Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл мезгілдері

16 ақпан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жыл мезгілдері
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Білімділік міндеті: Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту; Жыл мезгілдерін бір - бірінен ажырата білу.
Дамытушылық міндеті: Балалардың ақыл - ойын, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәнерін, есте сақтау қабілетін сурет бойынша дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Табиғат сұлулығын сезіне отырып, оны қорғауға, оған қамқор болуға тәрбиелеу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Көрнекіліктер: Табиғат жайлы суреттер.
Әдіс - тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, сұрақ – жауап.
Қостілділік компоненті: қыс - зима - winter, көктем - весна - spring, жаз - лето – summer, күз - осень - autumn;

Оқу іс - әрекет кезеңі
Педагогтың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Педагог алдымен келген қонақтармен амандасып алуын сұрайды.
Шаттық шеңбері:
Білгір қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы,
Қонаққа келіп отырған,
Апайларға қарашы.
Бәріңізге ізетпен,
Біздер сәлем береміз
Сәлеметсіздер ме апайлар!

Балалар қуана амандасады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Ендеше балалар өз орындарыңа барып отыра қойыңдар.
- Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қандай?
- Онда балалар, біз сендермен «тамаша» ойынын ойнайық.
Ойынның шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтқанда, сендер жақсы, тамаша деп жұдырықтарыңды түйіп бас бармақтарыңды көтеріп бір - біріне көрсетесіңдер. Келістік пе?
-«Балауса» балабақшасы қандай?
(Тамаша)
-«Күншуақ» тобының балалары қандай?
(Тамаша)
-«Қыс мезгілі қандай?» (Тамаша)
-«Қар жауған қандай?» (Тамаша)
-«Бүгін келген қонақтар қандай?» (Тамаша)
- Керемет балалар, енді айта қойыңдаршы. Жылдың неше мезгілі бар? (Төрт мезгілі)
- Дұрыс айтасыңдар. Қандай?
(Қыс, көктем, жаз, күз).
Тәрбиеші балалармен жыл мезгілдері бейнеленген сурет бойынша жұмыс жасайды.

Ғажайып сәт:
Осы сәтте қыстың әуені ойнап балаларға қонаққа Жыл мезгілдерінің ханшайымы келеді.
Ханшайым балалармен амандасады.
- Балалар, балабақшада «Жыл мезгілдері» туралы әңгімелесіп жатқандарын естіп әдейі келдім, жыл мезгілдері туралы суреттерімді ала келдім. Сендердің қаншалықты мені жақсы көріп ажырата алатындарыңды білгім келді.
- Кәне кім айтып береді екен мен туралы?
(Балалардың жауабы.)

- Балалар қараңдаршы, Жыл мезгілдерінің ханшайымы аппақ болып киініп алыпты, неліктен деп ойлайсыңдар?
(Өйткені қазір қыс мезгілі, сондықтан да ханшайым аппақ болып киініп алған.)
- Өте дұрыс айтасыңдар!
- Ал, балалар, ханшайымның әкелген суреттерін сөйлетеміз бе?
- Ханшайым, онда сен жақсылап жайғасып отыр, балалардың жыл мезгілдері туралы, оларды бір - бірінен
қалай ажырата алатындарын көріп, байқап отыр.
Сурет бойынша әңгіме бастамас бұрын тәрбиеші әр жыл мезгілдері жайлы жұмбақ жасырады.

Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Қыс мезгілінде.)

Күннің көзі күлімдеп
Жылғалардан су ақты,
Құстар көкте самғайды,
Бұл қай кезде болады? (Көктем мезгілінде)

Өрік, алма,
Жидек, жүзім,
Дүкендерге түседі.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Жаз мезгілінде)

Астық пісіп,
Орақ түсіп,
Қырмандарға түседі,
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Күз мезгілінде)

- Жақсы балалар сендер жыл мезгілін ажырата алады екенсіңдер.

Сергіту сәті:
Жаңбыр жауды тырс - тырс,
Боран соқты гу - гу,
Жел тұрды ыли - ыли,
Найзағай ойнады тарс - тұрс.

- Енді балалар ханшайымның тапсырмасына кірісейік.
Балалар өздеріне берілген жыл мезгілдері туралы суреттерге қарап әңгіме құрастырады.

Ханшайым:
- Балалар, сендерге көп рахмет, мен сендердің жыл мезгілдерін бір - бірінен ажырата алатындарыңа қуанып отырмын. Сурет бойынша да мен туралы әңгіме құрастыра алатындарыңа да көзім жетті. Мен осы суреттерді сендерге сыйлаймын, үнемі осы сияқты суреттермен әңгіме құрастырып, тілдеріңді жаттықтырып жүріңдер! Енді мен сендермен қуана қоштасамын. Келесі кездескенше сау бола қойыңдар.

Рефлекциялық - түзетушілік
- Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ғажайып болды.
- Сендерге кім қонаққа келді?
(Жыл мезгілдерінің ханшайымы)
- Сендерге не сыйлады? (Әдемі суреттер)
- Бүгінгі сабақ ұнады ма? (Иә)
Тәрбиеші сабаққа жақсы қатысқандарға мақтаулар айтады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін;
Игереді: суретке қарап, 2 - 3 сөйлем құрай білу дағдыларын;
Меңгереді: Сурет арқылы әр жыл мезгілдерін ажырата білуді;

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы,
Солоновка ауылы, «Балауса» балабақшасы
«Күншуақ» тобының тәрбиешісі
Мамиева Салтанат Кожаевна
11 115
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Балалардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Күз мезгілі жайында түсінік беру. Есте сақтау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу. Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Байланыстыра сөйлеуге үйрету. Жыл мезгілдерін ажырата білу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Достық ел мақтанышы
Достық ел мақтанышы
Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін тиянақтау, танымдық құзіреттілігін арттыру, сөздік қорларын молайту, татулыққа, достыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×