Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем келді

26 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Қатынас». «Әлеуметтік орта».
Бөлімі: Тіл дамыту. Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Көктем келді
Мақсаты:
Білімділігі: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс - әрекеттері туралы мағлұмат беру. Сурет арқылы әңгіме құрата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Білуге құмарлығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: Көктем көрінісі суреті, құм салынған ыдыс, бидай.
Әдіс - тәсілдері: Ғажайып сәт, жұмбақтар, сергіту сәті, қимылды ойын: «Көктем алаңы» Тәжірибе жасау.
Сөздік жұмыс: көктем, бүршік, бәйшешек.
Билингвальды компонент: көктем - весна, бәйшешек - подснежник.

Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
«Құлыншақ» біздің үйіміз,
«Құлыншақ» тобының,
Ұлы менен қызымыз.
Айнала билеп, ән айтып
Көңілді болып жүреміз.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті психологиялық кезеңнен (көктем мезгілінің табиғат құбылыстары дыбыстары: құстар, жылғада аққан су дыбысы) басталады.
- Балалар, бұл ненің дыбыстары?
- Иә, балалар бұл – табиғат құбылыстарының дыбысы.
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
Жаңа сабақ
- Балалар, көктемде күн шуағын шашып, қар еріп, сай - сала суға толып, жыралардан су ағады. Ағаштар бүршік жарады, жапырақтар шығып, ағаштар жасыл желекке оранады. Ең алғашқы бәйшешектер пайда болады, қызғалдақтар шыға бастайды. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Егістікте жер жыртылып егін егіледі. Ал жайлауда қой қоздап, сиыр бұзаулайды. Көктем – тамаша жыл мезгілі! (бейнелер слайдта көрсетіледі)

Бүгін жұмбақ шешу арқылы, сурет құрастырайық.
- Балалар мына сурет әдемі ме?
- Ендеше, осы суретті әдемілеп, түрлендіріп жіберейік.
- Мен жұмбақ оқиын сендер шешіңдер.
Жұмбақтар: Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
* * * * * *
Аспандағы көлеңке,
Жерге сусын себеді.
* * * * * * Жазда жайнайды,
Күзде жайрайды.
* * * * * *
Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді,
Алақаның жазып.
* * * * * *
Шарлап келіп даланы,
Үйіме - үйін салады.
* * * * * *
Айт десе жүгірмес,
Су тисе сілкінбес.
- Балалар сурет әдемі болды ма?
- Бұл суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Қандай айлары бар?
Сөздік жұмыс: көктем, бүршік, бәйшешек. Билингвальды компонент: көктем - весна, бәйшешек - подснежник Тіл ұстарту жаттығулары:
1. Тем – тем – тем,
Келді көктем.
2. Шек – шек, — шек
Шығады бәйшешек.
Ғажайып сәт.
Қонаққа Көктем келеді.
Балалардан көктем, құстар, туралы тақпақтар сұралады.

Сергіту сәті:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталады.
Мына басым ақылды,
Бәрін осы басқарады.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Бәрін осы атқарады.
Көктем балаларға ойын ала келеді.
Қимылды ойын: «Көктем алаңы»
Шарты: суреттерді қыстырғыш және қақпақпен сәндеп орнына орналастыру.
Тәжірибе жасау.
Балалардың назарын үстел үстіндегі нан тағамдарына аудару.
- Үстел үстіндегі қандай тағамдар?
- Дұрыс, нан тағамдары.
- Балалар, нан тағамдары ұннан жасалады. Ұн бидай тұқымынан пайда болады. Ал, бидай көктем мезгілінде жерге егіліп, көптеген еңбектен соң ұн пайда болады. Ұннан әр түрлі тәтті нан тағамдары пісіріліп, біздің дастарханымызға келеді.
- Балалар, біздер бидай тұқымын егіп тәжірибе жасап қараймыз.
Топырақ салынған ыдысты алып, ортасын таяқшамен шұңқырлап, бидай тұқымын салып, бетін тегістейміз. Үстіне су құямыз.
Көктем балалармен қош айтысады.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
“Құлыншақ” ясли балабақшасы
Тәрбиеші: Кеуелова Бақтыгүл Сұлтанбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 251
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көрікті көктем
Көрікті көктем
Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс - әрекеттері туралы мағлұмат беру.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Көктем сәні (ертегі)
Көктем сәні (ертегі)
Балаларға ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көктем
Көктем
8 - сынып оқушысы Абдраманхан Марат
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Көрікті көктем
Көрікті көктем
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі аракөз Асарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×