Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызыл, сары, жасыл. Бағдаршам

09 сәуір 2017, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызыл, сары, жасыл «Бағдаршам»
Білім саласы: «Коммуникация». «Таным».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет. Құрастыру.
Мақсаты: 1. Өлеңді суреттер бойынша айту. Сөздік шығарманың ұқсастығының алғашқы түрлерін қалыптастыру. Шығарманы тыңдай білуге тәрбиелеу.
2. Балалардың бағдаршам туралы білімдерін бекіту. Сенсорлық - аналитикалық әрекетті дамыту. Құрастырушылық дағдыларды дамыту. Кеңістікте бағдарлаудың әдіс - тәсілдерін білуді үйрету.
Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ойын
Көрнекіліктері: автобус макеті, көлік түрлері, жол белгілері, ала жолға қажетті қағаздар, интерактивті тақта
Сөздік жұмыс: тиым салынатын белгілер
Билингвальды компонент: Бағдаршам - светофор - traffic light. қызыл - красный - red, сары - желтый - yellow, жасыл - зеленый - green.

Мотивациялық қозғаушылық - Кәне, балалар, амандасайық.
Сәлеметсіңдер ме?
Шаттық шеңбері
Автобусты айдаймыз
Асулардан асамыз
Ережені сақтаймыз
Аялдамада тоқтаймыз.
Бағдаршамда сақтықпен
Жасыл жанса айдаймыз
Сары жанса дайындалып,
Қызыл жанса тоқтаймыз!

Ұйымдастырушылық ізденістік
- Балалар міне бәріміз «Бағдаршамдар еліне» келдік. Бұл барлық адамдармен қатар балалардың да жол қозғалыс ережелерін біліп, оны күнделікті қолдану елі. Айтыңдаршы, жол қозғалыс ережесі не үшін және кімдерге керек?
- Қалай ойлайсыңдар, неліктен бағдаршамдарда жол оқиғалары болмайды.
- Дұрыс, осы елдің құрметті тұрғындары болуымыз үшін біздер бірнеше тапсырмаларды орындауымыз қажет.

1 - тапсырма.
- Біздер «Кішкентай жүргіншілердің ережелерін» жатқа білеміз бе екен? Кәне кім айтады?
(Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі)
1. Ата - ананың сенімін
Есте ұстап сақтай біл
Жолдан өтер жаяудың
Ережесін сақтай біл

2. Көшенің тар соқпағы
Құлағыңды асырма
Тежегішпен тоқтады
Зулап келген машина
Ұқыптырақ болсаңшы

3. Ұқыптырақ болсаңшы
Аман қалған бақытты
Бізге ескертті жол сақшы
«Үнемдеме» уақытты

4. Қарсы келе жатқан көп
Машинаны көреміз
Жұмысына таң қалған
Көшеде бар бағдаршам

5. Қалып жүрме алаңдап,
Қызыл шам жанса «жол жабық»

6. Сонда болсын ойың бар,
Сары шам жанса «дайындал»

7. Шаталады білмеген
Жасыл шам жанса «жүрмеген»
Жол шетінде тұратын
Жол белгіге қараңдар.
- Жарайсыңдар, балалар, алғашқы тапсырманы сәтті орындадыңдар.

2 - тапсырма
Енді әрі қарай жүру үшін өткінші жолдан жүруіміз керек. Балалар жолдың қай жерінен өтуге болады?
- Онда мен жаяу жүргіншілер жолын көріп тұрған жоқпын, оны өзіміз жасап алайықшы. Кім біледі жаяу жүргіншілер жолын қалай ажыратуға болады?

3 - тапсырма
-«Керекті белгіні» ата деп аталады.
Тамақтану, дәріхана, жаяу өтпесі, аялдама жол белгілерін көрсетіп сұрайды.

