Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана-өмірдің гүлі

25 мам 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем
Жарығыңмен, шуағыңмен күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Шын жүрек ақ көңілменен
Алғашқы көктемнің күлімдеген
Құттықтаймыз сегізінші наурыз мерекесі
Халықаралық әйелдер күніменен
Құрметті аналар! Құрметті балабақша қызметкерлері! Бүгін сіздерді көптен күткен сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Бөбек тобының «Ана - өмірдің гүлі»- атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Алғашқы мерекелік құттықтау сөзін балабақшамыздың директор апайға береміз. Келесі сөзді ата - аналарға береміз.
Жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Аяулысың, ауылымның асылдары, Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би Сіздер үшін мереке шашулары,- дей отырып "Бөбек" тобының балаларын шақырамыз.
"Ана туралы баллада" Вальс.
Мирас: Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам барма екен.
Нұрасыл: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Динара: Анам болса қасымда,
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.
Жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер,
Көтерілсін қанекей көңіл - күйлер.
Алдарыңызда қазір "Айгөлек" биі,
Таң қалдырып бүлдіршіндер би билеңдер.
"Айгөлек" биі.
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. "Қариясы бар үйдің, қазынасы бар" деп бекер айтылмаған. Келесі тақпақтарымыз әжелерімізге арналады.
Ж. Амина: Менің әжем гүл әжем,
Алтын әжем күн әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз әжем, тілі әжем.
Әділжан: Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.
Адай: Мен әжемді сүйемін,
Киімді өзім киемін.
Ақылына көнемін,
Өлең айтып беремін.
Жүргізуші: Жасыл көктем, сен көктем,
Гүлді гүлмен өрнекпен.
Ел бақытты, мейірлі,
Балалары әндеткен.
Хор:"Құттықтаймын мама мерекеңмен!"
Жүргізуші: Ақ қар еріп, су көбейіп
Сай салада ағады
Бүршік шашып
Жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады...
Мал маңырап, төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы: Көктемде!
Музыка әуенімен ортаға көктем келеді.
Көктем: Армысыздар балақайлар,
Әзиз әже, назды апайлар
Мол шуақты ала келдім
Қуаныңдар балақайлар
Мен құлпырған бәйшешектей
Келіп жеттім көктемменен
Шаттаныңдар мейірімді аналар
Бұл мереке тек сіздерге арналар.
Жүргізуші: Амансың ба, Ару көктем? Ұлан байтақ жерімізге қош келдіңіз!
Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.
Ару көктем біздің балаларымыздың өзіңе арнаған тақпақтарын қабыл ал.
Інжу: Көктем келді жадырап,
Күн нұрымен таласып.
Жайнай берші жадырап,
Жаны жайсаң аналар,
А. Амина: Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам, ай мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қайда да.
Інжумаржан: Анам менің анашым,
Сені жақсы көремін,
Мерекеңмен бүгінгі,
Құттықтаймын мен сені.
Алтын: Жүзімізге қараңыз.
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күн шуақ.
Бізге қымбат аналар!
Көктем: Жарайсыңдар балалар, өнерлі екенсіңдер.
Енді сендермен ойын ойнағым келіп отыр.
Ойын:"Анамызды сәндейміз"
Ән: "Қошақаным қайда екен"
Жүргізуші: Әйел - ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздің әсем әнін қабыл алыңыздар.
Ән:" Топ - топ балақан"
Жүргізуші: Ана - барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңмен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде,
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым,
Барша ана құтты болсын мерекеңіз!
Әрқашанда ана сізбен берекеміз
Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз. Құрметті қонақтар бүгінгі "Ана - өмірдің гүлі" атты ертеңгілігімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы,
"Ақбота" балабақшасының тәрбиешісі
Байсеитова Гүлзи Байсеитқызы
3 122
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Ана – тіршілік тірегі
Ана – тіршілік тірегі
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз - аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Айналайын ақ мамам!
Айналайын ақ мамам!
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру. Анаға деген махаббаттарын арттыру.
Мәпелейді ана - қолындағы құсын
Мәпелейді ана - қолындағы құсын
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12 балабақша тәрбиешісі Аманғожина Халима
"Сыйынар ем Ана деген тәңірге" (қазақша 8 наурыз сценарий)
"Сыйынар ем Ана деген тәңірге" (қазақша 8 наурыз сценарий)
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×