Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыстап қалатын құстар

21 қаңтар 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен танысу. Балалардың қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасауға белсенділігін арттыру. Сөздік қорын дамыту. Балаларға адамгершілікке табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Балаларға құстардың аттарын айтып таныстыру.
Білім беру саласы: «Коммуникация». «Таным».
Оқу іс қызметі: «Сөйлеуді дамыту». «Қоршаған ортамен таныстыру».
Көрнекіліктер: Құстардың суреттері
Сөздік жұмысы: Жыл құстары
Билингвалды компонент: Торғай - воробей, қарға - ворона, көгершін - голубь.

Шаттық шеңбер:
Біз әдепті баламыз
Жайнай берсін даламыз
Табиғатты сүйеміз
Қамқорлықпен қараймыз
- Қазір жылдың қай мезгілі
- Қыс
- Қыс айларын ата?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
- Балалар бір аптада қанша күн бар? Кім атап береді?
- Балалар мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын. Соның шешесіңдер ме?
- Иә
Жұмбақ:
Қанаты бар талмаған
Аспанда ұшып самғаған
Жауы шыбын - шіркейді
Табиғатты ол қоршаған(құс)
Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы»Қыстап қалатын құстар»деп аталады. Құстар - адамға дос. Құстардың тұмсығы, қанаты, екі аяғы, құйрығы, мойны, құлағы бар. Құстар жұмыртқалайды. Құстар дәнмен, жәндіктермен, зиянкес құрттармен қоректенеді. Құстар ағаш қуыстарына немесе басына, бұтақтардың арасына ұя салып өмір сүреді.
- Ал балалар енді осы құстардың қазақша орысшасын атап көрейікші:
Торғай - воробей
Сауысқан - сорока
Қарға - ворона
Көгершін - голубь
Шымшық - снигирь
- Балалардың дайындап келген тақпақтарын тыңдайық
- Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды
Құс өкпелеп кетеді
Бақшамызға қонбайды (Анар)
- Қарға, қарға қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Боран соқса қар болар
Бұтаға қонар қарғалар (Іңкәр)
- Тоқылдақтар тоқылдап
Ешбір тыным көрмейді
Ағашты қанша тессе де
Жұмысы бір бітпейді (Абылай)
- Құс ұясын бұзбаңдар
Балапанын алмаңдар
Құстар біздің досымыз
Обалына қалмаңдар (Қабылан)
Үйге кірші торғайым
Мен аяздан қорғайын
Жем шашамын жегейсің
Үишік жасап берейін (Дарын)
- Ал балалар қане бәріміз «Ұшты, ұшты қарға ұшты» Ойынын ойнайық.
Ұшты, ұшты қарға ұшты
Ұшты, ұшты парта ұшты
Ұшты, ұшты көгершін ұшты
Ұшты, ұшты доп ұшты
- Құстарға қатысты жұмбақтарымызды жасырайық
Қоңыр алып жарға, қарқылдайды (карға) (Ангелина)
Қанаты бар талмаған, аспанда ұшып самғаған
Жауы шыбын шіркейі, табиғатты ол қорғаған(құс) (Жансая)
Үстіне ақ камзолын киіп алып
Жүреді канаттарын жиып алып (сауысқан) (Даниял)
Тақпақ:
Шыр, шыр еткен торғайды
Қорғамасақ болмайды
Кіп-кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды (Жанерке)
Құстар біздің досымыз
Бау бақшаны қорғайды
Ұя жасап кар салмақ
Құстар бізді қорғайды (Думан)

Сергіту сәті:
Торғай болып ұшайық, ұшып ұшып алайық
Бүркіт болып аң аулап, қыран құс боп самғайық
Қарға болып жорғалап, қар үстіне қонайық.
Ойын: «Мысық пен торғайлар» Балалар шеңбер құрып тұрады. Санамақ арқылы бір бала мысық болып сайланады. Қалған балалар торғайлар рөліне енеді.»Мысық ұйықтайды»дегенде торғайлар мысықтан қашады. Ұсталған бала ойыннан шығады(1 - 2 рет қайталау)
Сабақты қорыту. Балалардан құстар туралы не білгенін сұрау. Балаларды мақтап, мадақтау.
Қыстап қалатын құстар жүктеу
4 665
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстар туралы тақпақ, мақал - мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы балалардың тіл байлығын арттыру. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қарға, қарға, қарғалар, Қар үстінде жорғалар. Боран соқса егерде, Бұтаға келіп қорғанар.
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна №134 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×