Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елін сүйген Президент

26 қараша 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Елін сүйген Президент»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Жапсыру.
Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, мадақтау

Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
- Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
- 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
- Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
- Балалар, бұл кім?
- Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасшымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасшымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасшымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
- Балалар елбасшымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.
Ағайша:
- Елбасымыз Нұр аға
- Салғызып Алтын орда
- Көркейтіп елін қазақтың
- Көрсетпей өмір азабын.
Бекнұр:
- Қазақ елі – Қазақстан
- Болашаққа үн қосқан
- Жақсы күнге жетелеп
- Елбасым менің – Нұрсұлтан
Бек:
- Жасай бер Қазағым!
- Жасай бер Елбасым!
Меруерт:
- Елімнің елбасшысы
- Нұрсұлтан атамыз аман болсын!

- Отан туралы тақпақ, мақал - мәтелдер білеміз бе?
Нұрдос:
- Қуат алған өзінен
- Туған елдің ұлымын
- Бақытты етіп өсірген
- Отанымның гүлімін.
Фариза:
- Отан – оттан да ыстық
Бағым:
- Отан - елдің анасы
Нұрдәулет:
- Отан – қуат
- Отбасы – шуақ
- Бағдәулет:
- Отансыз адам,
- Ормансыз бұлбұл.
- Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік.
- Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
- «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
- Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?
Айару:
- Көк аспандай көкпеңбек
- Қазақстан жалауы
- Көк емес ол тектен - тек
- Елдің ашық қабағы.
Аян:
- Елтаңбасы елімнің
- Неткен әйбат әдемі
- Тұнығындай көңілдің
- Ортада аспан әлемі.
Зере:
- Құт береке – шаңырақ
- Орын алған – ол төрден
- Қанатты қос арғымақ
- Екі жақтан көмкерген.
Кәмила:
- Тәуелсіздік жолында
- Талай - талай тер тамған
- Билігім өз қолымда
- Еркіндігім – елтаңбам.
Аяна:
- Көк аспанда Нұрлы Күлімдейді далама
- Бақыт тілеп тұр бүгін
- Ол барлық пәк балаға.

Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын: «тіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
- Балалар, біз нені жабыстырдық?
- Күннің түсі қандай?
- Күннің пішіні қандай?
- Тудың түсі қандай?
- Күнді
- Сары
- Домалақ
- Көк

Сергіту сәті

- Елбасымыз кім?
- Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
- Біз қай елде тұрамыз?
- Біз бүгін не жабыстырдық?

- Балалар, қазір біз көгілдір экран арқылы елбасшымызға арнап «Нұр - аға» атты әнімізді шырқайық.

- Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!
Келген қонақтарға сау болыңыздар дейік.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Елбасын және елбасы күнін
Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуді.

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№11 «Балапан» балабақшасы
ІІ санатты тәрбиешісі Көшербаева Ақтоты
50 443
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Елін сүйген – Елбасы
Елін сүйген – Елбасы
Балалардың өз Отаны туралы білімін кеңейту. Еліміздің Тұңғыш Президентін жас ұрпаққа таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру, ауылдағы басты еңбек түрін ажырата білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне қарай еңбек түрлері және қолданылатын техника құралдары жайлы білімдерін дамыту. Әңгіме желісін көрініс арқылы көрсету. Әңгіме
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Қыс кереметі
Қыс кереметі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, №11 «»Балапан балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Ел сүйген, елін сүйген Президент
Ел сүйген, елін сүйген Президент
Алматы облысы, Қаратал ауданы, №97 балабақша Наренбаева Махаббат Жұмабекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×