Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы мен балабақша арасындағы бала тәрбиесі педагогикалық мақсаттар арқылы жүзеге асады

04 желтоқсан 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ақтөбе қаласындағы
№3 «Ертегі» МДҰ меңгерушісі
А. Байтұрсынов атындағы медаль иегері
Мұханбетқалиева Бибігүл Қыдырғалиқызы

Отбасы мен балабақша арасындағы бала тәрбиесі педагогикалық мақсаттар арқылы жүзеге асады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сіздермен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық, қадір-қасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» - деп айтқандай бала біздің болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселелердің бірі.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.
Сәби өседі, уақыт өткен сайын оның айналасындағы кеңістігі де күннен күнге өзгеріп, ұлғая береді. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды ұйымдастыру үшін балабақшаның да орны ерекше. Тіптен «бақытты балалық шақ» деген ұғым отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырған тірлігінде ғана туындайтын сияқты.
Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы арасындағы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттарына көңіл бөлсек:
- педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру, ата - аналарды оқыту бағдарламасын меңгертуіне:
- іс - әрекеттің түрлі формалары (сабаққа қатысу, әртүрлі клубтар) және қосымша қызмет көрсетуіне;
- балалардың шығармашылық әрекетін дамытуына;
- жоспарлау мен бақылауды ұйымдастыруына;
- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасуына;
- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмектесуіне.
Міне осындай негізгі бағыттарды бала тәрбиелеудегі іске асырушылар мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арада жүргізілетін тәлім - тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелері болары сөзсіз.
Бала тәрбиесіне тек балабақша, мектеп, оны қоршаған орта ғана емес, сонымен қатар отбасы, яғни, әкесі, атасы, әжесі, ағасы, әпкесі де әсерін тигізеді. Ата - аналарды ынтымақтастық пен серіктестікке жұмылдыра атқарған жұмысымыздың формаларын ұсынғым келіп отыр. Мысалы, «Әженің үйінде қонақта болу», «Ата - әжем ауылы», «Менің туған өлкем» атты өткізілген іс - шаралардың мақсаты – балалар мен ата - аналарды халқымыздың салт - дәстүрімен, әдет - ғұрпымен таныстырып, оны өзара көрсете алу дағдыларын қалыптастыру.
Ата - аналармен жұмыс дәстүрлі емес түрлерімен ұйымдастырылады: ата - аналармен тренингтер, пікірталастар, психологиялық демалыс сәттері, дөңгелек үстел.
Отбасы – қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан, оны нығайту, оның тәрбиелік мәнін арттыруғ сол қоғамның басты назарында болуы керек. Баланың дұрыс тәлім - тәрбиесі, ең алдымен ата - ананың және тәрбиешілердің еңбексүйгіштігі мен беделіне тікелей байланысты. Мектепалды даярлық топ тәрбиешілері мен ата - аналарға ұсынылады. Бала тәрбиесі – атам заманнан бастап адамзатты толғандырып келе жатқан өмірдің өзекті мәселесі.
Отбасындағы ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынас нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы тәрбиешілері. Отбасы – қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан, оны нығайту, оның тәрбиелік мәнін арттыру, сол қоғамның басты назарында болуы керек.
Еліміздің тәуелсіздік алған тұста жас ұрпақты ұлттық салт - дәстүріміз, әдет - ғұрпымыз негізінде тәрбиелеу қолға алынады.
Жалпы отбасы болсын, мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме болсын тәрбиеленуде мынадай тәсілдерді қолданған жөн: ақыл - кеңес беру, үлгі - өнеге көрсету, үйрету, түсіндіру, жадында қалдыру, жаттықтыру, салыстыру, ынталандыру, мадақтау, талап қою, жазалау. Әр ата - ана өз баласына ұстаз екенін ұмытпауы тиіс.
Тәрбиеші әр баланы жеке - жеке ата - ана арқылы білуі қажет. Ата - ананың күнделікті өміріндегі еңбегі, мінез - құлқы, балаға қарым - қатынасы баланы тәрбиелеп отырған тәрбиешіге де аян болуы қажет. Баланы сонда барып тәрбиелей аламыз.
1. Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жәй көзбен қарамау керек, өйткені ол да жетіліп келе жатқан тұлға.
2. Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай ащы болса да шындықты ашып айтып, сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу.
3. Баланың әрбір сән уақытымен істеуге күнде қадағалау.
4. Баланың әрбір сән қадағалап, оған деген көзқарасыңызды қалай болса да нәтижеге жеткізуіңіз керек.
5. Баланы өз бетімен жұмыс жасауға және өзге баланың жұмысын бағалауға үйрету керек.
Мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме халықтық білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы. Бұл ортада бала бұйығылықтан арылып, көпшіл, ұйымшыл болып өседі. Тәрбиеші өз қарауындағы әр баланың әрқайсысына мейірім нұрын сыйлай, ана орнына ана болуы қажет. Отбасындағы тәрбие педагогикалық тәрбиемен ұштасуы қажет. Отбасының мектепке дейінгі мекемелерімен байланыстылығы өте маңызды. Мұндай байланыссыз жас ұрпақты жақсы тәрбиелеу мүмкін емес.
Бала тәрбиесі жөніндегі сұрақтың ата - анамен яғни отбасымен байланысты болуы педагогикалық ұжымның ең негізгі міндеті.
Мектепке дейінгі ұйымы мен отбасы ынтымақтастығын нығайту үшін тәрбиеші мен ата - ана арасында үлкен байланыс болуы қажет. Әр баланың тани білу тәрбиешінің ерекшелігіне де байланысты. Баланың бәрін бірдей көріп, бірдей тәлім - тәрбие беру тәрбиешінің басты міндеті. Сауалнама таратып, ата - ананың пікірін бөлісуі қажет.
Бала ата - ана өмірінің жалғасы. «Құс балапаны үшін тұзаққа түседі, адам баласы үшін азапқа түседі» демекші, баланың болашағына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Баланың үлкен саналы азамат ету өміріміздің яғни отбасы мен педагог ұжым арасындағы байланысымыздың шешімі деп те айтуымызға болады.
«Болар елдің баласын сәнінен емес сәлемінен танимын» деген екен қариялар, сондықтан да әр баланы елдің үлкен беделі зор азаматы етіп тәрбиелейік, ағайын!
11 287
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа ала отырып жасалған 2019 - 2020 оқу жылының 8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Тәрбие теориясы бөлімін қайталау
Тәрбие теориясы бөлімін қайталау
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде арнайы пәндер оқытушысы Турагулова Балжума Темирбековна
Бала - біздің болашағымыз
Бала - біздің болашағымыз
Аягөз ауданы, С. Ғаббасов атындағы орта мектеп Тоқыжанова Шолпан Қасымқызы
Отбасы мен балабақшының сабақтастығы және серіктестігі
Отбасы мен балабақшының сабақтастығы және серіктестігі
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып,
Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×