Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мерекеңмен анашым!

12 ақпан 2017, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мерекеңмен анашым!
Мақсаты:
- мерекелік көңіл - күйін құру
- анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту
- ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
- балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру
- өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
(Сахна мерекеге сай безендірілген)

Жүргізуші: Армысыздар аяулы ана, мейірімді әжелер, қызғалдақтай құлпырған қыздар.
Бұл мереке жүректерге гүл сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктен.
Жарқыраған шуағыңмен күн - Ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем
Шын жүректен ақ көңілмен,
Алғашқы көктемнің күлімдеген
Құттықтаймыз 8 наурыз мерекесі
Халықаралық әйелдер күнімен.
Бүгінгі «Мерекеңмен қасиетті - аналар!» атты «Қуаныш» тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
(Осы кезде екі бала шығады сахнаға)

Алижан: Баурап алар бір - ақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы - ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.

Самғат: Саған не болды, сонша ақын болып кеттің бе?
Алижан: Білесің бе? бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ
Самғат: Неге сиқыршы келеме?
Алижан: Жоқ, таппадың
Самғат: Ә, таптым, таптым «Қуыршақ» театры келеме?
Алижан: Ой, ештеңе сезбедің бе? Бүгін біздің балабақшамыздың ең сұлу, ашық жүзді арулардың мейрамы ғой.
Самғат: Мен қалай ұмытқанмын, кешірші досым. Ендеше сұлу қыздарымызды ортаға алып шығып ән айтайық. (Шығып кетеді).
Жүргізуші: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құттықтап
Ән маржанын ашайық.
Тамаша әнмен балаларымызды ортаға шақырайық. (қол ұстасып залға балалар кіреді)

Ән мен би: «Ай дидарлы анашым»
Тақпақтар: Б. Мадина Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың егізі.
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Айзере: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағында қысылмай
Серік: Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам,
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам
Е. Мадина: My dear, dear mommy,
I love you so much!
I want you to be happy
On the 8th of March!

Алижан: Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.
Данара: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз,
Біздің ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Ильяс: Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді,
Күні бойы бірге ойнап
Жанымнан бір кетпейді.

Адилия: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Айана: Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым,
Ұзақ өмір жүр жасап
Ауырмашы анашым.
Әділжан: Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам, әй мамам,
Сені көрсем қуанам
Сен керексің қашанда.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, енді орнымызға жайғаса қойыңдар.
(Жай әуенмен мұңайып қар кіреді)

Жүргізуші: Сіз неге жылап тұрсыз, біреу тиді ме?
Қар: Қалай жыламайын, балаларды қимай тұрмын. Қыста менімен аққала жасап, бір - біріне лақтырып ойнайтын еді, енді көктем келіп, мен кеткелі жатырмын (жылайды)
(Осы кезде мұз кіреді әуенмен)
Мұз: Ой қар досым - ау, енді не істейміз, жер ана солай жаратқан, сен де, менде еріп суға айналамыз.
Аяз: Достарым сендерді ұстап тұратын менің де күшім кетті, енді келесі жылы кездесеміз.
Жүргізуші: Сіздер мұңаймаңыздар, әр табиғат құбылысының өзіндік ерекшелігі бар. Сіздер адамзатқа керексіңдер. Сіздерді 4 жыл мезгіліне бөлудің де себебі сол. Оданда балалардың азірлеген биін тамашалап, көңілдеріңізді көтеріңіздер.
Би: Топни ножка
Қар, мұз, аяз: ой қандай тамаша би. Рахмет біздің көңіліміз көтерілді. Енді біз сіздермен ойын ойнағымыз келіп тұр.
«Күндерді жина» ойны
Ойын шарты: әр бір командаға күннің бөліктері беріледі (шеңбер және 10 шуақтары). Балалар осы бөліктерден күн құру керек. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді.
Қар, мұз, аяз: Енді бізді көктем келіп ерітпей тұрғанда біз балалар өздеріңмен қоштасайық. Келесі кездескенше. (Балалармен қоштасып шығып кетеді)
(Әдемі әуенмен Ару көктем келеді)
Ару көктем: Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне тал еккенмін.
Қымбатты арулар, аналар, мерекелеріңіз құтты болсын.
Жүргізуші: Амансың ба Ару көктем. Ұлан байтақ елімізге қош келдіңіз. Шуағыңмен шаттандырып, нұрыңды мол төге бер. Ару көктем біздің балаларымыз сізге арнап ән айтып бергісі келіп тұр.

Ән: Көктем келді
Тақпақтар: Айару: Аппақ мамам, ақ мамам
Ақ мамам деп шаттанам,
Түн ұйқыңды төрт бөліп
Бөпешім деп жатпаған.
Сабина: I like the way you kook.
I like the way you cook
Now I want to say
Happy mother` s day

Арслан: От чистого серца простыми словами
Давайте ребята потолкуем о маме,
Мы любим ее как хорошего друга
Мы можем доверить ей сердце свое
И просто за то что она наша мама
Мы крепко и нежно любим ее.
Артур: Отпустили холода
К нам пришла весна красна
И не даром праздник мамин
Из весенних самый ранний.
Бекжан: Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім ой келді
Қуанышты күні енді
Құттықтаймыз сіздерді.

Аяулым: Аялаған баптаған, асыраған, сақтаған
Сақтандырып күнде еккен,
Айтып бәрін үйреткен.
Анамызға мың алғыс
К. Мадина: Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс.
Самғат: Адал бол деп балдырған,
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат
Тілегіңде де мархабат
Анамызға мың алғыс
Эльназа: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым,
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым.
Рамазан: Әже деген көп шығар,
Әжемдей жоқ шығар,
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Алина: I love my mother
Shes kind and day
She reads me books
And helps to play
Көктем: Рахмет балалар жарайсыңдар. Әндерін де тақпақтарыңда тамаша екен.
Көктем: Қымбатты балалар сендер өз аналарыңмен ойын ойнағыларың келе ме?
Ендеше ортаға 5 ата - ана шығын сұраймын. «Аялы алақан» ойынын ойнаймыз.
Жүргізуші: Рахмет көп - көп.
Ару көктем енді біздің балаларымыздың сізге, аналарына, апаларына, әжелеріне арналған тамаша биі бар еді, соны тамашалаңыздар.
Би: Аспаздар
Жүргізуші: Ару көктем біздің балаларымыз орысша ән де біледі.
Ән: Мамочка моя.
Бүгінгі біздің тобымыздың әкелері қыздарымыз бен аналарымызға арналған тосын сыйы бар. Соны қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ой балалар, балалар
Ойналық та күлейік
Қане енді бұралып
Анамызбен Би билеп те берейік
Би: Аналармен би

Жүргізуші: Сүйкімді ғой балалар,
Өнерлі ғой баршасы
Міне осылай қойылым,
Көрсетті ғой балалар.
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сау болыңыздар!
5 353
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана – аса қымбатты жан
Ана – аса қымбатты жан
Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады.
Ана-өмірдің гүлі
Ана-өмірдің гүлі
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем Жарығыңмен, шуағыңмен күн - Ана, Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Анашым, мерекеңмен!
Анашым, мерекеңмен!
Дүние көркі, мықты еркі ол - Ана Сәби үшін жұмсар күшін ол - Ана Мейірім толы, жұмсақ қолы ол - Ана Биік асқар, ұзақ жасар ол - Ана
Ана - өмір шуағы
Ана - өмір шуағы
Көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Мерекеңмен, Анашым!
Мерекеңмен, Анашым!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы № 1 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қоспанова Алмагүл Кенестірқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×