Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары

10 қараша 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Сисенбекова Алия Озганбаевна

Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Үй жануарлары жайында білімдерін бекіту. Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра білу.
Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын молайту, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Үй жануарларын күтуге, қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үй жануарларының суреттері.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, қорытынды.
Шаттық шеңбері: Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамызда қаламыз.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Тәрбиеші: Көктем мезгілі неше айдан тұрады?.
Балалар: 3 айдан тұрады.
Тәрбиеші: Көктем мезгілінің айлары қандай?
Балалар: наурыз, сәуір, мамыр.
Тәрбиеші: Сендердің бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін. Балалар бүгінгі оқу іс - әрекеті тіл дамыту сабағы.
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Тәрбиеші: Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
Балалар: Үй жануарларына түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, жылқы жатады.
Тәрбиеші: Үй жануарлары қайда жүреді? Орманда ма, үйде ме?
Балалар: - Біз үй жануарларын үйде бағамыз.
Тәрбиеші: - Үй жануарларын суреттер арқылы көрсетеді. Мынау қандай үй жануары?
Балалар: - Сиыр
Тәрбиеші: - Төлі қалай аталады?
Балалар: - Бұзау.
Тәрбиеші: - Мынау қандай жануар? Оның төлі қалай аталады?
Балалар: - Түйе, төлі бота.
Тәрбиеші: - Мынау қандай жануар? Оның төлі қалай аталады?
Балалар: - Жылқы, төлі құлын.
Тәрбиеші: - Мынау қандай жануар? Төлі қалай аталады?
Балалар: - Қой, төлі қозы.
Тәрбиеші: - Мынау қандай жануар? Оның төлі қалай аталады?
Балалар: - Ешкі, төлі лақ.
Тәрбиеші: - Мынау қандай жануар? Оның баласы қалай аталады?
Балалар: - Мысық, баласы марғау.
Тәрбиеші: - Мынау қандай жануар? Оның баласы қалай аталады?
Балалар: - Ит, баласы күшік.
Тәрбиші: - Оларды неге үй жануарлары дейміз?
Себебі, адамдар қорада жем беріп, шөп беріп, су беріп күтіп бағады. Егер қарамай далаға жіберіп қойса, қасқырлар жеп қояды.
- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Балалар: - Сүтін ішеміз, етін жейміз. Жүнінен киім тігеді.
3. Жұмбақтар шешу.
- Енді мен сендерге жұмбақтар жасырамын.
1. Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар
Иегінде сақалы бар. (Ешкі)

2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең - қанат, сүті – дәрі, еті – тамақ. (Жылқы)

3. Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
4. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

4. Сергіту сәті.
Тәрбиеші: Қане, балалар бойымызды сергітіп алайық.
- Балалар «Төлдер» жырын білеміз бе? Олай болса «Төлдер» жырын қимылмен орындайық.
5. Ойын: «Дауысынан таны»
Шарты: Үнтаспадан жануарлардың даусын салады, балалар қай жануарлардың даусы екенін табады.
Қорытындылау:
Тәрбиеші: Бүгін қандай жануарлармен таныстық?
Балалар: Үй жануарларымен таныстық.
Тәрбиеші: Үй жануарларына қандай жануарлар жатады екен?
Балалар: Сиыр, түйе, қой, ешкі, жылқы, ит, мысық.
Тәрбиеші: Жақсы балалар, әрқашан үй жануарларына қамқорлық жасап жүруіміз керек.
Балалар сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Оқу іс - әрекеті аяқталды. Келген қонақтарымызға сау болыңыз айтамыз.
43 099
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарларлары және төлдері
Үй жануарларлары және төлдері
Үй жануарлары мен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы үй жануарларының төлдерін ата сұрағына жауап беруге үйрету. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
Ойыншықтар әлемі
Ойыншықтар әлемі
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. ойыншықтардың атын атау арқылы сипаттауға баулу, ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
Күлдіргеннің тапсырмаларын орындайық
Күлдіргеннің тапсырмаларын орындайық
1. Балалардың жыл бойына алған білімдерін түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бекіту. 2. Балалардың шығармашылығын жұмбақтар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Жас Астрономның тапсырмалары
Жас Астрономның тапсырмалары
Балаларға жыл бойына үйренген оқу іс - әрекеттер білімдерін тиянақтау, сөздік қорын дамыту, ойлау, көру жүйесі арқылы қабылдау қабілеттерін дамыта отырып, ауыз екі сөйлеуге баулу.
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Таңғажайып көктемнің сыры
Таңғажайып көктемнің сыры
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының бейнелеу пәні мұғалімі Дуймбаева Райхан Аманжоловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×