Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

27 қаңтар 2018, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тобы: «Жазира» ортаңғы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Жабайы жануарлардың сыртқы түрімен тіршілік қалпы туралы түсініктерін кеңейту. Жанды табиғатқа қызығушылықтарын, бастамаларын, жауапкершіліктерін қалыптастыру. Көзбен қабылдау, фонематикалық есту қабілетін, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту. Құрдастарының жауаптарын тыңдай білуге жəне жануарларға қамқорлық көрсете білуге тəрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: Жабайы жануарлар туралы әңгіме жүргізу.
Қажетті көрнекі құрал: Жабайы жануарлардың суреттері.
Пилингвалдық компонент: Жабайы жануарлар - дикие животные - Wild animals.

Мотивациялық қозғаушы
Жылулық шеңбері.
Қуанамын менде,
Қуанасын сенде,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге
Лучик, лучик золотой
Луч везде и луч сомной
Добро в тебе добро во мне
Добро кругом на всей земле
Icanseehello
You can see hello
I can see hello to you
You can see hello to me
Hello, hello to you
Іздену - ұйымдастырушы
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдап жауабын шешуге тырысамыз.
1. Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын,
Құйрығымен бұлтарып,
Қандай аң ол алдайтын? /түлкі/

Түлкі өте лас, оның ініне кіре берісте тамақ қалдықтары шашылып жатады. Түлкілер жұптасып өмір сүреді екен. Бірақта күн салқындағанда түлкілер жан - жаққа өз беттерімен тарап кетеді екен.
Келесі жұмбақты мұқият тыңдаймыз

2. Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен /аю/
Аю да қояндар сияқты апаның ешкімге білдіртпеу үшін із жасырады екен. Аю өте епті, ол жақсы жүзе алады және тез жүгіреді, ағашқа да өрмелеп шыға алады.

3. Сұрғылт тартқан түсі бар,
Ақсиған көп тісі бар,
Тыным таппай жүгіріп,
Сілекейі шұбырған,
ауыл маңын ториды /қасқыр/
Қасқыр күшті әрі шапшаң аң, оның ақылы мен айласы түлкіденде асып түседі. Олар жемтігін аулау үшін бірнеше сағат бойы жорта алады.

4. Жылқы тұмсық, Ешкі құйрық.
Есек құлақ, Түйе ерінді,
Төрт аяғы тең емес.
Бірі ұзын, бірі қысқа.
Қорқақ өзі, қыли көзі /қоян/
Қояндар сұр қояндар және ақ қояндар болып бөлінеді. Қояндар көжектерін өзгеше тәрбиелейді. Олар жаңа туған әлсіз көжектерін жауынан қорғау үшін кез келген бұтаның арасына тастап кетеді.
- Балалар мен сендерге қандай аңдар туралы жұмбақ жасырдым?
Бұлардың барлығын жабайы аңдар дейміз.
- Неліктен оларды жабайы аңдар дейміз?
Қыс мезгілінде орман, далалық жерлерде аңдар кезіп жүргенде олардың іздері қалады
Барлығымыз экранға қарап аңдардың ізімен танысамыз

Суретпен жұмыс
Дидактикалық ойын «Ізін тап»
- Ал, бүгін біз осы жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелейтін боламыз
Аю - қыста апанында ұзақ ұйқыға кетеді. Аю жаз бен күз айларында шамадан тыс қоректеніп, денесіне май жинап алады. Қыста аюдың екі - үш қонжығы дүниеге келеді. Дүниеге келген кіп - кішкентай қонжықтарын анасы сүтімен асырайды.
Қасқыр - қасқырлар топтасып өмір сүреді. Бірігіп аң аулайды, бөлтіріктерін де бірігіп асырайды. Қасқырлар жазда жұп болып өмір сүреді ал жылдың суық мезгілінде топ болып жиналады, сөйтіп тек жабайы не үй жануарларына ғана емес, адам өмірі үшінде қауіп төңдіреді. Олар қыста ұйқыға жатпайды.
Қоян - маусымға байланысты түсін өзгертіп отырады. Жазда қоңырқай түске енеді, ал қыста жылы, аппақ үлпілдек тон киеді. Оларды қыста ақ қардан ажырату қиын - ақ. Қояндар қысқа азық дайындамайды. Олар қыс мезгілінде ағаш қабығымен қоректенеді.
Түлкі - түлкінің есту қабілеті ерекше жақсы дамыған. Қыста қар астынан тышқанның дыбысын ести салысымен, сол жерді қазып тышқанды ұстап алады. Түлкілер жұптасып өмір сүреді, күн салқындағанда өз беттерімен тарап кетеді екен. Қыста ағаш қуыстарында қыстайды. Тоңып қалмау үшін домаланып алып, үлпілдек құйрығымен тұмсығын бүркеп ұйықтайды.
Пилингвалдық компонент: Жабайы аңдар - дикие животные - Wild animals.
Сықырлаған қардың дыбысы естіледі топқа қоян кіреді. Балалармен амандасып олардан көмек сұрайды.
- балалар, мен далада түлкіден қашып жүріп тоңып қалдым сендерге жылынуға келдім.
- қош келдің қоянжан кел біздің балалармен бірге сергіп көңіліңді көтер, біздің балалар саған сүйікті сәбізіңді жасап береді.
Сергіту сәті "Қыдырып қайтайық"
- Балалар қоянды ортаға алып бірге сергіп алайық
Шығармашылық жұмыс
- Балалар, қоянға оның сүйікті асы сәбізді 3 Д бояумен бояп берейік қоянның көңілі көтеріліп қалсын
Алдарында тұрған сәбізді сызығынан шығармай көлемді бояумен бояймыз.
Қоянға сәбізді береді қоян ризашылығын айтып топтан шығып кетеді

РЕФЛЕКСИВТІ - КОРРЕКЦИЯЛАУШЫ.
- Қыстан жануарлар мен аңдар қалай қорғанады?
- Адамдар оларға қандай көмек көрсете алады?
- Қандай жануарлар қысқа азық жинайды?
- Ал қандай жануарлар азықжинамайды?
- Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы не білдік?
Коллаж. 2 молбертке плакат ілінеді.
1 ші мольбертке жабайы жануарлар қандай ертегілерде кездеседі?
2 ші мольбертте Жануарлардың қысқы тіршілігін бейнелеу.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жабайы жануарларды танып біледі.
Игерді: Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата біледі.
Жасай алады: Жабайы жануарлардың сыртқы ерекшеліктерін, олардың қимылын келтіруді.

«Жазира» ортаңғы тобының
ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тәрбиеші: Табылдиева А. Т.
13 584
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Жабайы және үй жануарларының ерекше белгілерін анықтап білуге үйрету; жануарлар туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету.
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»
Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»
Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Жабайы аңдардың балаларының аттарын дұрыс айта білуге үйрету, олардың табиғаттың бір бөлшегі екендігін сезіндіріп, қамқорлық сезімдерін оят
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілге дайындығы тақырыбын оқушыларға жүйелі түрде меңгерту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×