тәрбиеші: Орманда жүру ережесін білеміз бе?
Бала: айқайлауға болмады, тамақ қалдықтарын тастауға болмайды, от жағуға болмайды, аңдар, құстар - ды қорқытуға болмайды.
Тәрбиеші: Олай болса осы тәртіпті есімізге ұстайық. Алдымен ортамыздан жол көрсетіп жүретін көш - басшысы орманға келе жатады.
Бала: Ағаштың басында қатып тұрған құстарды көріп тұрмын.
Тәрбиеші: Балалар бұл құстарды мыстан сыйқырлап қойған. Егер тапсырмаларды орындасақ құстарға көмектесеміз.
1 құс. Торғай құстар туралы тыйым сөз, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал - мәтел білесіңдер ме?
Бұл қандай құс? (Торғай)
1 бала - Мен торғаймын, торғаймын,
Суықта да тоңбаймын
Құрт, құмырсқа шіркейден,
Бау - бақшаны қорғаймын.
1 бала - Суық торғай, суық торғай,
Үрке берді жуық қонбай.
Сақылдаған сары аязда,
Жүріп әбден шыныққандай.
3 бала - Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың,
Жем шашайын жейсің бе?
Сонда торғай тоңбайсың.
4 бала - Қара қарғаларға,
Ала қарғаларға.
Ала қарғаларға,
Қара қарғалар үйір.
5 бала - Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боранды күні жел соқса,
Бұтағы келіп.
6 бала - Тыйым сөздер айтады.
2 құс. Көгершін.
Тәрбиеші: Бұл қандай құс екен 1 балаға жұмбақ айтқызу.
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп,
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)
Сергіту сәті. «Қарлығаш боп ұшайық»
3 құс. Қарға. Д/о. Қиылған пішінді құрастыр.
Қандай аңдар құрастырдыңдар? (Аю, қоян, қасқыр, түлкі).
Ең қу аң қайсысы? (Түлкі).
Түлкі туралы қай ертегі білесіңдер? (Бауырсақ ертегісі).
Ертегіні кім айтып береді? Түлкі бауырсақты қалай алдады?
Түлкінің ісі дұрыс па? Өтірік айтуға, алдауға бола ма?
4 құс. Сауысқан. Шармен бауырсақ ертегісін сахналау.
Тәрбиеші: Міне, барлық тапсырмаларды орындау арқылы құстарды кімнен құтқардық. (Мыстаннан)
Қандай тапсырмалар орындадық.
Бала: Ертегі қойдық, тақпақ айттық, жұмбақ шештік, пішіндер құрастырдық, жасырынған аңдарды таптық.
Тәрбиеші: Балалар саяхатымыз аяқталып топқа баратын уақытымыз жақындаған сияқты.
Орманшы атай: Амансыңдар ма балаларым! Мен орманды қорғаушы Орманшы атай боламын. Мен сіздерді алыстан бақылап отырмын. Жақсы ертегі біледі екенсіңдер. Ормандағы құстарға көмек беріп құтқардыңдар. Рахмет сіздерге. Менің күзде жинаған жаңғағымнан дәм татыңдар. Балалар Орманшы атайға рахмет айтып, қонақтармен қоштасады.
7 631
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/
Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/
Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау қабілеттерін дамыту, ертегіні сурет бойынша айтуға жаттықтыру.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ормандағы түлкінің туған күні театрландырылған қойылым
Ормандағы түлкінің туған күні театрландырылған қойылым
Балаларға ертегінің мазмұнын қойылым арқылы түсіндіру. Жабайы аңдар туралы білгендерін естеріне түсіру. Баланы ертегі кейіпкерлерін өздері айтуға, қимыл - қозғалыс, дауыс ырғағын келтіре білуге үйрету.
Көктем сәні (ертегі)
Көктем сәні (ертегі)
Балаларға ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Ақ тиін мен қасқыр
Ақ тиін мен қасқыр
Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін ойлау қабілеттерін дамыту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, Балаларды ертегіні сахналауға үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің жүріс - тұрысын, дауыс ырғағын келтіруге өлең -
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта!
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта!
Павлодар қаласы, "№126 сәбилер - бақшасы" МҚКК тәрбиешісі Тукенова Айман
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×