Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түлкі мен тырна

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Түлкі мен тырна
Ерте, ерте, ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Түлкі бір күні тырнаны қонаққа шақырыпты.
- Тырна, маған қонақ болып кет.
Тырна белгіленген уақытта келді.
- Кел, тырна, кел. Сені көргеніме қуаныштымын!
Түлкі тамақты екеуіне де тәрелкеге салды.
- Же, тырна достым, же, ұялма!
Тырна қанша тырысса да, түлкінің берген тамағын жей алмады. Ұзын тұмсығымен тәрелкені ары тоқылдатып, бері тоқылдатып, тамақты татып та көрмеді. Түлкі өзінің тәрелкесіндегіні тілімен жалап жеп қойды да тырнаға айтты.
- Кешір, тырнажан, саған беретін басқа менде ешнәрсе жоқ.
- Жарайды, сен де маған қонаққа кел - деді тырна.
Келесі түлкі тырнаға қонаққа келді.
- Амансың ба, тырнажан! Жағдайың қалай? Бәрі жақсы ма?
- Қайырлы күн, түлкішек! Сені күтіп отырмын.
Тырна түлкіні үйіне кіргізіп, үстелдің үстінде сұйық тамақ құйылған биік, жіңішке құмыраны беріп, айтады
- Же, түлкіжан, же, ұялма! Шамам келгенше дәмді дайындауға тырыстым.
Түлкі құмыраның ар жағына бір, бер жағына бір шығады, ал құмыраның мойыны жіп - жіңішке, ұзын. Түлкінің тұмсығы ең болмаса тілімен жалауға да жетпеді. Ал тырна тамақты ұзын тұмсығымен ішіп жатып, түлкіге қулана қарап қояды.
- Түлкі, сен неге ішпейсің? Менің тамағым ұнамай ма?
Түлкінің көңіл - күйі түсіп, қоштаспастан есікті қатты жауып, шығып кетті. Ал тырна болса қанатын қағып қала берді. Содан бері тырна мен түлкі дос болмайтын болды.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
32 540
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мысық, әтеш және түлкі
Мысық, әтеш және түлкі
Ертеде әтеш пен мысық болыпты. Бір күні мысық орманға кетерде, әтешке ескертеді: «Терезеден қарама түлкі сені көріп, үйіне алып кетеді». Түлкі мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады: Әтеш, Әтеш Алтын айдарлы, Терезеге қарашы, Бұршақ
Түлкі мен қасқыр
Түлкі мен қасқыр
Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні екеуі келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келіпті...
Бастауыш сыныптарға арналған олимпиадалық мектепішілік марафон 3 сынып
Бастауыш сыныптарға арналған олимпиадалық мектепішілік марафон 3 сынып
Бастауыш сыныптарға арналған олимпиадалық мектепішілік марафон 3 сынып Қазақ тілі 3 - сынып
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Қуыршақ театры жəне оған қолданылатын қажетті құралдарды қалай пайдалануын үйрету, сөздегі дыбыстарды анық, дұрыс айтуға, диалогпен сөйлесе білуге дағдыландыру, адамгершілікке, достық қарым - қатынасты бағалай білуге, шығармашылыққа тəрбиелеу.
Қонақ келсе – қуаныш
Қонақ келсе – қуаныш
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, "Ақбота" балабақшасы Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Дощимова Жемісхан Қаратонқызы
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Ақтөбе обылысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі»балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Бекмұханова Жібек
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×