Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ашық аспан астындағы мұражай

03 ақпан 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Шаттық шеңбері: Балалар шеңберде тұрып бір - біріне жіпті лақтырып тілек айтады. Ең соңында тор пайда болады да, қайшымен қиып әр баланың қолында жіп қалады.
Мен - әдептімін
Мен - сабырлымын
Мен - сұңқармын
Мен - тілалғышпын
Мен - жігерлімін
Мен - арманшылмын
Мен - зерекпін
Мен - тәртіптімін...
Сабақтың барысы:
Сенсің – менің өлеңімнің отаны,
Сенсің – менің қиялымның бесігі.
Саған қарап тартып бүгін жол тағы
Асқар тауым – туған халық, жер, суы.
Тәрбиеші:
- Қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілінің айларын атаңдар?
- Қазір қандай ай?
Айгүлден хат
Тәрбиеші:
- Балалар бізге Астанада тұратын Айгүл деген қыздан хат келді.
Сәлем хат
Сәлематсыздар ма! Мен сіздерге Астанадан хат жазып отырмын, есімім Айгүл. Мен теледидардан Ақтау қаласы туралы көп хабар естимін. Маңғыстау өлкесі, Ақтау қаласы туралы білгім келеді. Менің сұрақтарыма жауап берсеңіз екен.

Сәлеммен Айгүл
Тәрбиеші:
- Балалар біз қай өлкеде тұрамыз:
- Қаламыздың аты қалай аталады?
Айгүлдің 1 - ші тапсырмасы:
Ақтау қаласында қандай көрнекі орындар, мұражайлар бар?
(балалардың жауабы)
Тәрбиешінің Маңғыстау – аспан астындағы ашық мұражай туралы әңгімесі.
Маңғыстау өлкесінің әрбір бедері, тауы, тасы ақиқатты аңызға толы, әр ескерткіші ғасырлар қойнауынан сыр шертеді. Осындай мәдени мұралардың бірі - өлкеміздің сәулет ескерткіштері. Маңғыстау сәулет ескерткіштерінің бүгінге дейін сақталып қалуының себебі – оларға ғұмыры мыңжылдық тау тастары пайдаланылған. Бұл сәулет ескерткіштерінде әртүрлі геометриялық пішіндер, қазақтың ою - өрнектері пайдаланылған. Сәулет ескерткіштерінен сол кезде өмір сүрген адамдардың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін, тұрмысын, дүниетанымдарын көруге болады.
Маңғыстау сәулет ескерткіштері тарихи – мәдени мұра. Олар мемлекет қорғауында.
Әңгіме бойынша балаларға сұрақтар:
- Қандай құрылыс материалдарын пайдаланған?
- Қандай геометриялық пішіндер қолданған?
- Қандай ою - өрнектер пайдаланылған?
- Ескі ескерткіштер мен жаңа ескерткіштердің арасында қандай айырмашылықтар
бар?
Айгүлдің 2 - ші тапсырмасы
Маңғыстау өлкесінде қандай өндіріс орындары бар? (карточкамен жұмыс)
Айгүлдің 3 - ші тапсырмасы
Маңғыстау өлкесін қандай құстар мекендейді?
(карточкамен жұмыс)
Психологиялық ойын - жаттығу: «Толқын»
Балалар шеңбер жасап отырады.
Психолог: Балалар, жаз мезгілінде теңізге қалай түскенімізді есімізге түсірейікші. Теңізде шомылған қандай жақсы. Толқындар сені жәймен сипалайды., жуындырады. Толқындар қандай көңілді, мейірімді. Олар бір - біріне ұқсас. Қане, біз де толқынмен шомылайық. орнымыздан тұрып, бір - бірімізге күліп, қолымызбен толқынды елестетейік.
Балалар психологпен бірге мейірімді және көңілді толқындар қимылын қайталайды. Осындай жаттығулардан соң психолог балаларға кезекпен кезек теңізге шомылуды ұсынады. Шомылған бала ортада тұрады, ал толқындар бір - бірден жүгіріп барып жәймен сипалайды, бірдей қимыл жасайды.
Айгүлдің 4 - ші тапсырмасы.
Блиц сұрақтар?
- Көз, құлақ не үшін керек?
- Қыстың күні орманда нені кездестірмейсің?
- Кемпірқосақ неше түсті?
- Аққала қандай геометриялық пішіндерден құралады?
- Қардың қандай түрлері бар? (ақша қар, ұлпа қар, омбы қар, сонар қар)
- Шөлге шыдамды жануар?
- Сумен жүретін көлік?
- Сен ата - әжеңе кім боласың?
- Анасының бесіктегі балаға айтатын өлеңі (әлді - әлді)
- Бірінші күнді көрген жануар?
- Қазір қандай жыл?
- Бақта не өседі?
- Еңбек етсең ерінбей?.........
- Қой маңырайды, жылқы.... Шошқа қорсылдайды, сиыр..
- Шыршаның инесі қандай? (жасыл)
- Киім тігетін ине қандай? (үшкір)
- Қазақстаның ақшасы?
- Адамның дене мүшесі?
- Қасық, шаңышқы, қазан, тостақан, құмыра нелер?
- Спорттық ойындар?
- Айгүл ауруынан тез жазылуы үшін дәрігер не жазып берді? (рецепт)
Тәрбиеші:
- Балалар енді біз әр түрлі тастардан Айгүлге сыйлықтар жасап жіберейік.
Балалардың жұмысы. Тәрбиеші балалардың жұмысына баға береді:
- Біздің топтың балалары өте шебер және өнерпаз. Қазір қыздарымыздың орындауында би «Маңғыстау маржандары»
Сергіту жаттығуы
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды
Бәрі осыдан басталған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі бастаған.
Қорытынды:
Бүгінгі сабағымызда не туралы сөйлестік?
Кімнен хат алдық?
Айгүл қай қалада тұрады?
Айгүлге біз не сыйладық?
Отан дейміз – от жаққан жерімізді,
Отан дейміз - өсірген елімізді.
Отан дейміз – туған жер, атамекен
Отан дейміз – кең байтақ елімізді.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, "Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі
Гүлнар Аманғалиева
2 722
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қуыршақ Айгүл бізде қонақта
Қуыршақ Айгүл бізде қонақта
Балалардың тілін дамыту. сөздік қорын байыту. Сабақтың мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, заттарды бір - бірімен салыстыруға, оларды ажыратуға және танып білуге үйрету.
Елін сүйген – Елбасы
Елін сүйген – Елбасы
Балалардың өз Отаны туралы білімін кеңейту. Еліміздің Тұңғыш Президентін жас ұрпаққа таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Жомарт күз
Жомарт күз
Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Балаларға күз сыйлығы, жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру мен түстер мен пішіндерді ажыратуға үйрету. Ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Ана тілім – бал тілім!
Ана тілім – бал тілім!
Туған елі, Отаны, Қазақстан Республикасының Рәміздері, ана тілі туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Туған тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Президент – ел тірегі
Президент – ел тірегі
Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа
Туған жер - алтын бесігім
Туған жер - алтын бесігім
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы»ММ - сі тәрбиеші Айсина Айгул Сансызбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×