Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызыл, сары, жасыл

13 қыркүйек 2019, Жұма
Тақырыбы: Қызыл, сары, жасыл
Міндеті: Жол және адам қауіпсіздігін балаға түсіндіру.
Мақсаты: Жол және адам өмірінің қауіпсіздігін алдын ала алу.
Білімділігі: Балаларды бағдаршам туралы жол ережелерін маңызды екенін ұғындыру.
ҰОӘ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Балалармен сәлемдесу, назарын ҰОӘ - не аудару.
Тәрбиеші: - Саламатсыздар ма балалар! Саламатсыздар ма қонақтар! Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Қызыл, сары, жасыл»
Балалар қане жылы лебізімізді білдірейікші.
Шаттық шеңбері.
Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты, күн бүгін.
Балалар біз бүгін жол ережесімен танысамыз. Жолда жүрудің, адамдардың да көліктердің де өз тәртібі бар. (Балалардың назарын суретке аударту)
Бүгін біз бағдаршамның көздерімен, олардың түстерімен және пішіндерімен танысамыз.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы бағдаршамды ортаға шақырамыз. Балалар көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады. Бағдаршам өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға ортақ. Олай болса балалар бізге «Бағдаршам» қонаққа келіпті.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мені барлық елдердің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы қонаққа келдім.
Тәрбиеші: Қош келдің Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміз саған қатысты болмақ. Сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам:
Күндіз түні жанамын
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар
Белгілі жаспен кәріге
Мен бағдаршам боламын.
Тәрбиеші: Бағдаршам біздің балалар өте ақылды! Бағдаршам туралы көп тақпақ біледі. Тыңдап көріңізші!
Көркем:
Сапар шексек сізбен біз,
Сан көлікке мінеміз
Троллейбус, трамвай
Автобусбен жүреміз
Жалғас:
Көлік, көлік, көлік
Көліктерге мінеміз
Көшелермен, көшелерімен
Күнде тынбай жүреміз
Адия:
Тәртіп бұзсақ абайсыз
Жағдай туар қолайсыз
Май қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз
Нұрислам:
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау саламат жүреміз
Бағдаршам: - Иә, расында да балалар өте ақылды екен. Балалардың тапқырлығын тексеріп көрейінші! Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. Бағдаршамның неше көзі бар?
Балалар: - үш көзі бар.
Бағдаршам: - бағдаршамның көздерінің түсі қандай?
Балалар: - қызыл, сары, жасыл
Бағдаршам: - Оның түстері нені білдіреді?
Балалардың жауабы.
Бағдаршам болып киінген үш қыз тақпақтарын айтып береді.
Қызыл – Фариза;
Қызыл көзі жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда
Сары – Айдана:
Сары көзі жанғанда
Сақ абай бол барынша
Жасыл – Асылай:
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып
Үшеуі бірге: Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда
Дидактикалық ойын: «Бағдаршамның көзерін орналастыр»
Сергіту сәті:
1) Бағдаршамның қызыл түсін көрсету.
Балалар орындарынан тұрады.
2) Бағдаршамның сары түсін көрсету.
Балалар екі жаққа кезек - кезек дайындалады.
3) Бағдаршамның жасыл түсін көрсету.
Аяқтарын топ - топ басады.
Бағдаршам: Сау болыңдар балалар. Сендер өте ақылды екенсіңдер ендеше мен жол тәртібін қадағалайын. Сабаққа жақсы атсалысқандарың үшін сендерге сыйлық бергім келіп тұр. Жолда абай болыңдар. Сау болыңдар!
Қорытынды:
— Балалар бүгінгі сабағымызда не туралы өттік?
— Бағдаршам туралы.
— Бағдаршамның неше көзі бар?
— Үш көзі бар.
— Қандай?
— Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер?
— Ақ жолақтар.
Жол тәртібін білейік.
Аман - есен жүрейік
Тәрбиеші: Рахмет балалар бүгін сендер өздерінің жол ережесін білетіндеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.
Мадақтау:
Регламент: 20 - 25 минут
ҰОӘ қолданылған әдебиеттер: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы, "Өркен"бөбекжай бақшасының
Тәрбиешісі Бақтиярова Қаракөз Тлесқызы
1 492
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызыл, сары, жасыл
Қызыл, сары, жасыл
Балаларға бағдаршам туралы жол ережелерін маңызды екенін ұғындыру.
Бағдаршам біздің досымыз
Бағдаршам біздің досымыз
Торап, жүргінші жол, тротуар, жаяу жүргіншілерге арналған өтулер, жол белгілері, бағдаршам түсініктерін бекіту.
Қақпақтар
Қақпақтар
Екі түрлі түсті біркелкі заттарды топтастыру және салыстыруға үйрету; берілген түске сәйкес сары және жасыл түстер; зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Өмірімізді сақтайтын – бағдаршам
Өмірімізді сақтайтын – бағдаршам
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12 балабақша тәрбиешісі: Аманғожина Халима Әлжанқызы
Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік!
Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік!
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Қызыл, сары, жасыл
Қызыл, сары, жасыл
Жол және адам өмірінің қауіпсіздігін алдын ала алу. Балаларды бағдаршам туралы жол ережелерін маңызды екенін ұғындыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×