Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Армысың, Алтын күз! ертеңгілігі

01 қараша 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Армысың, Алтын күз! ертеңгілігі
Мақсаты: Балалардың мерекеге деген қызығушылықтарын арттыру. Күз туралы білімдерін бекіту. Күзгі ерекшеліктерімен таныстыру арқылы таңғажайып сәттермен таңқалдыру.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Армысың ,Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
- Балалар Рамазанның бізге дайындаған жұмбағы бар екен тыңдайықшы.
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар жауабы «Күз»
- Дұрыс айтасыңдар,Балалар күз мезгілінің басқа мезгілдерден қандай айырмашылығы бар?
Балалар жауабы
Ән «Жапырақтар»
- Балалар осы күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар жауабы:
Ендеше балалар ортаға күз айының ханшайымдарын шақырайықшы.
Қыркүйек айы (Адия)
Шоғы толған гүлдей
Жарқыраған алтын күз
Сайраңдап күліп ойнап
Қонаққа келді қырқүйек ай

Қазан айы (Фатима)
Қазан айы молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке қол созып
Құстар ұшып барады

Қараша айы (Айсана)
Құстар қайтты қол созды
Сұр бұлт жапты аспанды
Жапырақ түсіп ,гүл солды
Қараша ызғар басталды

Жүргізуші:Балалар мен сендерге тағы да жұмбақ жасырғым келіп тұр
Аузы жоқ, тiсi бар,
Тындырар ісі бар.
Біздер үшін гүлдерден
Ертелі кеш бал жинар
(Ара)
Дұрыс айтасыңдар,балалар ара жаз мезгілімен, сендермен қоштасып,аралар сендерге өз билерін сыйға алып келіпті
Аралар биін тамашалайық
«Ара» биі
- Рахмет аралар
Балалар осы жапырақтар жаз мезгілінде қандай түсті болады? (жасыл)
Ал күзде қандай түске айналады? (Сары)
- Балалар кәне ойын ойнап жіберейікші
Ойын «Жапырақтар жинау»
Ойын шарты: сары және жасыл жапырақтарды екі себетке жинау
Балалар сендер жұмбақты да шештіңдер, биде биледіңдер тақпақта айттыңдар, енді түстер туралы ән айтайықшы
Ән «Түстер»
(Есік қағылады)
- Балалар естіп тұрмысыңдар біреулер есік қағып тұрған сияқты.

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
- Балалар мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім
Жүргізуші: балалар күз ханшайымға өз өнерімізді көрсетіп тақпақтарымызды айтайық
Қамба толды астыққа Жаннель
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштың да
Қап-қап қауын алдық

Берекесін сыйлауға Олжас
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Құстар қайтты ән салып Ясмин
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды

Жемісі мол теретін Милана
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Анель
Көк аспаның мөлдіреп
Алтын күзім елжіреп
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің желбіреп
- Балалар күзде жиі-жиі не жауады (Жаңбыр)

Атырау қаласы,
КМҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай балабақшасы.
Мусабаева Эльмира Сабыргалиевна
екінші кіші топ тәрбиешісі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 049
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Қарсы алайық бәріміз, Жасымызбен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп.
Алтын күз
Алтын күз
Күз айларының атауларын атау, олардың ерекшелігін ұғындыру. Күз мезгілін Жомарт күз, Алтын күз, қоңыр күз деп атай отырып, әр көрінісінен алған білімдерін қорытындылау. Күзгі табиғат өзгерістерін бақылап, күз байлығын, әсемдікті сұлулықты сезіне
Алтын күз ертеңгілігі
Алтын күз ертеңгілігі
Алтын күз жайлы түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінде өнімдердің молшылығын, байлығы түсіндіру. Қоршаған орта жайлы ойлау қабілеттерін, танымдық қабілеттерін дамыту.
«Ертегілер елінде» алтын күз ертеңгілігі
«Ертегілер елінде» алтын күз ертеңгілігі
Атырау облысы,Исатай ауданы,Аққыстау селосы, "Қарлығаш"балабақшасының тәрбиешісі Магданова Гулмира Айдарбековна
Жомарт күз
Жомарт күз
Астана қаласы, № 63 "Әсем ай" балабақшасыныңмузыка жетекшісі Измаханова Құралай Еламанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×