Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өрт және оның салдары

27 наурыз 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Денсаулық.
Оқу қызметі: Қауіпсіз мінез - құлық ережелері.
Тақырыбы: Өрт және оның салдары
Мақсаты: Балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру. Өзін - өзі қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға және өрт болған жағдайдағы қарапайым ережелерді үйрету. Ұқыптылыққа, өзін - өзі қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер: өрт туралы мазмұнды суреттер, сіріңке, үтік, газ плитасы, темекі тұқылы суреттері, үш тәрелке, ыдыстағы су, топырақ, қалың мата, өрт сөндіруші ағай, ойыншық көліктер.

Жылулық шеңбері
От жақпа күйерсің,
Өртеніп жүрерсің.
Сіріңкені ұстасаң,
Бәлеге сен түсерсің.

Оттың ісі қуырмақ
Желдің ісі суырмақ
Қазір жанған жалынды,
Алып - ұшып қуаламақ.

Өрт сөндіруші машинаның дыбысы естіледі.
- Балалар, бұл ненің дыбысы, сендер естіп жатсыңдар ма?
- Дұрыс айтасыңдар, бұл өрт сөндіруші машинаның дыбысы. Ал ол қайда асығып бара жатыр?
- Ия балалар, ол өрт сөндіруге асығып бара жатыр. Қане кім айтады, өрт сөндіруші машина қандай болады?

- Дұрыс айтасыңдар, неге қызыл түсті болады?

- Өте дұрыс, ал мына көліктер ішінен кім өрт сөндіруші машинаны тауып береді?
- Дұрыс тапты ма балалар.
- Ал бұл көлікті жүргізіп, өрт сөндіретін маман иесін кім деп атаймыз?
- Дұрыс айтасыңдар. (өрт сөндіруші кіріп келеді)
Балалармен амандасады.
Тәрбиеші: Сіздердің өрт сөндіруге асығатыныңыз туралы балалар біледі, ал өрттің шығуына не себеп болады?
Өрт сөндіруші:
От - өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамағымыз да піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса, өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады.
Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды. Сонымен от өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармау жөн болар. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін байқамай қаламыз.
Бүгін балалар, мен сендердің білімдеріңді байқайын деп бірнеше ойындар алып келдім.
« Ойлан, тап» дидактикалық ойыны.
Ойын шарты: көптеген заттық суреттердің ішінен өрт шығуға себепті заттардың суреттерін тауып көрсету.
(Тақтада үтік, газ плитасы, орындық, гүл, сіріңке, қолшатыр, темекі тұқылы, диван суретері )

- Жарайсыңдар балалар, тамаша.
Балалар енді сендермен тағы да « Не істер едің?.» ойынын ойнағым кеп тұр.
Мен сұрақтар қоямын, ал сендер жауап бересіңдер.
- Сен үйде жалғыз қалдың. Ата - анаң қонаққа кетті. Кенет электр тогының пышырлап жана бастағанын байқадың.
Не істер едің?
- Үйге көп қонақ келді. Шай ішіп болған соң үлкен кісілер темекі тартуға сыртқа шықты. Сөйтті де бір кісінің шеккен темекісінің тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады. Мұндай жағдайда не істейсің?
- Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті. Жанып жатқан пештің есігі ашылып, ішінен жанған от түсіп кетті. Сен не істер едің?
- Жарайсыңдар балалар, естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады.
- Балалар отты қалай өшіруге болады?
- Қазір мен сендерге бірнеше әдісін көрсетемін.
1 - тәжірибе: тәрелкедегі жанып тұрған қағазға су құю.
- демек өртті су өшіреді.
2 - тәжірибе: тәрелкедегі жанып тұрған қағазға құм немесе топырақ себу.
- су болмаған жағдайда өртке құм немесе топырақ шашсаң өшеді, тіпті гүл отырғызылған құмырадағы топырақты да шашуға болады.
3 - тәжірибе: тәрелкедегі жанып тұрған қағазды қалың матамен жабу.
- жанып жатқан затты қалың көрпемен немесе ауа өткізбейтіндей қалың матамен жапсаң, от өшіп қалады. Себебі от жану үшін ауа қажет, ауа жетпегендіктен от өшеді.

Ал енді от туралы мақал - мәтелдер айтайық
Отпен ойнама күйерсің.

Ойын түбі – от.

Отын деген шөп болар,
Жинай берсең көп болар.

От жақпа пісерсің,
Ор қазба түсерсің.

«Болады - болмайды» дидактикалық ойыны.
Ойын шарты: қолдарына қызыл және көк түсті белгілерді алып, болмайтын жағдайда қызыл түсті, болатын жағдайда көк түсті көтеру.
- Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға.....
- Жанып тұрған сіріңкені тастауға...
- Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға...
- Өрт шыққан жерде қалуға...
- Басымызды, бет - аузымызды ылғал сүлгімен орауға...
- Өрт кезінде газды, жарықты, тоққа қосылатын құралдарды қосуға...
- Қорықпай өрт сөндірушілердің айтқанын тыңдауға...
- өрт кезінде кереует астына, шкаф ішіне тығылуға....
Өрт сөндіруші:- Жарайсыңдар балалар, сендер енді өрт туралы, оны өшіру туралы көп білетін болдыңдар. Мен сендердің әрқашан мұқият болып, отпен ойнамайтындарыңа сенімдімін.
- Балалар бүгін сендер оттың дос та, жауымыз бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің»
«Өрт - тілсіз жау»

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Сарыкемер ауылы, "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі
Алибекова Ұлмекен Мухамбетовна
3 256
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы ережелер мен мәліметтер
Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы ережелер мен мәліметтер
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Адам және өрт сайысы
Адам және өрт сайысы
Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық – техникалық заттарды
Көліктер
Көліктер
Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру. Жүк көлігі жіне оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
От - досымыз, от - жауымыз
От - досымыз, от - жауымыз
Өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы балаларға түсіндіріп, білімдерін кеңейту. Өрттің алдын алуға балаларды ынталандыру. Сұрақ - жауап арқылы қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық
Жас өрт сөндіруші
Жас өрт сөндіруші
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№25 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Бота» тобының тәрбиешісі Олжабаева Айгуль Айткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×