Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар

11 наурыз 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Атырау облысы, Мақат ауданы,
«Нұрбөбек» бөбекжай – балабақшасының психологі
Тайпанова Аклай Нұрханқызы

Балабақша флипчарт әдісімен балалармен психологиялық оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
МАД «Жұлдыздар» тобы

Тақырыбы: «Жануарлар»
Мақсаты: Балаларға топтық жұмыс жасауды үйрету. Балалардың икемділігін, жылдамдық процестерін дамыту. Байланыстырып сөйлеуді дамыту. Зейін, қабылдау, ойлау, естіп - есте сақтау және қиялдарын дамыту.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, флипчарт

Мотивациялық қозғаушы
– Балалар жылы, жұмсақ жүрегіміздің жылуын келген қонақтармен бөлісейікші! Жарайсыңдар, балалар!

Ұйымдастырушылық ізденістік
Орындарыңа отыра қойыңдар.
- Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Мұқият тыңдаймыз:

Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен (аю)

Аю балаларға алғысын айтып жұмбақ жасырады.
Сәлеметсіз бе балалар! Ия дұрыс айтасыңдар мен аюмын. Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай шу. (түлкі)
(Флипчарт әдісі аудиозапись арқылы сөздер жазып)

Енді балалар екі топқа бөлінеміз
Бір топ түлкі мен аюдың айырмашылығын, ал екінші ұқсастығын айтып беріңдер.

Енді түлкінің жұмбағының жауабын табайық
(аудиозапись арқылы балаларға жұмбақ жасырады)
Жарайсыңдар балалар! Енді менің жұмбағымды шешіп көріңдер.
Бейғам елді іздейді
Малдан күдір үзбейді. (қасқыр)

Жарайсыңдар балалар!

Енді қасқырдың тапсырмасын орындаймыз, қасқыр бізге не дайындап қойған екен, тыңдайық.
Қасқыр: Сәлеметсіз ба балалар! Мен сендерге бір тапсырма дайындап әкелдім. Алдарындағы төр көз қағаздардың ортасына қарындашпен нүкте қойып менің айтуым бойынша тор көз бойымен жүргіземіз. Мұқият тыңдаймыз, бастаймыз ба? Ал кеттік.
Бір торкөз солға, бір торкөз жоғары.
Бір торкөз солға – екі торкөз жоғары.
Бір торкөз солға – бір торкөз жоғары.
Бір торкөз солға – бір торкөз жоғары.
Үш торкөз солға – бір торкөз төмен.
Бір торкөз солға – бір торкөз төмен.
Бір торкөз солға – бір торкөз төмен.
Бір торкөз солға – үш торкөз төмен.
Екі торкөз оңға – бір торкөз төмен.
Бір торкөз оңға - бір торкөз жоғары.
Торт торкөз оңға - бір торкөз төмен.
Бір торкөз оңға - бір торкөз жоғары.
Екі торкөз оңға - бір торкөз жоғары.
Ал, балалар қараңдаршы неге ұқсайды?

Дұрыс балалар енді мына суретте кірпіні тауып көрсетіңдерші.

Кірпі: Сәлеметсіз ба балалар! Мені тапқандарыңа рахмет! Қане менімен бірге жаттығы жасайық.

Рахмет балалар, енді кірпінің жұмбағын жасырайық.
Жарайсыңдар балалар! Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тур.
Ағаштардың қабығын кеміреді,
Өсімдіктермен көріктенеді
Секең - секең етеді
Орман оның мекені. (тиын)

Тиін: сәлеметсіз ба балалар! Менің тапсырмамды мұқият тыңдаңдар.
Мен сендерге бірнеше сөздер айтамын соның ішінде жануарлардың аттарын естісеңдер оң қолдарыңды көтересіңдер. Ал кеттік:
Машина, қуыршақ, қасқыр, телефон, үй, ойыншық, қоян, аю, ұшақ, телефон, түлкі, гүл, тал, тиын, кірпі.

Жарайсыңдар балалар!

Рефлексиялық түзетушілік
Балалар, бүгін сендер сабаққа өте жақсы катыстыңдар! Біз бүгін қандай жануарлардың тапсырмаларын орындадық? Сол жануарларды осы суретте тауып беріңдер. (лупа арқылы әр бала жануарларды көрсетеді).

Толық нұсқасын жүктеу
12 310
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат - біздің досымыз
Табиғат - біздің досымыз
Балаларға табиғат, тіршілік, қоршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Білгіштер
Білгіштер
Атырау облысы, Мақат ауданы, «Нұрбөбек» бөбекжай – балабақшасының психологі Тайпанова Аклай Нұрханқызы
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Мақсаты: Жабайы жануарлармен таныстыру. Сөздік қорларын молайту. Қойылған сұрақтарды дұрыс түсініп, толық жауап беруге үйрету. Балаларға жаңа сөздерді қазақ тілінде дұрыс айта білуге үйрету.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×