Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақал сөздің мәйегі

04 қараша 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Амангалиева Гулнар Дуйсенбаевна

Тақырыбы: «Мақал сөздің мәйегі»
Сабақтың мақсаты: Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны туралы жас ұрпақтың ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуін, сүйе білуін арттыру. Балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Қажетті құрал: Интерактивті тақтамен жұмыс.
Қолданылатын әдіс: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.

Ұйымдастыру кезеңі:
- Бүгінгі оқу іс - әрекетіміз тіл дамыту, сабағымыздың тақырыбы «Мақал сөздің мәйегі». Алдымен сабағымызды шаттық шеңбермен ашайық.
- Балалар дөңгеленіп, бір - біріңнің қолдарыңнан ұстап көрейікші. Не сезініп тұрсыңдар?
- Жылулық.
– Осы алақан жылулары арқылы жақсы тілектер айтайықшы.
– Аспанымыз ашық болсын!
- Деніміз сау болсын!
- Көк туымыз биік болсын!
- Нанымыз көп болсын!
- Ата - анамыз аман болсын!
- Көп жасаңдар, айтқан тілектерің қабыл болсын.
– Балалар біз қай республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасы.
– Біздің президентіміз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде сөйлейміз.
– Қазақстан
Республикасының рәміздерін, перне тақтадан тауып, кім айтып береді?
- Ту, елтаңба, әнұран.
– Ал, енді бәріміз бірігіп, әнұран орындайық.(әнұран орындалады)
Ғажайып сәт. (қонаққа қазақ елінен, «Ана тілі» келеді)
Ана - тілі: - Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен Ана тілі боламын. Мен балалардың өз ана - тілін қаншалықты біледі екен, тексерейін деп келдім. Сендерге қазақ елінен үш тапсырма беріп жіберді. Өнерлерің тамашалайын деп келдім. Қандай әдемі балалар!
- Тәрбиеші: Ой, Ана - тілі, жақсы келдіңіз. Онда сіздің тапсырмаңызды орындаймыз.
– Ана - тілінің тапсырмасын орындаймыз ба?
- Иә
Тәрбиеші: - Сабағымызды сайыс сабақ қылып өткізейік. Оң жақтағы балалар «Тағлым», сол жақтағы балалар «Асыл мұра» деп тағайындайық. Ойының шарты айтып өтейін.
1. Тобын таныстыру.
2. «Мен тілім бар да, білмеймін қайғыны» деп тақпақ айтып жарысу.
3. «Атаның сөзі – ақылдың көзі» деп мақал – мәтел айтып жарысу.
– Ал, екі топтың басшылары топтарыңды таныстырыңдар. – Ана тілі, сіз балалардың ұпайларын беріп отырыңыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 633
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
Ұрпаққа бата
Ұрпаққа бата
Ақ жол тілеп Алладан, бата беру менен болсын. Жаратушы Раббым, қабыл етіп демей көрсін; Ұрпақтың өмір жолына пір, періште жебеу болсын; Талабы таудай биік болсын, ойы түпсіз терең болсын,
Ана тілім – бал тілім!
Ана тілім – бал тілім!
Туған елі, Отаны, Қазақстан Республикасының Рәміздері, ана тілі туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Туған тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Мақал - сөздің мәйегі
Мақал - сөздің мәйегі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, № 11 Балабақша тәрбиешісі Дайрабаева Гулшат Әмірханқызы
Мақал – сөздің мәйегі
Мақал – сөздің мәйегі
Мамлют санаторлық орта мектеп - интернаты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самбаева Бибісара Шәмінқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×