Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гүлзарда өсіп тұрған гүлдер

01 ақпан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
II кіші «Ақбота» тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы №1
Тақырыбы: Гүлзарда өсіп тұрған гүлдер
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Құрастыру
Мақсаты: ұсақ құрылыс бөліктерін көлеміне қарай біріктіріп, біртұтас затты құрастыруды үйрету;
- айналадағы әсемдікті бағалай білуге тәрбиелеу;
- ұсақ қол қимылдарын жетілдіру
Қажетті құрал - жабдықтар: ұсақ құрастыру материалдары, қапшық.
Қостілділік компонент: гүлзар - цветник, өседі - растет, гүлдер - цветы.

Мотивациялық қозғаушылық
Жұмбақ шешеміз
Су құйсаң болды
Кетеді бойлап
Әдемі жұпар.
Не? Көрші ойлап?!
(Гүл)
Суретпен жұмыс
Қала көшелерінде гүлзарда өсіп тұрған гүлдердің суреттерін көрсетеді. Сұрақтар қояды:
- Гүлзар қандай?
- Гүлзар неге ұқсайды?
Балалардың жауаптарын тыңдап, толықтырады:
- Гүлзар үлкен, биік ыдыста тұр, оның үстіңгі қыры топырақ шашылып қалмау үшін биік етіп жасалған. Балабақшаға арнап әдемі гүлзар құрастырып беруді ұсынады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Балаларды жұмыс орнына бастап барады.
- Балабақшамыздың телімдері әдемі болу үшін біз гүлзарды мына ұсақ құрылыс материалдарынан құрастырамыз. Ол үшін бізге не керек деп ойлайсыңдар?
"Қандай зат жоқ?" дидактикалық ойыны
Тәрбиеші ұсақ құрылыс материалдарын(текшелер, кірпіштер, призма, пластина, жұқа тақтайшалар) балаларға көрсетіп, қапшыққа салады. Балалар көздерін ашады, тәрбиеші қапшықтағы заттарды алып шығады, қандай зат жоқ екенін сұрайды.
Саусақтар серуені
Жұмыс барысында көрсетеді, бірге жасатады:
Екі кішкентай кірпішті көлденең қоямыз (бұл гүлзардың астыңғы жағы, түбі):
Кірпіштің екі жағына текшені тігінен қоямыз (бұл гүлзардың қырлары, қабырғасы);
Пластиналарды қырымен қоямыз( бұл гүлзардың көлденең жатқан қыры, қабырғасы болады).
Дербес жұмыс барысында тәрбиеші балаларға бағыт беріп, көмектесіп жүреді.
Саусақ жаттығуы
Бас бармағым - атам, үйдің данасы
Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы.
Ортан терек - әкем, отау панасы, Шылдыр шүмек - шешем, шаңырақ ажары,
Титтей бөбек - мен, бәрінің базары.
"Гүл өсіреміз" ойыны
Тәрбиеші дайын гүлзарға топырақтың орнына қарақұмық жармасын салады.
Балаларға жасанды гүлдерді таратып, гүлзарға отырғызуды ұсынады.

Гүлзарда өсіп тұрған гүлдер. жүктеу
4 982
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қоянға арналған баспалдақ.
Қоянға арналған баспалдақ.
Қоянға арналған баспалдақ. Қағаз бетіне бағдарлай білуді үйрету.
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу. Шығарманы тыңдауға, мағынасын түсініп, қайта айтып беруге үйрету.
Өсімдіктер қалай өседі?
Өсімдіктер қалай өседі?
Өсімдіктердің күнделікті ортадағы қажеттіліктегі мен өсіп дамуының байланысын балаларға түсіндіріп бекіту. Тәжірибелік жұмыстар арқылы балалардың табиғатқа деген көзқарасын кеңейту.
Әтешті құрастырамыз
Әтешті құрастырамыз
Әтешпен таныстыру, ұжымдаса әрекет ете отырып, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. балалардың сөздік қорларын дамыту.
Үйшік
Үйшік
Балаларға «биік» «аласа», «бір және көп» ұғымдарын түсіндіру. «Үшбұрыш», «Шаршы» геометриялық пішіндерімен таныстыру. Балалардың сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұйымшыл болуға
Бөлмедегі гүлдер
Бөлмедегі гүлдер
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, №7 Балдырған балабақшасының тәрбиешісі Қарымсақова Рабиға Көптілеуқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×