Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көкөністі таны және оның атын ата

16 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Павлодар облысы, Естіс ауданы, Голубовка ауылы
МҚКК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі:
Смагулова Назия Зайкеновна

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту. ( 3 жастан 4 жасқа дейін)
Тақырыбы: «Көкөністі таны және оның атын ата»
Мақсаты: «Көкөніс» тақырыбы бойынша сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану; көкөністерді ұстап көріп, анықтау; тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
Міндеті: Ой жүгіртуін, тілді ұға білуін, көріп есте сақтауын, кіші және жалпы моторикасын дамыту.
Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Тілдік шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.

Сөздік жұмыс: Көкөністерді, олардың аттарын дұрыс атауға үйрету, зат есімді және сын есімді тура айту. Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай, не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру.
Көрнекілік: Таза жуылған көкөністер, сәбіз, қызылша, қызанақ, қияр, картоп, капустаның суреттері, көкөністердің нақ пішіндері, «Сиқырлы қап» дидактикалық ойыны.
Тәрбиеші: тосын сәті (Үсті салфеткамен жабылған себетті алып шығады). Балалар, қараңдаршы, менің себетім қандай? Оның ішінде не бар? Сендер қалай ойлайсыңдар?
Балалар:
- кәмпит
- өрік
- жаңғақ
- алма
Тәрбиеші: Сендер таппадыңдар. Бұл – көкөністер. Келіңдер, қарап көрейік. (Тәрбиеші балаларды себеттен көкөністерді шығаруға көмектесулерін сұрайды). Бұл көкөністерге көңіл бұрып қарап, олардың атын атаңдар.
Балалар: Бұл - сәбіз, қызылша, қызанақ, қияр, картоп, капуста.
Тәрбиеші: Қане, енді айтыңдаршы, көкөністердің түстері қандай екен?
Балалар: Қызыл, қоңыр, жасыл, ақ, қызғылт сары.
Тәрбиеші: Дұрыс, азаматсыңдар! Ал енді қазір осы көкөністер қай пішінде екеніне көңіл бұрамыз. (Тәрбиеші балаларға көкөністердің дөңгелек, ұзын, сопақ, тегіс пішіндерін көрсетіп, әр бір көкөністі қолдарына ұстап айналдырып қарауына ұсыныс жасайды).
Тәрбиеші: Қазір біз қызықты ойын ойнаймыз. Менің қолымда «Сиқырлы қап» бар. Оның ішінде себеттің ішіндегідей көкөністер бар. Біз қазір оларды қаптың ішінен ұстап көріп, анықтаймыз. Бірақ ішін ашып қарамаймыз. «Сиқырлы қапты» ашпай тұрып, сипап көріп анықтаймыз және атын атаймыз.
Балалар: (Ойнайды)
Егер бала тапсырманы дұрыс атқарса, онда көкөніс үстелде қалады. Егер таппаса, қапқа қайрадан салады.

Сергіту мезгілі:
Сұр қояным отырады,
Құлақтары қимылдап.
(құлақтарын қимылдатады)
Тоңып қалды қояным,
Мұздақ оның қолдары
(қолдарын жылытады)
Тоңды енді қояным,
(орындарынан тұрып тоңғанын көрсетеді).
Жүгіруі керек қоянның
(жүгіреді)
Кім қорқытты қоянды,
Қашып кетті қояным.
(әр жаққа жүгіреді).

Тәрбиеші: Қазір біз «Көкөністі дәмінен біліп тап» ойынын ойнаймыз.
Үстелге шақырған баланың көзі байланады. Тәрбиеші шанышқымен ыдыстан (даярлап қойылған) көкөністің бөлігін алып, баланың аузына салады. Бала қай көкөніс екенін – пісірілгенін не шикі екенін, тұздалғанын не тұздалмағанын анықтайды. Осылай балаға піскен, шикі сәбіз, картоп, қызанақ және тұздалған қияр береді.
Тәрбиеші: Сендер, бәрің азаматсыңдар! Көңіл қойып тыңдадыңдар, көңілді ойнадыңдар және көкөністер жөнінде көп жаңа нәрселерді білдіңдер.
Балалар, қараңдаршы бізге кім қонаққа келді?
Балалар: Қоян.
Тәрбиеші: Қоян сендерге көп тәтті және дәмді сәбіз алып келді, ол бізді сыйлағысы келеді. Келіңдер, қоянға ризалығымызды білдірейік.
Балалар: Қоян, саған үлкен рахмет!

Күтілетін нәтиже:
Сабақта белсенді болу; есте сақтау қабілетін дамыту; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; көкөністерді білу, бекіту.
6 562
2
  • 100
9 дауыс


Жаңалықтар
«Көкөніс» өлеңі Ғ. Өкеев. «Үлкен қарбыз»
«Көкөніс» өлеңі Ғ. Өкеев. «Үлкен қарбыз»
Балалардың тілдік қарым - қатынасқа, дұрыс сөйлеу тіліне назар аудара отырып, көкөніс туралы түсініктерін қалыптастыру, оларды дәміне қарай ажыратуға үйрету.
Үйрету карточкалары
Үйрету карточкалары
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Математикадан 10-ға дейін санау карточкалары
Математикадан 10-ға дейін санау карточкалары
Математикадан 10-ға дейін санау карточкалары
"Киім" көрсету материалы бала бақшаға
"Киім" көрсету материалы бала бақшаға
"Киім" түрлерін көрсету материалы балабақшаға
Балабақшаға арналған көрнекілік "Жыл мезгілдері"
Балабақшаға арналған көрнекілік "Жыл мезгілдері"
Бала бақшаға арналған көрнекілік Павлодар облысы, Естіс ауданы, Голубовка ауылы МҚКК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі: Смагулова Назия Зайкеновна
Fruits and vegetables, Жемістер мен көкөністер
Fruits and vegetables, Жемістер мен көкөністер
Балалар бүгінгі біздің оқу іс – әрекетіміз жемістер мен көкөністер туралы болады. Сонымен қатар «What is this? Мынау не?», «What colour is it? Түсі қандай?» сұрақтарына жауап бере білуді үйренеміз.
Пікірлер (2)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Nazia
Nazia Қонақтар 16 ақпан 2016 15:59
0
Өте қызықты ашық сабақ.
Бахриденова Айнагүл
Бахриденова Айнагүл Қонақтар 17 ақпан 2016 12:12
0
Үзінді: Nazia
Өте қызықты ашық сабақ.

Назия, сабағың өте қызық екен. Рахмет
×