4 - тапсырма
Сұрақ - жауап: «Болады - болмайды»
5 - тапсырма
Енді біз бөлініп қалған жол белгілерін құрастырайық
Сергіту сәті
Ғажайып сәт
Бағдаршам қонаққа келеді.
- Балалар бізге осы «Бағдаршам елінің»әкімі Бағдар апай келіпті, ол біздерден үлкен көмек сұрайды.
- Мен балалар Бағдар апайларың боламын, біздің қалада көшеде тұратын бағдаршамдар азайып, қалған. Сондықтан маған бірнеше бағдаршам құрастырып бере аласыңдар ма?
- Көмектесейік пе, балалар?
- Ол үшін балалар құрастырудың бірнеше түрін тақтадан қарайық. Бағдаршамды құрастырмақтардан, текшелерден, пазылдардан да құрастыруға болады.
- Кәне, құрастырып көрейікші.

- Жарайсыңдар, балалар, енді түрлі - түсті картон қағаздардан құрастырып көрейік. Ол үшін көк картонды төртбұрышты етіп бүктеп шетін желіммен бекітеміз. Ортасында кеңістікті бағдарлап үш көзі тұратын жерді кішкентай етіп кесіп дайындаймыз. Қызыл, жасыл, сары картоннан домалақтап қиып бағдаршамның үш көзін дайындаймыз. Сосын бағанағы кескен жерге бірінші қызылды, екінші сарыны, үшінші жасылды, қондырамыз.
- Қанекей болсақ Бағдар апайға берейік.
Бағдар апай риза болады:
- Міне, балалар, сендер барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар. Мен сендерді «Бағдаршам елінің құрметті азаматы төс белгісімен» марапаттаймын. Балалар жолда апатқа ұшырамау үшін жаяу жүргіншіде, жүргізушілерде жол ережесін сақтауы керек. Сау болыңдар, балақайлар!
- Балалар, бізде енді «Бағдаршамдар еліне» кіретін рұқсатымыз бар.

Рефлексиялық түзетушілік - Енді сабақты қорытындыламас бұрын. мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал оның шешуін тауып, үш тілде айтайық, жарай ма?
- Бұйырмапты бас та
Ауыз да, құлақ та
Бақырайған үш көзі бар, бірақ та.
Бұл не екен балалар?
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Бағдаршам түстерін атайықшы
- Дұрыс, балалар! Біз қайда саяхатқа бардық?
- Сендерге тапсырмалар ұнады ма?
- Жолдан өтерде қайда қарап өтуіміз керек екен?
- Адамдарға қандай жолдан өтуге болады?
- Міне, біздің саяхатымыз аяқталды. Келген қонақтарға «Жол ережесін білу – әрбір адамның міндеті!» дегім келеді. Біздің балабақшаға оралатын кезіміз болды.
«Жол жүргізушілер жыры» әнін орындайды.
- Сау болыңыздар!
- До свидание!
- Goodbye!

Күтілетін нәтиже
Біледі: «Кішкентай жүргіншілер ережесінің» мағынасын
Түсінеді: Бағдаршамның үш түрлі көзінің не үшін жанатынын
Қолданады: Бағдаршам құрастыруда әртүрлі тәсілдермен жұмыс жасауды.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Алға селосы.
"Ақмарал" бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі
Сагынгалиева Сұлупан Сагынгалиевна

Толық нұсқасын жүктеу
17 826
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бағдаршам еліне саяхат
Бағдаршам еліне саяхат
Мақсаты: Жаяу жүргіншілердің, жолаушылардың және жүргізушілердің жол ережесін нақты білу керектігі туралы балалардың білімдерін бекіту.
Қызыл, сары, жасыл
Қызыл, сары, жасыл
Жол және адам өмірінің қауіпсіздігін алдын ала алу.
Қызыл, сары, жасыл
Қызыл, сары, жасыл
Балаларға бағдаршам туралы жол ережелерін маңызды екенін ұғындыру.
Бағдаршам біздің досымыз
Бағдаршам біздің досымыз
Торап, жүргінші жол, тротуар, жаяу жүргіншілерге арналған өтулер, жол белгілері, бағдаршам түсініктерін бекіту.
Қақпақтар
Қақпақтар
Екі түрлі түсті біркелкі заттарды топтастыру және салыстыруға үйрету; берілген түске сәйкес сары және жасыл түстер; зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Trafficlight -  Бағдаршам
Trafficlight - Бағдаршам
Павлодар облысы, Павлодар қаласы №25 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Дюсембаева Майгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×