Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана - асыл қазынам

31 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Мұнайшы ауылы МКҚК «Балауса» балабақшасының әдіскері
Изжанова Молдир Набидоллакызы

Ана - асыл қазынам
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, ананың өлшеусіз еңбегін бағалауға үйрету. Анаға деген балалық махаббатын өз шығармаларында жырлай білу. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі де күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтындығын түсіндіру.

Айбар: Мерекеде келіп қалды
Бізде бәрі дайын ба?
Қазір қыздар келеді,
Сазайыңды береді.

Серікболсын: Айттым ғой мен сендерге
Үлгермейміз қазір деп.
Бәріне қыздар кінәлі
Өлең айтып болғаны.

С. Данияр: Ұлдар, ұлдар ұрыспаңдар
Әне өздері де келіп тұр.
Көңілдірек қарсы алайық
Біздің қыздар келіп тұр!

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!
Армысыздар, әжелерім, аналарым!
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың!
Міне, көктемнің гүлімен, жұпар лебімен, анамыздай аймалап, көктем мерекесі де келді. Көктемнің алғашқы күндерімен бірге аналарымыздың да мерекесі келді. (Ортаға қыз бала келеді, көңілсіз)
Қыз: Сәлем бәріңе, сендер кімсіңдер?
Балалар: Біз «Балдырған» тобының балаларымыз.
Қыз: сендер бақыттың қайда екенін білесіңдер ме?
(Ортаға Жалқаубек: шығады )
Жалқаубек: Сәлем бердік бәріңе, мен Жалқаубекпін. Бақытты несіне іздеп жүрсің? Кел, бізге қосыл, бізбен бірге ұрлық жасайсың, тонайсың, алтындарың көп болады. Ақшаң көп болса бақытты боласың, тойып алып билейсің, міне, саған бақыт. Жүргізуші: балалар, Жалқаубектің айтып тұрғаны дұрыс па?
Балалар: Дұрыс емес
Жүргізуші: Алибаба, сен бізбен бірге бол, сонда бақыттың не екенін түсінесің.
Жалқаубек: Жарайды, мүмкін бақыт ән айтуда шығар. Қане балалар, бірге ән айтып көрейікші.
Ән: «Аяулы ана»
Жалқаубек: Жарайсыңдар балалар, керемет ән екен. Бірақ ән айтқанда бақытты көре алмадым. (көңілі түсіп кетеді)
- А - а - а таптым, мүмкін би билесек бақытты көре алармын.
Би: Вальс
Жалқаубек:: Көңілді би екен. Сендерге ұнады ма? Маған да ұнады. Бірақ бақытты тағы көре алмадым.
Жүргізуші: Ендеше, Жалқаубек сен біздің топтың балаларының сахналық көріністерін, аналарына арнаған әдемі тақпақтарын тамашалап көр. Мүмкін. Көңілім көтеріліп қалар.
Сахналық көрініс: «Әжесі мен немересі»
Әжесі: Жүрегім кім менің?
Немересі: Мен әже.
Әжесі: Тірегім кім менің?
Немересі: Мен әже.
Әжесі: Сәнім кім менің?
Немересі: Мен әже.
Әжесі: Ботақаным, сүндетім қозым! Не деген тәтті баласың өзің!
Ой қарғам менің!
Немересі: Жоқ әже, қарғаң мен емес.
Жо - жоқ қарға болмаймын.
Керегі жоқ ондайдың
Қарға қарқ - қарқ етеді
Алысқа ұшып кетеді
Қасыңда болып әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
Жалқаубек: мен мына тақпақтарыңды, қойылымдарыңды көріп отырып, сендермен ойын ойнағым келіп кетті.

Ойын: «Кім шапшаң?»
Жүргізуші: ендеше, біздің топтың балалары аналарына арнап әдемілеп сыйлыққа гүл жапсырады. Сен олардың қалай жапсыратынын қара
Гүл жапсыру
Жалқаубек: Керемет сыйлық жасады балалар. Өте әдемі енді аналары қуанып қалатын шығар деп ойлаймын. Бұл топтың балалары шетінен өнерлі тапқыр, ақылды екен.
(ортаға қыздың анасы шығады)
Анасы: Қызым, мен сені іздемеген жерім жоқ, қайда жүрсің. Ботақаным, қошақаным, құлыным, - деп қызын құшақтайды.
Қызы: Мен бақытты барлық жерден іздедім, таба алмадым. Сізді көріп қатты қуандым. Анашым, сенсің ғой менің бақытым.
Жалқаубек: Балалар, мен түсіндім бақыт деген ол біздің анамыз екен ғой. Біз тек анамыздың қасында бақыттымыз. Қой мен анама барайын, анашым қуантайын, сағынышын басайын. Мен анамды жақсы көремін, ал сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Біз анамызды жақсы көреміз.
Жалқаубек: Мен анашымды қуантуға, мерекесімен құттықтауға кеттім. Сау болыңдар. Балалар, рақмет сендерге.
Жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды.
Қияға қиялменен қарыштайды.
Балғындар шын жүректен тебірентіп,
Аналарға әндерін бағыштайды.

Ән: «Әке, ана»(Айбек, Жанерке)
Ана сен бақыттысың, менмін ғой бақшаңдағы бақыт құсың.
Қазірге бөбекте де, өсіре бер,
Ақ сүтіңді ақтаймын, уақыт тусын.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген қуанышы көңілдің
Ана деген - әрбір үйдің жылуы
Ана деген – гүлі тұнған өмірдің
Құрметті ата - аналар, мерекелеріңіз құтты болсын тағы да, Тек құлпырып келген көктемдей әрқашанда жарқырап жүре беріңіздер, дендеріңіз сау болсын!
16 696
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Ана – өмірдің шуағы
Ана – өмірдің шуағы
Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық
Айналайын – анашым
Айналайын – анашым
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!- 2 бала қосылып айтады.
Аналардың көңілі, көктемдей жайнап гүл ашсын!
Аналардың көңілі, көктемдей жайнап гүл ашсын!
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №12 балабақшасының тәрбиешісі Аманғожина Халима Әлжанқызы
Ана - біздің күніміз
Ана - біздің күніміз
Өскемен қаласы, "Ахмер орта мектебі" КММ, шағын орталық тәрбиешісі Муканова Айгерим Бауыржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×