Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Анам - менің жүрегім!

07 қыркүйек 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Анам - менің жүрегім!
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші: Құрметті аналар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.

Ән:"Ақ мамам"
Бүгін наурыздың 8 - і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.

Тақпақтар:
Той пердесін ашайық Айдын
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

Ана дейміз біріміз де аңқылдап, Айзере
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.

Анам менің сүйіктім Нұрайым
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

Анаң болса қасында Дария
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Мен анамды сүйемін, Солидат
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

Мәпелейді, әлдилейді, бағады. Диана
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!

Мерекесі бүгін Қасымхан
Алтын анамның,
Сыйлайыншы гүлін,
Жарқын даламның.
Күлімдеген көзі,
Күннің нұрындай,
Ұлым деген сөзі,
Ақын жырындай.

Айналайын анашым Кәусар
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз

That is your mine Аяулым
I agree she is fine
You loves your mother
And I lpve mine

Би: "Чарли"

Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Тақпақтар:
Мені жақсы көреді, Ерасыл
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.

Аналарды сүйеміз, Мансұр
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз..

Менің әжем мейірбан, Аяулым
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.

Әже деген көп шығар, Бақдәулет
Әжемдей адам жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.

Көрініс:"Әжелер"

Көркем сөз
Айша
Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Атырау қаласы Бірлік ауылы
№33 «Көркемай» балабақшасының тәрбиешісі.
Бозжанова Ақгул Серікқызы
Анам - менің жүрегім! жүктеу
3 467
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Айналайын Ақ мамам
Айналайын Ақ мамам
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз - аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Үйректер мен бақалар /ІІ кіші топқа арналған 8 - наурыз мерекесінің ертеңгілігі/
Үйректер мен бақалар /ІІ кіші топқа арналған 8 - наурыз мерекесінің ертеңгілігі/
Ел жатқанда жатпаған, Мен деп тыным таппаған, Бақыты үшін баланың, Аман сау бол, ақ мамам
Ана бақыты баламен.
Ана бақыты баламен.
Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Ана – өмірдің шуағы
Ана – өмірдің шуағы
Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық
Айналайын ақ мамам!
Айналайын ақ мамам!
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру. Анаға деген махаббаттарын арттыру.
Ана - өмір шуағы
Ана - өмір шуағы
Көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×