Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыстап қалатын құстар

24 сәуір 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар.
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация. Әлеуметтік орта.
Білім беру бөлімі: Тіл дамыту. Қоршаған орта.
Мақсаты:
1. Балаларға қыстап қалатын құстар туралы түсінік беру.
2. Ой өрісін, дүниетанымын, сөздік қорын дамыту.
3. Құстарға деген сүйіспеншілікке, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету. Сұрақ - жауап. Ойын.
Көрнекіліктер: Тақырыптық слайд, суреттер, үлестірмелер.
Билингвальды компонент:
Құстар - птицы, қарға - ворона, торғай - воробей, сауысқан – сорока, кептер - голубь.

Мотивациялық қозғаушы
1. Балалардың назарын өзіме аударып, шаттық шеңберіне шақырамын.
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.

2. Жыл мезгіліне, айға, аптаға тоқталу.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.

3. Ойын «Болады, болмайды»
- Балалар, айтыңдаршы.
- Ағаштың бұтағын сындыруға болады ма?
- Гүлдерге су құюға болады ма?
- Құстарды таспен атуға болады ма?
- Құстарға ұя жасауға болады ма?
- Үлкендерді сыйлауға болады ма?
«Таңғажайып сәт»
Теледидардан құстардың дауысы естіледі.
- Балалар бұл ненің дауысы?
- Иә, балалар бұл құстардың дауысы екен.
Тақырыпты хабарлау.
Қыстап қалатын құстар.

Іздену, ұйымдастырушы
Іздену, ұйымдастырушы 1. Слайд арқылы балаларды қатыстыра отырып, жаңа тақырыпты түсіндіремін. Назар аударып, зейін қоя тыңдайды.
2. Тақырыптық тақпақтар.
А) Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса егерде,
Бұтаға келіп қорғанар.
Ерболат
Ә) Сары бауыр шымшықтар,
Қыстап аман шығыңдар.
Жазды көріп жайнаңдар,
Қуанғаннан сайраңдар. Айша

Б) Кептер хабар тасыған,
Үйреніп оған жасыған.
Хат әкелген өткеріп,
Сап қиындық басынан. Әминә.
В) Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың. Жәния
Г) Ала қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан.
Бір томардан томарға,
Секең - секең ауысқан. Нұрасыл.
Сергіту сәті
Екі қарға кезікті, ән айтты:
- Қар - қар - қар
Екі сауысқан кезікті,
Ән айтты:
- Сақ - сақ - сақ.
Екі торғай кезікті, ән айтты:
- Шиқ - шиқ - шиқ
Екі көкек кезікті, ән айтты:
Көкек - көкек - көкек. Қимыл жасап, дауысын келтіре орындайды.

Билигвальды компонент
Құстар - птицы,
Қарға - ворона,
Торғай - воробей,
Сауысқан - сорока,
Кептер - голубь Тәрбиешіге қосылып қайталап айтады.
Ойын «Сиқырлы қорапша»
Шарты: Балалар сиқырлы қорапшадан алынған бірнеше бөлікке бөлінген құстардың суреттерін құрастырады Бөліктерге бөлінген құстарды құрастырады.
Құстарға байланысты тыйым сөздер
А) Құстың ұясын бұзба.
Ә) Құсқа тас лақтырма.
Б) Аққуды атпа,
Досыңды сатпа. Ж. Рана
Мәулен

Қорыту, рефлексия
Ұжымдық ойын.
«Орындарына орналастыр»
Шарты: Балаларға аңдар мен құстардың суреттері беріледі.
Аңдарды жерге, құстарды ағаш бұтақтарына орналастыру керек.
- Жарайсыңдар, балалар!
Ойынға барлықтарың жақсы қатыстыңдар.
Біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде не туралы өттік?
Олай болса, құстар туралы көңілді ән айтайық.
- Қамқоршымыз құстарға,
Табиғатты сүйеміз.
Аялаймыз оларды,
Жақсы көріп бәріміз.
Аяқтау.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қыстап қалатын құстар туралы
Қандай түсініктерді игерді: Құстарға қамқорлықпен қарау керектігін.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Құстарға байланысты тақпақтар мен тыйым сөздерді айта алады, сұрақтарға жауап бере алады.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі
Кемалова Маржанкүл Тасмағамбетқызы

Толық нұсқасын жүктеу
10 644
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстар туралы тақпақ, мақал - мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы балалардың тіл байлығын арттыру. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен танысу. Балалардың қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасауға белсенділігін арттыру. Сөздік қорын дамыту. Балаларға адамгершілікке табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Балаларға құстардың аттарын айтып таныстыру.
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна №134 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
ШҚО, Аягөз қаласы қалалық қазақ мектеп – гимназиясы Садуакасова Гульназ Серікжанқызы Мақсаты: 1. Балалардың қыстап қалатын құстарды атап, олар жайлы түсініктерді кеңейту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×