Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәрбие теориясы бөлімін қайталау

16 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: Тәрбие теориясы бөлімін қайталау.
(тәрбие негіздерін қайталау)
Мақсаты: Тәрбие теориясы бойынша алған білімдерін тексеру, бекіту, тәрбиенің құрамды бөліктерін Абай, Ыбырайдың ағартушылық көзқарасын нақты мысалдармен дәлелдеу; өз ойын ортаға салып пікірлесуге үйрету, өз бетімен білім алуға, қосымша материалдарды қолдануға бағыт беру.
КӨРНЕКІЛІК: 1. Сабақ жоспары.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: пәнаралық байланыс

САБАҚ БАРЫСЫ:
1. Ұйымдастыру.( жаттығу, тест).
2. Тәрбие процесі, принциптері, әдістері.(сұрақ - жауап)
3. КТД - топпен жұмыс.(3 топ асық алу, кезекті белгілеу)
1. Ақыл - ой тәрбиесі.
2. Адамгершілік тәрбиесі.
3. Еңбек тәрбиесі.
4. Экономикалық тәрбиесі.
5. Экологиялық тәрбиесі.
6. Дене тәрбиесі.
7. Құқылық тәрбиесі.
8. Отбасылық тәрбиесі.
9. Эстетикалық тәрбиесі.

І. 1. Ақыл - ой тәрбиесінің көздейтін мақсаты не?
2. Ақыл - о й тәрбиесінің міндеті қалай жүзеге асады?
ЖАУАП:
1. Ақыл - ой тәрбиесінің мақсаты оқушыға білім беру, ол оқыту процесі арқылы жүзеге асады;
2. Міндеттері: - ғылым негізін қаруландыру;
- оқушылардың ақыл - ой қатынасын дамыту;
- білімге деген ықыласты, ғылымға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
- таным қабілеттерін дамыту;
- ақыл - ой еңбегінің жалпы мәдениетін арттыру;
Бұл міндеттерді семья мен мектеп тығыз байланысты болғанда ғана ойдағыдай орындап шығуға болады, сонда ғана балаларға берілетін ақыл - ой тәрбиесі нәтиже береді.
В. А. Сухомлинский ақыл - ой тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі жолдарын атап көрсетті:
- Әрбір мұғалім - тәрбиеші;
- Сабақ - білімге құмарлық пен моральдық сенімділік тудыратын бірінші күш;
- Әрбір мұғалім жеке оқушыға дара әсер ете білуі керек;
- Ақыл ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру коллектив пен жеке бастың жан-жақты интеллект өміріне негізделген оқыту процесіне байланысты.
- Оқушыларды дербес білім алуға тәрбиелеу міндет.

Қорытынды. Оқыту процесінде ақыл - ойды дамыту керек, онсыз білім алуға болмайды. Ақыл - ой тәрбиесі дегеніміз оқушыға сол білімін, ғылым негізін
беру, дүние тағылымын, танымдық қабілетін, яғни ойлауын, қиялын т. б. қасиеттерін дамыту.
"Адам болам десеңіз..."
" Жасымда ғылым бар деп ескермедім"
"Әсемпаз болма әрнеге"
"Интернатта оқып жүр"
- Ақын білім алудың неше алуан жолдарын көрсеткен. Байлықтың түп қызығы - өнерлі, білімді азамат болуда деп, ғылым алу жолындағы барлық қиындықтардан қорықпай, оны жеңе білуге шақырады.
Қара сөздерінде де ақыл - ой тәрбиесі жайлы кең түсінік береді.
№ 1, 7, 15, 17, 19, 29, 31.
Абайдың ақыл - ой тәрбиесі жайлы қорытынды жасалды.
1. Ақыл - ой тәрбиесінде Абай ана тіліне маңызды орын береді. Тиімді оқытудың басты әдісінің бірі - баланың білімге деген қызығушылығын арттырып, табиғатпен қоғамның құпия сырларын ашады.
2. Ұлы ағартушы жастардың ақыл - ой тәрбиесі мен эстетиканың дамуы, адамгершілік дағдыларының қалыптасуының арасындағы байланысты ашады.

ІІ. Адамгершілік тәрбиесі -
а) Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз не?
ә) адамгершілік тәрбиесінің міндеті қандай?
Абай "Атаның баласы болма, адамның баласы бол".
Адамгершіліктің ең биігі - адал достық дей келе алдампаз, екі жүзділерді сынайды.
Жаман дос - көлеңке
Басынды күн шалса
Қашып құтыла алмайсың
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың...
№6 - қара сөзі
Ы. Алтынсарин "Мейірімді бала"
"Ауырғаннан аяған күштірек"

ІІІ. Еңбек тәрбиесі.
а) Еңбек тәрбиесі дегеніміз не?
ә) еңбек тәрбиесінің міндеті қандай?
Қорыту. Еңбек - бұл әртүрлі қолөнер, егіншілік, білім алу оқу. Осы іспен шұғылдану еңбек тәрбиесі арқылы жүзеге асады.
Абайдың №3 сөзі.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Қорытынды. Абай өз кезегінде бірінші болып еңбекке тәрбиелеу арқылы адамға жан - жақты тәрбие беруге болатының, адам бойындағы ерік, жігер, мінез, адамгершілік қасиеттері қалыптасатының айтты.
Ы. Алтынсарин " Әке мен бала"әңгімесі. Көрініс.

ІY. Дене тәрбиесі
а) Дене тәрбиесі дегеніміз не?
ә) Дене тәрбиесінің міндеті қандай?
Ұлы ағартушы, ойшылдардың пікірі.
Еңбек арқылы дене тәрбиесін берген.

Y. Эстетикалық тәрбие
а) эстетикалық тәрбие дегеніміз не?
ә) эстетикалық тәрбиенің міндеті, мақсаты.
б) эстетикалық тәрбиенің құралдары.
Абай, Шоқан, Ыбырайдың дене тәрбиесі туралы айтқан нақыл сөздері, әңгімелері т. б.

YI. Экономикалық тәрбие
а) экономикалық тәрбие дегеніміз не?
ә) экономикалық тәрбиенің міндеті.
4. Қорытынды. Бірін - бірі талдау, рефлексия.
5. Үйге тапсырма
6. Бағалау.
4 482
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
2019 - 2020 оқу жылына арналған 8 сыныптың тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа ала отырып жасалған 2019 - 2020 оқу жылының 8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Тәрбие жұмысының жоспары
Тәрбие жұмысының жоспары
Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан - жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.
Жылға арналған сынып сағатының жоспары
Жылға арналған сынып сағатының жоспары
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие Өлкенің тума таланты Қазақстанның халықаралық ұйымдармен байланысы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы І жарты жылдық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×