Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күшік пен мысықай біздің көршілеріміз

30 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: «Әлеуметтік орта», «Қатынас»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру», «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Күшік пен мысықай біздің көршілеріміз»
Мақсаты. Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Бізбен бірге тұратын үй жануарларының жағдайын бақылауға үйрету. Үй жануарларымен өзін ұстау ережелерімен таныстыру. Үй жануарларына адамның қандай қатынасы болу керек екендігін түсіндіру. Жануарларға қамқорлық қарым-қатынасын, оларға қамқор болу ықыласын тәрбиелеу. Табиғатта қауіпсіз жүріс - тұрыстың қарапайым дағдыларын дамыту.
Әдіс – тәсілі: Таныстыру, көрсету, түсінік беру, қорғау, ғажайып сәт, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, Д/о: «Төлдерді ата!», «Бола ма, әлде болмай ма?», ойыншық мысық пен ойыншық күшік
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің жүрісі:
Ұйымдастыру кезеңі: топтық жиын
Шаттық шеңбері: Сәлеметсің бе, Алтын күн!
Сәлеметсің бе, Жер ана!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Сәлеметсіздер ме, достарым!
Сендерді көргеніме қуаныштымын!
- Балалар, сендерді осындай кең, жарық бөлмеде көріп, кездесіп тұрғаныма сондай қуаныштымын, Сол қуанышымды, алақанымның жылуын, жайдары күлкімді бәріңе сыйлағым келіп тұр.
Ғажайып сәт: Есік соғылып ішке күшік пен мысықай кіреді. Екеуі де жарақаттанған.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіздер ме? Келіңіздер, төрлеңіздер.
- Балалар, бұл нелер бізге қонаққа келген? (балалардың жауабы)
- Сендерге не болған? (күшік пен мысықай жауап бермейді )
- Жарайды, айтуға көңілдерің болмай тұрған сияқты. Ендеше мына орындыққа отырыңдар. Мүмкін біздің балаларымызды тыңдағаннан кейін көңіл - күйлерің жақсарып, бізге не болғанын әңгімелеп берерсіңдер.
- Балалар күшік пен мысықайдың көңілдерін көтеру үшін олардың достары төлдердің суреттерін қарап, аттарын атайық.
Дидактикалық ойын: «Төлдерді ата» (слайд арқылы өткізу)
- Балалар мысықай мен күшіктің көңілдері кішкене көтеріліп қалған сияқты, әрі қарай көңілдендіру үшін мүмкін тақпақтар айтып берерміз. Кәне кім айтып береді?
Балалар төлдер туралы тақпақтарын оқиды.
Тәрбиеші: - өте тамаша, балалар келіңдер ортаға кішкене сергіп алайық.

Сергіту сәті: «Көлеңке»
Көлбең, көлбең көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем,
«Мысық» қалай жүреді? Кім көрсете біледі?
«Мысық» былай жүреді көлеңкем де біледі
Көлбең, көлбең, көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем,
«Күшік» қалай үреді? Кім көрсете біледі?
«Күшік» былай үреді, көлеңкем де біледі.

Тәрбиеші: - Мысықай, күшік көңілдерің көтерілген сияқты, енді айтарсыңдар сендермен не болғанын?
Күшік пен мысық: - Жарайды, біз далада ойнап жүрген балаларды көріп, олармен бірге ойнағымыз келіп, қастарына барғанбыз. Ал олар болса, бізбен ойнап жүріп, біресе құлағымызды бұрады, біресе құйрығымыздан тартты, қатты жұлмалап, жұлқылады, күшіктің құлағын қатты бұрап ауыртып жіберген сонша, ол байқаусызда балалардың біреуін тістеп алды, олар бізге тас лақтырып қуа бастады, әзер қашып құтылдық.

Тәрбиеші: - Балалар, ол балалардың бұл қылықтары дұрыс болды ма? Неге олай ойласыңдар? (Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: - Ит, мысықтың құйрығынан тартуға, құлақтарын бұрауға, олардың көздерін шұқуға, жүнінен тартқылауға болады ма?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: - Әрине, болмайды. Біріншіден олар өздерін қорғау үшін сендерді тістеп немесе тырнап алуы мүмкін. Екіншіден сендер оларды да жарақаттап қоюларың мүмкін.

- Сонымен қатар балалар далада немесе көшеде бөтен ит, күшік мысықтың қасына баруға, оларға қолдарыңды созуға, оларды сипауға болмайды, олар сендерді танымайтын болғандықтан сендерді тістеп не тырнап алулары мүмкін, сондықтан абай болыңдар! Естеріңде болсын балалар тамақ ішіп жатқан ит, мысықтың да қасына жақындап баруға болмайды, олар оз тамақтарын, кеміріп жатқан сүйектерін қызғанады, өзінің асын қызғанып шабуыл жасап, тістеп, тырнап алулары мүмкін. Жануарлармен қарым қатынас жасағанда үнемі сақ болуларың керек.

- Балалар, сендерге қызықты ойын дайындадым, мен сендерге
Суреттер көрсетемін, ал сендер ондағы әрекеттерді жасауға бола ма, әлде болмай ма? Соны тауып айтасыңдар.
Д/О: «Бола ма, болмай ма?»
- Бәрекелді балалар! Өте тамаша! Ал енді сендер
өздеріңді көршілеріміз мысықаймен, күшікпен қалай қарым - қатынас жасау керектігін үйрендіңдер, сақтық ережелерімен таныстыңдар. Ендеше мысықай мен күшіктің жарақаттарын емдеп, аналарына қайтуға көмектесейік.
Ойын; «Ветеринар»
8 344
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарларымен таныстыру оларды атау және тану. Үй жануарларының төлдерін атау, жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру және сұрақ жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Мысықай - пысықай, сен Мақта қыздың сүтін тағы да төгіп алдың ба?
Жақсылыққа жақсылық
Жақсылыққа жақсылық
Үлкендермен достармен сыйластық қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Достықты қадірлей білуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерін ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×