Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айналайын ақ мамам!

26 қазан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Айналайын Ақ мамам!
Мақсаты: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру. Анаға деген махаббаттарын арттыру.

Жүргізуші.
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық,
Аналарды құрметтеп.
Ән маржанын ашайық.

Жүргізуші:
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейміз жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Құрметті аналар, апайлар, бала бақшаның ұжымы, қыздар сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі, әйелдерді халықаралық мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Күндей құлпырып, гүлдей жайнап өміріміздің көркі болып жүре беріңіздер. Бүгін ақ жаулықты әжелерді, асыл аналарды ару қыздарды салтанатты мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. (Көңілді әуен ойналып тұрады.)
Хор:
Ән: Құттықтаймын мама

Жүргізуші:
Өмірде ана бұлақ ана пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем талай шешен
Талай ер, талай ақын талай дана,
Кішкентай бүлдіршіндердің жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.
Рухия:
Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Менде ертең анамдай,
Оқытушы боламын.
Медина:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын анашым
Ы. Ерасыл
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.

Жүргізуші:
Бала бала бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялап қолды талқытқан,
Қаймақты сүтпен қалқытқан.
Суық болса жүрегі,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Исін жұпар аңқытқан,
Бұл кім балалар??? АНА, АНА, АНА, әрине ендеше аналар сіздерге арнап Ақниеттің орындауында Анашым әнін қабыл алыңыздар.

Ән: Анашым
Жүргізуші: наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Балалар қараңдаршы қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (көктем кіреді.)
Көктем:
Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі,
Орман, тоғай бақтарда,
Өйткені мен көктеммін.
Құстар сайрай жөнеледі,
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.

Жүргізуші:
Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн әжелер мен аналар мерекесі. Балалар мен сендердің аналарыңның есімдерін білгім келеді.

Жүргізуші: Әрине біздің балалар аналарының есімдерін біледі. (Балалар жауап береді.)
(Алиасқар, Әділжан, Ақниет, Асылым, Ділдә, Медина, Дінмұхамед, Ы. Ерасыл, Сабыржан)
Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп көп рахмет балалар сендерге.
Жүргізуші: Көктем ханшайымы менің балаларымның сізге көрсететін өнерлері бар қабыл алыңыз.
Жүргізуші:
Теңіздей тереңінде көл бетінде
Бишілер билеп кетті тербетіле,
Аққудай қалықтаған теңіздегі.
Бишілер өнерлерін көрсетуде, (Балапан тобының тәрбиеленушілерінің гүлдер биімен қарсы алыңыздар.)
Би: Гүлдер биі.
Көктем: Осы кезде көктемнің телефоны шырылдайды.
Иә, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керекпін. қазір ұшып келемін. Балалар менің басқа да жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сыйлық ала келдім. Міне. Бұны топқа барғаннан кейін апайларың сендерге таратып береді. Сау болыңдар балалар.
Жүргізуші:
Мәпелейді, әлдилейді бағады,
«Құлыным»деп құшағына алады.
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады.
Балаларымыздың аналарына арналған өлең жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.
Ақниет: Ақ анашым аппағым.
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы, әнім де
Арнадым саған бәрін де
Алиасқар: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз сіздерді,
Құрметті асыл аналар.
Ділдә: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Жанель: Бізге қарап елжіреп,
Сүйсе беттен күнім деп.
Құшақ ашса келші деп
Жүгіреміз күлімдеп,
Жүргізуші: Бәрекелді балалар өнерлерің осылай өрге жүзе берсін. Талаптарыңа нұр жаусын.
Ойын: Гүл жинау Шарты (қызыл және сары түсті қызғалдақтарды корзинаға жинау. Сары ептілік, жылдамдық, әрі шапшаңдық.)
Жүргізуші:
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген қуанышы өмірдің.
Ана деген әр бір үйдің жылуы.
Ана деген гүлі туған өмірдің,
Балаларымыздың жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.
Диас: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір бірден,
Аналарға сыйлаймыз.
Асылым: Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
Әділжан: Анам анам, ақ анам.
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілді аламын.
Жұмсағанға барамын,
Сабыржан: Анамыздың мейірлі,
Жүзіне біз қараймыз.
Анамыздың пейілді,
Жомарт жанға балаймыз.
Би: Стирка
Құрметті қонақтар, ата аналар, тәрбиешілер бүгінгі «Балапан» тобының «Айналайын ақ мамам»атты ертеңгілігіміз аяқталды ықылас қойып тыңдағандарыңызға рахмет. «Ақерке»бөбек жайының әдіскері -------------------------- сөз кезегін береміз.

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы
«Ақерке» бөбек жайы КМҚК тәрбиешісі:
Токешова Асель Кайырбековна
3 331
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Анам - менің жүрегім!
Анам - менің жүрегім!
Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Ана – өмірдің шуағы
Ана – өмірдің шуағы
Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық
Асыл ана
Асыл ана
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Ардақтайық ананы
Ардақтайық ананы
БҚО, Ақжайық ауданы. «Айгөлек» МДҰ І санатты тәрбиешісі Жұмабаева Г. К.
Аяулы анашым
Аяулы анашым
Кусаинова Самал Кемельевна Саға мектеп – бала бақшасы мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
8 наурыз Аналар мейрамы!!!
8 наурыз Аналар мейрамы!!!
Өлеңті орта мектебі 1.жүргізуші Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар. Сіздерді 8 – наурыз мейрамымен шың жүректен құттықтаймыз!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×