Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ормандағы түлкінің туған күні театрландырылған қойылым

01 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Ормандағы түлкінің туған күні» театрландырылған қойылым
Тобы: «Болашақ» ересектер
Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын қойылым арқылы түсіндіру.
Жабайы аңдар туралы білгендерін естеріне түсіру. Баланы ертегі кейіпкерлерін өздері айтуға, қимыл - қозғалыс, дауыс ырғағын келтіре білуге үйрету.
Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, ойын арқылы қызығушылығын арттыру. Түлкінің мінез - құлқын, іс - әрекетін атап өту.
Дамытушылық: Балалардың тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды жанашырлыққа адамгершілікке
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлердің костюмдері, орман
бейнесі кейіпкерлердің музыка жанарындағы
дауысы.

Мотивациялық қозғаушылық:
- Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер? Сендерге ертегі кейіпкерлері ұнайды ма?
- Орманда қандай аңдар өмір сүреді?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде не жауады? Қыс мезгілінде қандай мерекені тойладық. Жаңа жылда біздің балабақшамызға кімдер келді? Аяз ата мен ақшақар сендерге ұнады ма? Аяз атаға еріп келген түлкіні көрдіңдер ме? Түлкі қандай аң? Ол қу, айлакер және құйрығы әдемі сұлу аң. Сол түлкінің туған күні қыс мезгілінде екен.
Тосын сый: Сауысқан ұшып келеді.
- Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгін балабақшада балалар көңілді ғой. Сендердің балабақшаларыңда түлкінің туған күнін тойлап жатыр деп естідім, менде түлкінің туған күніне қатысып, көңілімді көтергім келіп тұр.
Олай болса біз бүгін біз қойылым арқылы «ормандағы түлкінің туған күні» атты ертегіні тамашалап көрейікші. Оны бізге достарымыз қойып береді.
Ұйымдастыру кезеңі:
Орман. Әр шыршаның түбінде бір - бір аңнан отырады. Залға көңілді әуенмен билеп түлкі кіреді, аңдармен амандасады да әндетіп кетіп қалады. Аңдар таңданып бір - бірінен сұрайды.
Аю: Түлкі бүгін көңілді ғой.
Қасқыр: Оның себебі бар шығар.
Қоян: Сендер білмейсіңдер ме? Бүгін түлкінің туған күні.
Аю: Ендеше неғып тұрмыз, түлкіні барып құттықтайық.
Қоян: Бос барғанымыз жарамас, дүкенге барып сыйлық алайық.(Бәрі дүкенге келеді)
Хормен: Сәлеметсіз бе, тиін!
Тиін: Сәлеметсіздер ме? Бәрің жиналып қайда барасыңдар?
Қоян: Түлкінің туған күніне.
Қасқыр: Айтыңызшы, түлкіге не сыйласақ болады.
Тиін: Биыл мешін жылы ғой, түлкіге қойдың ойыншығын сыйлаңдар.
Аю: Бұлда дұрыс екен, бұл ойыншығыңыз қанша тұрады?
Тиін: Жүз теңге тұрады
Қасқыр: Тиін сізде бізбен бірге жүріңіз.
Тиін: Жарайды, менде түлкіні құттықтап келейін.(Бәрі дүкеннен шығады.)
Қоян: Енді шаштаразға барып, шашымызды сәндейік.
Хормен: Сәлеметсіз бе кірпі!
Кірпі: Сәлеметсіздер ме! Бәрің жиналып қайда барасыңдар?
Қоян: Түлкінің туған күніне бара жатырмыз.
Аю: Шашымызды сәндеп бересіз бе?
Кірпі: Жақсы бір - бірлеп отыра қойыңдар.(шаштарын сәндейді)
Аю: Рақмет кірпі, сіз де бізбен жүріңіз?
Кірпі: Жақсы, барсам барайын. Бәрі бірге жолға шығады. Жолда абайсызда
қоян аяғын ауыртып алады.
Қоян: Аяғым - аяғым.
Аңдар: НЕ болды, қоян?
Қоян: Аяғымды ауыртып алдым, баса алар емеспін.
Аю: Онда сені Айболитке апарайық. Аңдар қолынан ұстап Айболитке әкеледі
Аңдар: Сәлеметсіз бе, Айболит ата!
Айболит: Сәлеметсіздер ме! Қоян саған не болды.
Қасқыр: Айболит ата, бүгін түлкінің туған күні еді, бәріміз соған бара жатыр едік, жолда қоян аяғын ауыртып алды, қарап бересіз бе?
Айболит: Қане, қоян аяғыңды көрейін.(аяғын ұстап көреді) Ештеңе етпейді. аяғыңды байлап беремін.
Қоян: Рахмет, Айболит ата, сізде бізбен бірге жүріңіз.
Айболит: Жарайды, барсам барайын.(бәрі түлкінің үйіне келеді) Алдарынан түлкі шығады:
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, достарым!
Аңдар: Сәлеметсің бе, түлкі! Түлкі туған күнің құтты болсын!

№2«Бөбек» санаториялық балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбиеші: Есекеева Камшат Жаңбырбекқызы

Ормандағы түлкінің туған күні театрландырылған қойылым. жүктеу
9 267
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/
Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/
Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау қабілеттерін дамыту, ертегіні сурет бойынша айтуға жаттықтыру.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Шұбар тауық (театрландырылған ойын)
Шұбар тауық (театрландырылған ойын)
Театрландырылған қойылым арқылы балалар тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету, кейіпкерлердің іс - əрекеті мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу, ертегі барысын, мазмұнын ұғынуға,
Үйшік (театрландырылған ойын)
Үйшік (театрландырылған ойын)
Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту, сахналау барысында жағымды - жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез - құлқын келтіру, түрлі дауыс күшін қолдана білуді жетілдіру, үйлесімді
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
Ақтөбе қаласы, №28 «Көркем» МДҰ тәрбиешісі: Шакибаева Гүлнар Сагидуллақызы
Түлкінің туған күні (сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру)
Түлкінің туған күні (сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру)
Қызылорда облысы, Арал қаласы, «Жазира» балабақшасының І санатты тәрбиешісі Бәшенова Зәуреш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×