Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойна да ойлан

29 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Павлодар облысы, Ақсу ауданы,
Үштерек орта мектебі "Шағын орталық" тәрбиешісі
Авиты Женекуль

Тақырыбы: Ойна да ойлан
Мақсаты: балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытумен қатар өз дербестігін көрсете білуге үйрету, әр түрлі тапсырмаларды ойланып орындауға үйрету, дағдыландыру.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, логикалық есептер.
Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер, үлестірмелі карточкалар, сандар

Демонстрациялық материалдар.
І. Кіріспе бөлім. Мотивациялық кезең.
Қуан шаттан алақай
Қуанатын күн бүгін
Қуанайық бәріміз
Арайланып атқан әр таңға.

- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста ауа - райы қандай болады?
- Қыс туралы кім тақпақ біледі?

Тәрбиеші: Балалар қыста ауа - райы суық, аяз болады, дала, айналаның барлығы ақ көрпе оранғандай аппақ болады.

Негізгі бөлім. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар бүгін біз «Ойна да ойлан» тақырыбында алған білімімізді ортаға саламыз.
1. Логикалық ойындар.
2. Үш алманы бақтағы
Кірпі барып жинады,
Ең әдемі тәттісін,
Ақ тиінге сыйлады
Кірпідегі алманың
Санап көрші қалғанын!
3. Үйдің төрт бұрышы бар
Әр бұрышта бір мысықтан
Айтшы қане мысық санын
4. Әжеде бар еді бес моншақ
Айнұрға берді үш моншақ
Әжеде қалды неше моншақ?

2. Мақалды жалғастыр.
1. Еңбек етсең ерінбей.....
2. Еңбектің наны....
Жалқаудың жаны...
3. Отан үшін отқа түс...
3. Дидактикалық ойын: «Не артық»
Шарты: суреттердің арасынан артық суретті тауып сызыу.
4. Уақытты бағдарла.

1. Ұйқымыздан оянамыз
Бетімізді жуамыз,
Анамызға ереміз
Бақшамызға келеміз
Бұл қай уақыт (Таңертең)

2. Серуеннен қайтамыз,
Тамақ ішіп аламыз.
Біз тәртіпті баламыз,
Тәтті ұйқыға батамыз.
Бұл қай уақыт (Түс)

3. Серуенде жүреміз
Анамызды күтеміз
Апай «Сау болыңыз»,- деп,
Үйімізге кетеміз
Бұл қай уақыт (кеш)

4. Үйлерде шам жанады,
Маңай тастай қараңғы.
Ертегіні тыңдап алып,
Тәтті ұйқыға батамыз.
Бұл қай уақыт (Түн)

5. Д/ойын: «Санмен белгіле»
Шарты: үлестірмелі карточкаларды балаларға үлестіріп, ондағы суреттегі заттардың санын санмен көрсетуді ұсыну.

6. Кеңістікті бағдарла. Пішіндерді кеңістікте орналсастыру; оң жақ жоғарыға - үшбұрыш, сол жақ төменге - дөңгелек, оң жақ төменге - төртбұрыш, сол жақ жоғарыға - сопақша, ортасына – тіктөртбұрыш.

7. Жұмбақ шешу.
1. Жайнаған бақтың әншісі,
Тамсанған оған әр кісі. (бұлбұл)
2. Су бетін сызып,
Ақ құман жүр жүзіп. (аққу)
3. Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштаразшы)
4. Тікен тікен тік пісте,
Қысы жазы бір түсте. (шырша)

Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа
Жолға шықты жұмысқа,
Қойдым допты жолына
Алды допты қолына
Оңға қарады,
Солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.

Қорытынды. Біз бүгін қандай тапсырмалар орындадық?
Мадақтау.
11 565
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Балалардың алған түсініктерін бекіту. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Менің елім - Қазақстан
Менің елім - Қазақстан
Отансүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге тәрбиелей отырып, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін бекіту, құрметтеуге тәрбиелеу
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №6 ора мектеп шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Айжан Базарбайқызы
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×