Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баланың балабақшаға бейімделуі

16 маусым 2019, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Баланың балабақшаға бейімделуі
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру; ата - ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Тәрбиеші: - Құрметті ата - аналар! Біз сіздермен бірінші ата - аналар жиналысында кездескенімізге қуаныштымыз. Біз бен сізді байланыстырып тұрған әрине балалар. Сол балаларымыз аман болсын! Балаларыңыз сіздерді тек жақсы қылықтарымен қуанта берсін дей келе бүгінгі оқу жылындағы алғашқы жиналысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. Психогимнастика. «Мен сізді көргеніме өте қуаныштымын» жаттығуы.
2. Ата - аналарға ақыл кеңес. «Баланың балабақшаға бейімделуі»
3. «Тазалық - денсаулық кепілі»
4. Ата - аналар төрайымын және мүшелерін сайлау
5. Сауалнама толтыру
6. Қорытынды.

1. Психогимнастика. «Мен сізді көргеніме өте қуаныштымын» жаттығуы.
Мақсаты: қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы: әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады; «мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі...». Бұл сөздерді адамның сыртқы келбетіне қарап емес, мінез ерекшелігіне байланысты сөзбен аяқтау керек.
*Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
*Көршіңіз «мен сізді көргеніме қуаныштымын» деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

2. Ата - аналарға ақыл кеңес. «Баланың балабақшаға бейімделуі»
Балабақша психологы - Үміт Анатолиқызына сөз беріледі

3. Тазалық - денсаулық кепілі. Балабақша медбикесі - Р. М. Рахметоваға сөз беріледі.(Балалардың денсаулығына, тазалығына көңіл бөлуді өтінеді. Күнделікті таза киім киіндіру, шаштарын тарау, тырнақтарын уақтылы алу керектігін, балабақшаға ауырған балаларды дәрігер анықтамасынан кейін әкелетінін, ауырса дәрігерге қаралу керектігін ескертеді)

4. Ата - аналар төрайымын және мүшелерін сайлау.
- Құрметті ата - аналар төрайымын сайлау осы отырған сіздерге жүктеледі, сондықтан ақылдасып өз пікірлеріңізді білдірулеріңізді өтінемін. Әр ата - ана өз пікірлерін ұсына отырып, дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын.

5. Сауалнама толтыру.
Сауалнама
Балаңыздың толық аты - жөні.
Туған күні, айы, жылы, иин
Әкесінің аты - жөні
Қайда, кім болып жұмыс істейді?
Жұмыс телефоны, мобильді телефоны
Анасының аты - жөні
Жұмыс орны
Жұмыстелефоны, мобильді телефоны
Мекен - жай, үй телефоны
Балаңыздың денсаулығы туралы
Қандай ойыншықтармен ойнағанды ұнатады?
Балаңыздың қандай шығармашылық қабілеттері бар?
Қандай тамақ түрлерін ұнатпайды?
Теледидардан қандай бағдарлама көреді?
- Құрметті ата – аналар келгендеріңізге рахмет. Алдарыңызда тұрған қағазға бүгінгі жиналыстан алған әсерлеріңізді, болмаса бізге, балабақшаға деген айтар ойларыңыз болса жазып кетіңіздер. Балаларыңыз ауырмасын, сіздерге денсаулық тілейміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар. Балаларды себепсіз балабақшадан қалдырмауларыңызды сұраймыз.
Баланың балабақшаға бейімделуі. жүктеу
3 278
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақшаға бейімдеу
Балабақшаға бейімдеу
Бейімделу деген жаңа қоршаған ортаға үйрену. Балабақша балаға, әрине, жаңа, әлі таныс емес кеңістік, жанашылық қарым - қатынас. Баланың балабақшаға бейімделуі өзінің психо - физиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне, отбасылық қарым -
Балалардың тілдерін қалай дамыту керек?
Балалардың тілдерін қалай дамыту керек?
Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, ата - аналармен бетпе - бет кездесе отырып, бала тәрбиесі, балалардың тілін дамыту жайында әңгімелесу, бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру.
Ата - аналар жиналысы 2 сынып
Ата - аналар жиналысы 2 сынып
Жиналыс басында педагог ата - аналарға арнап анкеталық сұрақ дайындайды. Қорытындысы жиналыс соңында қаралады.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Балаңыз балабақшаға баруға дайын ба?
Балаңыз балабақшаға баруға дайын ба?
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аккыстау селосы, №1 "Қарлығаш" балабақшасының психологі: Г.Меңдіғалиева
Психологтің кеңесі
Психологтің кеңесі
Дюсенова Мейрамгуль Бердыбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×