Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәрбиеші болу оңай ма?

14 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тәрбиеші болу оңай ма? (Тәрбиешілерге арналған тренинг)

Мақсаты: Тәрбиешілердің ұйымдастырушылық қабілеттерін арттырып, бір – біріне деген сенімділік ахуалын қалыптастыру, ұжым арасындағы қарым-қатынасты дамыту. Кәсібі шеберлігін шыңдап, топтасып жұмыс істеу жүйесін одан әрі жетілдіру.
Қатысушылар: Тәрбиешілер
Барысы:
I. Психологиялық жаттығу «Шаттық» шеңберін құру.
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті әріптестер! Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бәріміз бір – бірімізге, туыстарымызға, жер бетіндегі барша адамдарға шын жүректен денсаулық тілейік.
Өзімді - өзім жақтаймын,
Денсаулықты сақтаймын.
Жүректен жылы соншама,
Тілейміз саулық баршаға!
Шын жүректен, үлкен махаббатпен, бәріңізге денсаулық тілейміз!

II. Танысу: Қолыңыздағы допты келесі тәрбиешіге бағыттар алдында өз есіміңізді және оның бас әрпін пайдалана отырып жақсы қасиетіңізді атаңыз. Мыс: Ақмарал ақкөңіл т. с. с.
Жүргізуші:
- Әр баланың терең жан дүниесінде тығылып жатқан күміс қоңырау бар. әлем балаларға қуанышты қоңырау сыңғыры қайырымды да көңілді болу үшін сол қоңырауды табу керек. Бұл сыңғырға жол балалардың шат күлкісі, балабақшадағы қызықтыда тартымды, қайталанбас балабақша өмірінен бастау алады. Қазіргі таңда тәрбиеші болу оңай емес. Қазіргі ата – аналардың талабы балабақшаның ішкі – сыртқы көрінісі, жиһаздардың, ойыншықтардың жеткілікті болуымен қатар балабақшадағы оқу процесінің заман талабына сай болуыда қызықтырады. Оқу процесінде балабақшада тәрбиеші жауапты болса, баланың балабақшаға үлкен қызығушылықпен келуі тәрбиеші жүгін ауырлатары сөзсіз. Сондықтан қазіргі тәрбиеші қауым сауатты, өнерлі, қысқаша айтқанда «Сегіз қырлы, бір сырлы» болуы керек. Бүгінгі тренингіміз тәрбиешілердің білім деңгейін, өнерін тапқырлығын, шапшаңдығын шыңдай түседі, - деп ойлаймын.
Алдымен әділқазы сайлап алайық:
Әділқазылар: Ахметова С. Д. – меңгеруші
Ықсанова Ш. Қ. – медбике
Тәрбиешілерімізді ортаға шақырып, өз нөмірлерін таңдауын өтінемін.
Дайын болсаңыздар конкурсымызды бастайық.

I. Бөлім: «Есім хат»
Бұл бөлімде әр тәрбиеші өзін таныстырады: Өзі туралы, мамандығы, оқыған оқу орны, жұмыс орны, оның мамандығы туралы айтады.
II. Бөлім: «Сергіту» (қағазға жазылған тапсырмалар бойынша әр тәрбиеші санамақ, мақал – мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ, өтірік өлең жатқа айту немесе құрастыру).
III. Бөлім:
Бұл бөлімде тәрбиешілердің білімдері тексеріледі.

1. билет 1) Индикатор деген не?
2) Жаңа стандарт қай жылы, қандай бұйрықпен қолданысқа енгізілді?
2. билет 1) Рефлекция деген не?
2) Базалық оқу жоспарындағы білім беру салалары және әр білім саласының базалық мазмұны қандай ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде жүзеге асады?
3. билет 1) Билингвизм дегенді қалай түсінесің?
2) Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мақсаты?
4. билет 1) Қабілет деген не?
2) Темперамент түрлерін ата, қысқаша сипаттама бер
5. билет 1) Моторика деген не?
2) Тәрбиеші сөзін қалай түсінесің?

IV. Бөлім: «Шығармашылық»
(Берілген тапсырмалар бойынша немесе тақырыпқа сай дидактикалық ойындар құрастыру)
1. «Сыңарын тап»
2. «Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»
3. «Не қайда өседі?»
4. «Қыста не киеміз?»
5. «Ретімен орналастыр»

V. Бөлім: «Сергіту»
Пантомимикалық қимылдар арқылы ертегі кейіпкерлерін бейнелеу. (қарсыласын жеребе арқылы анықтайды)

VI Бөлім: «Шеберлер»
Қолөнер бұйымдарын жасап әкелу, қалай жасалғанын түсіндіріп беру.

VII Бөлім: Қорытынды «Тәрбиеші болу оңай ма?»
(2 топқа бөліну, біреуі сырт көз. Тренингті сырт көз қорытындылайды)

Жүргізуші: Өздеріңіз көріп, айтып отырғандай тәрбиеші болу оңай емес. Бала тәрбиесі қиын да күрделі іс, тәрбиеге жағдай әр адамның елеулі борыштарының бірі, ал бала тәрбиесі дегеніміздің өзі тұрмыс, тіршілік майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Сондықтан да тәрбиеші бойындағы бар күш жігерін, білімін жалықпай, қажымай – талмай, үлкен мәдениеттілік үлгісімен үйрете білуі керек дегім келеді.

Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
«Ақбота» шипажай типті балалар бақшасы
әдіскер – психолог Қалдымұратова Ақмарал
4 179
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Педагогтарға арналған тренинг
Педагогтарға арналған тренинг
Тәрбиешілердің ұйымдастырушылық қабілетін арттырып, бір - біріне деген сенімділік ахуалын қалыптастырып, ұжым арасындағы қарым - қатынасты дамыту.
Баланың балабақшаға бейімделуі
Баланың балабақшаға бейімделуі
Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру; ата - ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Бұл тренинг педагогтардың, тәрбиешілердің педагогикалық ұжымдастықты қалыптастыру. Педагогтардың бір - біріне деген қарым-қатынасты жақсарту, коммуникативтік дағдылану, эмоционалды тұрақтылық, өз-өзіне деген сенімділікті нығайту.
14 - 17 жас аралығындағы балаларға арналған ойындар
14 - 17 жас аралығындағы балаларға арналған ойындар
14 - 17 жас аралығындағы балаларға арналған ойындар
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Қарағанды қаласы, №68 МИББ кешенінің физика пәні мұғалімі Біләл Дина Төлеуханқызы
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мерген ауылы МКҚК "Балбөбек" балабақшасының әдіскері Сиражева Светлана Халеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×