Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айшаға қонаққа барамыз

16 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Павлодар облысы, Естіс ауданы, Голубовка ауылы
МҚКК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі:
Смагулова Назия Зайкеновна

Білім беру саласы: Денсаулық
Тақырыбы: Айшаға қонаққа барамыз (2 - 3 жас)
Мақсаты: Бір орында екі аяқпен секіру; жайлап, жылдам жүру; тастардан, тақтайшалардан аттап жүру; доға астынан, гимнастикалық орындықтан еңбектеу; қораптың үстіне шығып түсу; дербес қимыл – қозғалыс әрекетін дамыту. Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.
Көрнекіліктер: қуыршақ, кішкентай орындық, «тастар» (ішінде құмы бар қаптар 20*12 см), кілем ені 20 см, доға, қорап биіктігі 15 см, леген суымен, тік шыршалар биіктігі 50 см, кішкентай ағаштан жасалған саңырауқұлақтар, себет.
Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар! Бізге Айша деген қуыршақ қонаққа келді. Әне, Айша ана жерде отырады. Жүріңдер, біз Айшаға бұл жолмен барайық. Тастардан аттап өтіңдер. Қуыршақ Айша қандай сұлу!
Айша: (тәрбиеші қуыршақты қолына алып, оның атынан сөйлейді)
Мен орнымда отырып,
Бәріңе бір қарадым!
Қалай сендер тез жүрдіңдер
Сүрінбей де жығылмай!
(Балалар бытырап, шашылып тұрады, қуыршақ балалардың жанында тұрады).
Тәрбиеші:
Айшаға екі балапан
Келді, келді қонаққа
(Екі аяқтарын кезек – кезек көтереді).
Әтеш етігімен,
(1 - 2 «етігімен» дегенде иіледі, 3 - 4 қайрадан бастапқы қалыпқа (Б. Қ.) келеді. (4 - 5 жолы)).
Тауық сырғасымен.
(Б. Қ.): бос тұру. 1 - 2 қолдарын көтеру, керіліп - созылу; 3 - 4 қайрадан (Б. Қ.) келу
(3 жолы).
Ата үйрек шапанымен,
Ана үйрек көйлегімен.
(Б. Қ.): Қолдары белдерінде. Оңға, солға бұрылу (3 - 4 жолы).
Ал сиыр белдемшемен,
Жылы қысқа тонымен.
(Екі аяқтап секіру).
Бәрі бірге жиналып, тату жүгіре бастады.
(Балалар шашырап жүгіріп, сосын асықпай жүреді).
Тәрбиеші: Балалар, сендер бәрің азаматсыңдар! Айша серуендеуді жақсы көреді. Сендерді серуендеуге шақырып жатыр. (тәрбиеші қуыршақты қолына алып, оның атынан сөйлейді): Сендер тез - тез еңбектеңдер, бірақ жолдан таймаңдар!

Негізгі жаттығу:
Еңбектеу, доға астынан еңбектеп қорапқа жету, қораптың үстіне шығып, қайта түсу (2 - 3 жолы).
Негізгі жаттығулардан кейін көрнекілер алынып, шыршалар қойылады, оның жан - жағына саңырауқұлақтар қойылады.

Тәрбиеші:
Айшамен бардық тоғайға,
Тоғайда өседі шыршалар.
Шыршалардың қасында
Саңырауқұлақ қаптаған.
Жинап теріп алайық,
Себетке тез салайық.
(Балалар саңырауқұлақтарды бір - бірден теріп себетке салады).
Тәрбиеші: Саңырауқұлақтар қалай көп! Себетіміз әбден толды. Алақандарың кірлеп қалыпты, жүріңдер, бұлаққа қолымызды жуайық.
(Балалар легендегі суға қолдарын жуады. Байсалды музыка фонограммасы ойналады).
Тәрбиеші:
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолың жу.
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің, қолдарың.
Тазалықты сақтаймыз,
Жалқаулыққа бармаймыз!
Тәрбиеші:
Ал енді қолымызды құрғатамыз, аузымызға ауа жұтып, алақандарымызға үрлейміз. Кұрғаттыңдар ма? Азаматсыңдар! Балалар, қатты жел соғып жатыр, тез қолдарыңды жасырыңдар, қолдарың тоңып қалады. (Балалар қолдарын артына жасырады, тәрбиеші қатты үрлейді (2 - 3 жолы)) Азамат! Бәріміз жақсы ойнадық, енді үйімізге қайтайық!
(Жайлап жүру)

Күтілетін нәтиже:
Доға астынан, гимнастикалық орындықтан, тақтайдың астымен еңбектей біледі; тақтайша, текшелерден аттап жүреді; бір орында 2 аяқпен секіреді.
17 344
1
  • 100
7 дауыс


Жаңалықтар
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Үлгі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білуі білігін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгертуге баулу. Эстетикалық талғамын арттыру. Балаларды ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстауға баулу. Бірін - бірі сыйлауға, кішіпейілділікке
Денсаулық - басты байлық (Отбасылық спорттық мереке)
Денсаулық - басты байлық (Отбасылық спорттық мереке)
Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.
Математикадан 10-ға дейін санау карточкалары
Математикадан 10-ға дейін санау карточкалары
Математикадан 10-ға дейін санау карточкалары
"Киім" көрсету материалы бала бақшаға
"Киім" көрсету материалы бала бақшаға
"Киім" түрлерін көрсету материалы балабақшаға
Балабақшаға арналған көрнекілік "Жыл мезгілдері"
Балабақшаға арналған көрнекілік "Жыл мезгілдері"
Бала бақшаға арналған көрнекілік Павлодар облысы, Естіс ауданы, Голубовка ауылы МҚКК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі: Смагулова Назия Зайкеновна
Тепе-теңдікті сақтай отырып гимнастикалық орындықтан төрттағандап еңбектеу, гимнастикалық тақтайшада кедергілер арқылы жүріп өту.
Тепе-теңдікті сақтай отырып гимнастикалық орындықтан төрттағандап еңбектеу, гимнастикалық тақтайшада кедергілер арқылы жүріп өту.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы. Шалқар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі № 12 балабақша тәрбиешісі Еламанова Мырзагүл Әбутәліпқызы
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бахриденова Айнагүл
Бахриденова Айнагүл Қонақтар 17 ақпан 2016 12:34
0
Керемет сабақ Шығармашылық тілеймін
×