Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 - Желтоқсан президент күніне арналған тақырыптық сабақ «Елбасымен біргеміз!»

10 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Елбасымен біргеміз!»
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі, туып – өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге азаматтыққа тәрбиелеу. Бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, әнұран, т. б.

Әрекет кезеңдері
Шаттық шеңбер!
Қол алысып, қане біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру,
Қандай жақсы дос болу.

Мотивациялық қозғаушы
Әділеттің ақ жолын ту етіп,
Елінің егемендігін, ынтымақты,
Тұтастық бірлікті ойлаған,
Ұрпақтың саналығына мән берген,
Ар мен намысты биік ұстаған
Әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері,
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың құрметіне арналған 1 – желтоқсан Президент күніне орай өткізіліп отырған
« Елбасымен біргеміз!» атты тақырыптық оқу қызметін бастайық.

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алған. Ата - анасын қатты құрмет тұтты. Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Елбасының отбасы
- Әкесі - Әбіш, анасы - Әлжан, інілері - Сатыбалды, Болат, қарындасы - Әмина, туысы - Зейнеп.
- Еңбек жолын Теміртау қаласында Қарағандыдағы металлургия комбинатында металлург болып бастады. Әлем таныған дарынды тұлға іскер – саясатшы Н. Ә. Назарбаев ел экономикасын түзеп болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.
- Елбасымыздың бүгінгі туған күніне сәбилерде ақ жүрекпен тілектерін арнайды.
Тақпақ:

- Жарайсыңдар, балалар өте жақсы, Елбасы туралы жақсы тілектер айттыңдар.
- 1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
- 1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы « Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариаланды.
Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды.
Бүгінгі таңда еліміз көркейіп, көптеген қалаларымыз ең әсем, әдемі, көрікті қалаға айналды.
- Мына суретте еліміздің астанасы - Астанада орналасқан Елбасының қызмет ететін орны - Ақорда. Осы жерде Нұрсұлтан ағамыз құжаттарға қол, қойып, бұйрық шығарып жұмыс жасаған екен.
Тақпақ:

- 1992 жылы 4 - маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Кез - келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының

- Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан - жақты дамыған тұлға, ол көптеген кітаптар, шығармалар, жазбалар жазды.
- «Қазақстан бақытты ел. Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға - елдің тұғыры. Тұлға - елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!
Тақпақ:
Айару:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Аяжан:
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Дана:
Отан – менің ата - анам,
Отан – досың, бауырым.
Отан - үлкен Астанам,
Отантуғанауылым.

Алихан:
Отандегенатамекен,
Отандегентуғанжер.
Отан – ана, отан – үлкен,
Қазақстантуған ел.
Санжар:
Енді қайтсек қазақ болып қаламыз,
Болашаққа қай денгейде барамыз.
Бодандықтан қайтсе арылар санамыз,
Соны ұқпасақ көк тиын бар бағамыз.

1 - Желтоқсан президент күніне арналған тақырыптық сабақ «Елбасымен біргеміз!». жүктеу
3 079
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
Елбасы – Ұлт мақтанышы
Елбасы – Ұлт мақтанышы
Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана - сезімі жоғары, саяси - құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Елбасымен біргеміз!
Елбасымен біргеміз!
Атырау облысы, Индер ауданы, "Райхан" балабақшасының тәрбиешісі Нугманова Қалампыр Қабдысалыққызы
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×