Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала тілін дамытуда тілдің грамматикалық құрылымының маңызы

21 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, МКҚК №2 «Айгөлек»
балабақшасының тәрбиешісі
Амираева Айгүл Жалғауқызы

Тақырыбы: «Бала тілін дамытуда тілдің грамматикалық құрылымының маңызы»
Жоспары:
І Кіріспе
«Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы»
ІІ
1.»Бала тілін дамытуда тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру»
2. Іс - тәжірибемнен
ІІІ. Қорытынды

Тіл – табиғаттың үлкен сыйы.
Тіл арқылы адамзат тілдесудің үлкен мүмкіндіктеріне қол жеткізеді, қарым - қатынасын біріктіреді, және көзқарастарын қалыптастырады. Дүниенің қыр - сырын танып білуге жол ашады.
Сондықтан, тілдің дамуына, әсіресе мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс қалыптасуына ерте бастан ерекше мән берген жөн.

Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де, ой - өрісі де үйде жалғыз жүріп өскен баладан анағұрлым жақсы дамиды. Онда баланың тілін жаттықтырып, ой - өрісін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әсіресе, баланың жас ерекшелігіне қарай айтылатын қызықты тартымды өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар бала ұғымын кеңейтумен бірге, дыбыстарды дұрыс айтып үйретуге баулиды, сөздік қорын байытады.

Сондықтан да, балаға айналадағы өмір тіршілігін танытып, бағдарлай, қабылдай білуге үйрету арқылы, ана баланың сөздік қорын молайтуға болады. Осы мәселелерді ескере отырып, баланың сөздік қорын байыту, іс - әрекеттерді білдіретін сөз тіркестерін айтуға жаттықтыру және тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, сөздерді байланыстырып айтуға, сөйлеуге үйретуді басты назарда ұстау керек.

Тіл – адамдардың бір - біріне пікір алысып, қарым - қатынас жасайтын құралы болғандықтан тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше.
Тілдің грамматикалық сөйлеу мәдениетін игеруде баланың сәби шағынан басталып, біртіндеп жетілетін кезең. Сондықтан баланы балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасында белгіленген оқу іс - әрекеттің көп уақыты балалардың тілдерінің дамуына, көркем сөз өнеріне баулуға, мәнерлеп сөйлеуге, тіл мәдениетіне жұмсалады.

Балабақшада өткізілетін оқу іс - әрекеттерінің барлығы осы салаға сабақтасып жатады. Балабақшадағы оқыту - тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану.

Мектеп жасына дейінгі балалармен сөздік жұмысын жүргізу – тіл дамытудың негізгі міндеті болып табылады. Балабақшада 5 білім беру саласы бойынша жұмыс жасаймыз. Соның ішінде, «Қатынас» білім беру саласында балалардың елестету, есте сақтау, ойлауларын, қызығушылығын дамыту, өз ойын еркін жеткізуін қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Балалардың тілін дамытудағы мақсаттар:
• Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
• Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
• Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету

Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:

• Бала тілін дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу
• Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру
• Сөздік қорын молайту
• Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру
• Балалардың ақыл - ойын дамытып, тіл байлығын арттыру

Тілді дамытудың маңызы:
• Тілдің дыбысталу мәдениеті
• Сөздік жұмысы
• Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру
• Байланыстырып сөйлеу
• Шығармашылық сөйлеу әрекеті

Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру.
1. Сөздерді септік, көпше, жекеше түрлерін дұрыс үйлестіре білуге үйретуді жалғастыру
2. Сөздердің кейбір күрделі түрлерінің жасалуын үйрету. Мыс: ілік септігіндегі зат есімнің көпше түрі (ойыншықтардың, адамдардың, боталардың), етістіктің түрлері (жату, жүру, жүгіру)
3. жан - жануарларды, олардың төлдерін зат есімнің жекеше, көпше түрінде айту біліктілігін дамыту
4. Салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдануға мүмкіндік туғызу және жай сөйлемнің құрылымын жетілдіру.
5. Сан есімдер

Мен жұмыс жасайтын «Ақбота» ортаңғы тобында баланы ең алдымен өз ана тілінде еркін сөйлеу, баланың сөздік қорын байыту және сұрақ - жауап арқылы әңгімелеу, әдіс - тәсілдерді қолдануды басшылыққа ала отырамын. Балабақшада оқу іс - әрекеттерімді «Тәй - тәй» технологиясы бойынша жүргіземін.
Тіл дамыту оқу іс - әрекетімде «Айгерім қуыршақ дастархан әзірлеп жатыр» деген тақырыпта ашық оқу іс - әрекетін өткіздім.
Балалар 3 орталықта жұмыс жасады. Балаларды орталыққа бөлмес бұрын ашық алаңда оқу іс - әрекетінің мазмұнын аштым. Орталықтардағы жұмыстар үлкен жауапкершілікпен атқарылады. Әр орталықта 7 - 8 баламен жұмыс жасалады.
Әдебиет орталығында ыдыстар туралы әңгімелеп, дидактикалық ойын ойнатылды.
Өнер орталығында Айгерімге қонақтарына қоюға майлықтардың шетіне ою - өрнектер жапсырды.
Желілі - рольді ойын орталығында «Асхана» ойыны ойналды. Балалар Айгерімнің қонақтарына арнап, қамырдан домалақтап бауырсақ жасады.
Орталықтарда әрбір белгілі уақыт мөлшеріндегі жұмыстан кейін балалар алмасып, басқа орталықтарға алмасады. Ауысудың алдында жұмыстарын аяқтайды. Ауысу қоңырау сылдырымен білдіріледі. «Тәй - тәй» технологиясы біздің топта кеңінен қолданылады.
Баланың тілін дамыту дегеніміз – баланың жалпы ойын дамыту деген сөз. Ал, балалардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту бүгінгі таңда біздің міндетіміз.
Қоршаған ортамен, табиғатты бақылап түсіндіріп, әрдайым жаңа сөздермен сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыдағы айтылған мүмкіндітерге сай балалардың сөйлеу қабілетін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт - бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты. Астана
2. Тіл дамыту әдістемесі
3. Отбасы және балабақша журналы №2 2012 ж
22 151
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл дамыту күнтізбелік жоспар
Тіл дамыту күнтізбелік жоспар
Қазақ тілі пәнінен 4 сыныптарға арналған «Тіл дамыту» атты факультативінің жұмыс жоспары
Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі
Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету.
Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы. Әдістемелік құрал
Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы. Әдістемелік құрал
Ұсынылып отырған нұсқауда мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ән ырғағымен саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және
Бала тілін дамытуда халық  ауыз әдебиетінің алатын орны
Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің алатын орны
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Абашева Күләш Николайқызы
Балабақшада эстетикалық тәрбие
Балабақшада эстетикалық тәрбие
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Абашева Күләш Николайқызы
Жоғарғы топ тәрбиеленушілерін жан-жақты дамытуда ертегінің маңызы
Жоғарғы топ тәрбиеленушілерін жан-жақты дамытуда ертегінің маңызы
Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, өмірге нәресте келгенде оған лайықты ат қойып, бесікке салып, тұсау кесер рәсімдерін жасап, өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін, өзінің шыққан тегін, халықтың даналық сөздерінің мағынасын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×