Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күшік неге көңілсіз?

03 ақпан 2018, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Тараулары: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: Күшік неге көңілсіз?
Мақсаты:
1. Білімділік: Балалардың күшік туралы білімдерін толықтыру, сурет мазмұнына қарай әңгіме құруға дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Бала бойында сөйлеу және тыңдай білу, сұраққа жауап беру қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Үй жануарларына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: сипаттау әдісі, ой – толғаныс, сұрақ – жауап, әңгімелесу, тірек сурет
Оқу қызметінің түрі: дәстүрлі,
Сөздік жұмыс: жұмсақ, үлпілдек,
Көрнекіліктер: күшіктің суреттері, слайд
Пәнаралық байланыс: қоршаған ортамен таныстыру
Қолданылатын технология: Модульдік технология, дамыта оқыту технологиясы, ақпараттық технология
Таңғажайып сәт: Слайд көңілсіз күшік

Танымды оятушылық
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, ең алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай
Қуанатын күн келді
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.

ІІ. Өткенді қайталау
- Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын ойнайық па?
Дидактикалық ойын: «Ғажайып сандықша»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: тәрбиеші сандықтың ішіндегі заттарды сипаттайды, балалар не зат екенін табу керек.
1) - өзі дөңгелек болып келеді, жерге ұрсаң секіреді. Онымен бірнеше ойын ойнауға болады. Ол не? / доп/
2) – Ол қағаздан немесе темірден жасалады. Қағаздан жасалған түрі төртбұрышты, ал темірден жасалған түрі – дөңгелек. Ол бізге өте қажет. Ол затсыз біз дүкенге бара алмаймыз. Қане жауабын кім айтады? / ақша/
3) Жуын, жуын, жуынсақ,
Қандай жақсы... /қуыршақ/
4) Адамға өте қажет, онымен біз алыс – алыс жерлерге жетеміз, төрт дөңгелегі бар. Ол не? / машина/
5) Ол адамның досы,
Өзі үйді күзетеді.
Ол қай жануар? / ит/
Ұйымдастыру – Іздестіру

ІІІ. Жаңа тақырып
1. Кіріспе
- Балалар, ит қандай жануар түріне жатады?
- Ит үй жануары.
- Итті адамдар не үшін асырайды?
- Үйді күзету үшін асырайды.
- Иттің баласын не деп айтамыз?
- Иә, иттің баласын күшік деп айтамыз.
- Күшік қандай дыбыс шығарады?
- Қане, бәріміз күшік сияқты үрейікші.
- Күшіктің дыбысын салып үруге талпынады.
2. Негізгі бөлім
- Балалар, суреттегі күшік туралы әңгімелейік.
- Күшік қандай екен?
- Күшік кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді, ақылды, құлақтары ұп - ұзын, жүні жұмсақ, үлпілдек.
- Күшіктің көңіл күйі қандай?
– Мына күшігіміз сондай көңілсіз неге? – Мүмкін атын ұмытқан болар. – Немесе жаңбырда жаураған болар. Анасынан адасқан болар. Жарайсыңдар балалар күшік анасынан адасып қалыпты. Олай болса біз анасына жетуге көмектесеміз ба? Ол бізден көмек сұрап тұр. Біз онда барлық білімімізді көрсетіп күшікті анасына жетуіне көмектесейік? Анасына жеткізу үшін біздің алдымызда көптеген тапсырмалар берілген. Олай болса тапсырмаларды бірлесіп орындайық.
1 - тапсырма – Күшікке ат қою? Ақтөс
2 - тапсырма – Сурет бойынша әңгіме құрайды.
Далада жаңбыр жауып тұр. Күшік жаңбырдың астында қалды. Не істерін білмеді. Сол кезде қыздар күшікті көріп, оның қасына келді. Олар күшікті үйлеріне алып келді. Күшікке сүт берді. Күшік жылынып, қарны тойып, ұйықтап қалды.
3 - тапсырма - Дидактикалық ойын. Лабиринт арқылы күшікке сүйекке жетуге көмектесу.
4 - тапсырма - Сергіту сәті. Қызыл гүлім ай.
5 - тапсырма Күшікке сипаттама.
Кіп - кішкентай. Өзі сүп - сүйкімді, жүні - жұп - жұмсақ, құлақтары ұзын, төртаяқты, бір құйрығы бар. Күшіктің сүйікті асы сүйек. Күшік доппен ойнағанды жақсы көреді. Ол үйді күзетеді.
3. Сөздік жұмыс: жұмсақ, үлпілдек,
4. Топтық жұмыс:
5. Жеке жұмыс: Айыммен жеке жұмыс жүргізу.
Рефлексивті түзету:

ІV. Оқу қызметін қорытындылау:
Балалар күшік анасына жетті, ол өте қуанышты.
Күшіктің анасы қайда жатыр?
Үйшікте.
Үйшіктің төбесі қандай пішінде?
Үшбұрыш.
Ал астыңғы бөлігі қандай пішінде?
Төртбұрыш. Жарайсыңдар балалар.
Күшік сендерге алғыстарын айтып жатыр.
Балалар естеріңде болсын.
- Далада немесе көшеде ойнап жүрген итті немесе күшіктің қасына баруға болмайды. Олар сендерді танымайтындықтан тістеп алуы мүмкін. Үстері лас болуы мүмкін Тамақ ішіп жатқан иттің немесе күшіктің қасына баруға болмайды. Өйткені тамағын немесе жеп жатқан сүйегін қызғанып тістеп алуы мүмкін. Олардың азулы тістері болады.
- Балалар, бүгін біз не істедік?

V. Балалардың білімін бағалау: оқу қызметіне белсене қатысқан балаларды мақтап - мадақтау.
VІ. Үйге тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрап келу.

Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы, Ақтоғай бекеті,
№3 Ақтоғай балабақша - бөбекжайы
«Қарлығаш» тобының тәрбиешісі
Мурумбаева Жанар Аманжолқызы
7 029
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күшік пен мысық
Күшік пен мысық
Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің ала мысығы болды. Бір күні қара күшік көршінің бағына кіріп, сонда жүрген ала мысықты тура қуды. Мысық қашып барып, алма ағашына шығып кетті.
Кім мяу деді?
Кім мяу деді?
Күшік үй жанында ұйықтап жатады. Бір кезде: «мяу» деген дыбыс естіледі. Күшік ұшып тұрып, «мяу» деген кім деп іздей бастайды.
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
«Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары
«Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары
Қатынас білім беру саласы бойынша «Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары.
Күшік пен мысықай біздің көршілеріміз
Күшік пен мысықай біздің көршілеріміз
Атырау қаласы, №16 "Дюймовочка" балабақшасының тәрбиешісі Шалтақова Эльмира Жұмажанқызы
Көңілді түстер
Көңілді түстер
Ақтөбе қаласы, №13 «Бөбек» м. д. ұ. психолог: Имангалиева Р. С. «Көңілді түстер». II - кішкентайлар тобы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×