Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол балабақша (сценарий)

08 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Қош бол балабақша (сценарий)
Зал мерекеге сай әсем безендірілген.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Балалар осы әнмен туларын көтеріп залға кіреді. Шеңбер жасап тұрады.

Жылулық шеңбері: Тілек айту.
Күніміз жарық болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Нанымыз көп болсын!
Елімізде тыныштық болсын!
Бейбітшілік болсын!
Қолдарындағы шарларын аспанға жібереді.

Жүргізуші: 1941 жылы тұтқиылдан сұрапыл соғыс басталды. Соғысқа миллиондаған адам аттанды. Сол соғыста аталарымыз бен апаларымыз отан қорғауда ерен ерліктер көрсетіп, мәңгілік ел есінде қалды. Биыл Жеңіс мейрамын 68 - ші рет тойлағалы жатырмыз.
Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекке.
Отанымның бақыты үшін мерт болған,
Батырларды есіңе ұста құрметте.
Міне, енді осы сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп қаза тапқан батыр аталарымыз бен аналарымызды еске алып, бір минут үнсіздік жариялайық.

Мирас: Көшеде тулар самғаған,
Көктемнің қызыл гүліндей.
Жеңіс тойын қарсы алам.
Өзімнің туған күнімдей.
Бүгін мейрам салтанат
Бүгін халық алаңда.
Кеште салют! Анталап
Тамашалар адамдар!
Батырларымызды еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қоямыз.
Ерасыл, Әлихан ескерткішке гүл қояды.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар! Әріптестер және біздің бүгінгі балабақшамызбен қоштасқалы отырған бүлдіршіндеріміз. Бүгін бізде үлкен мереке, балабақша табалдырығын тәй - тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне, бүгін балабақшамен қоштасқалы отыр. Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің «Қош бол, сүйікті балабақшам» атты ертеңгілігін көріп тамашалаңыздар.
Балаларға арналған құттықтау сөз, балабақша меңгерушісі Жубаева Әсем Дәулетханқызына беріледі.
Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болып қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!
Ән: «Біз тәртіпті баламыз»
Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңнен көркем шаттық арайы,
Өтсін солай әр бір күнің әр айың.
Енді балалардың балалақшаға арналған тақпақтарын тыңдайық.
Айкен: Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып
Мектепке кетіп барамыз.
Бұл күндерді қиялдап
Сағынамыз әлі - ақ біз.
Ерасыл: Біз сабақты бастаймыз,
Қайталаудан аспаймыз.
Есептен де қашпаймыз,
Жазуды енді бастаймыз.
Малика: Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Оқу білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
Алты жасқа толамыз,
Қуантып ата - ананы
Мектепке кетіп барамыз.
Жүргізуші: Мектепке енді барыңдар,
Үлгілі бала болыңдар
Жақсы оқып сабақты
Кілең «бестік» алыңдар
Көк жүзінде самғаңдар
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғаңдар.
Күллі әлемді шарлаңдар
Ғарышқа да самғаңдар.
О, жарандар, жарандар
Қане мұнда қараңдар — деп ортаға бишілерімізді шақырамыз.
БИ: «Салтанатты би»
Жүргізуші: Балалар, қазір тағы бір қызық болайын деп тұр. Біреу келе жатқан сияқты.
Жалмауыз кемпір: Иә, иә. Балалар мені күтіп жүрген шығар. Мендей әдемі сұлу кемпірді күтпегенде кімді күтеді.
Менімен амандасайын деп отырсыңдар ма?- балалар.
— Сәлеметсіздер ме, балалар! Самал жел маған хабар әкелді. Сендер мектепке барады дейді, солай ма? Қартайдым құлағым естімейді. Барасыңдар ма, мектепке? Ой, неге сонша айқайлайсыңдар, керең дейсіңдер ме мені?
— А, барайын деп жүр екенсіңдер ғой. Кім сендерді мектепке жібереді екен. Мен мыстан кемпір оған қарсымын.
Мынау не?
Жүргізуші: Бұл қоңырау. Былай сыңғырлап сабаққа шақырады, сабақ біткен кезде тағы сыңғырлайды үзіліс болады!
Жалмауыз: Алақай, үзіліс кезінде күліп, ойнап, жүгіріп бұзық болуға болады.
Ән: Мен әдемі кемпірмін,
Зейнетақы аламын.
Мектеп деген бәледен,
Тонымды алып қашамын.
Оқымай ақ, балалар,
Пенсияға шығыңдар.
Ұйқың қанып тұрасың,
Ойын - сауық құрасың.
Жүргізуші: Бұл кемпір зейнеткерлікке шығып алып, сендерге де солай жасаңдар дейді ғой. Қойыңдар олай болмайды. Бұлардың бар өмірлері алда. Мектепке барады, жақсы оқиды, бір - бір мамандықтың иесі болады. Сіз ондай үгіт жүргізгенше, біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

Орындайтын: Ардаққызы Айкен

Қош бол балабақша (сценарий). жүктеу
7 674
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі
Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі
Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр бабалар мен туған жер топырағынан соғысқа қатысып, Отанын қорғаған ардагер - майдангерлерді еске алу.
Жеңіс туы желбіре
Жеңіс туы желбіре
Құрметті ұстаздар мен балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр - 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
Батырларымыздың есімі біздің де есімізде қалады. Отанын қорғауға біздердің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапқан. Олай болса Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова апаларымыздың көрінісін
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
ШҚО, Семей қаласы, Абай ауданы, Тоқтамыс ауылы, "Ж. Молдағалиев атындағы орта мектебі" КММ тәрбиешіcі Оразаева Гүлнұр Тұрсынқызы
Әр қашан күн сөнбесін!
Әр қашан күн сөнбесін!
Жалпы орта білім беретін «Мереке» мектеп – балабақшасы тәрбиешісі: Малаева А.С.
Ер есімі-ел есінде
Ер есімі-ел есінде
Хромтау қаласы, №5«Ақбота» мектепке дейінгі ұйымы МКҚК әдіскері Есжанова Света Ташкенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×