Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерінің дамуы

12 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Психологиялық тренинг: Тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерінің дамуы
Мақсаты: - шығармашылықтың дамуына кедергі келтіретін жағдайларды анықтау;
- тренингке қатысушылардың коммуникативтік және креативтік (жасампаздық) мүмкіндіктерін дамыту;
- шығармашылық қиялдарының дамуына, ойлау қабілеттерінің әуестік, батылдық, икемділік қасиеттерінің дамуына ықпал ету.

Тренинг барысы;
Психолог: «Құрметті әріптестер, «Тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерінің дамуы» атты тренингке хош келдіңіздер!»
1. Сәлемдесу: алдарыңыздағы қағаздан ойылған алақанмен барлық қатысушылармен ерекше амандасамыз.
2. Тренинг барысындағы жұмыс ережесін қабылдау
Жаттығу: Өзін - өзі таныстыру презентациясы
«Менің мінезімнің сипаты»
Мақсаты: қатысушылардың өзара танысуына көмектесу, бірігіп тиімді жұмыс жасауға жағдай жасау.
Психолог: 1 мин. уақыт ішінде әрқайсыларыңыз өз мінездеріңізді қысқаша сипаттап өтіңіздер.
Сөз кезегі қатысушыларда.
Психолог: Рахмет! Сіздер барлықтарыңыз да өте қызықты ерекше тұлғасыздар.
Тәрбиеші мамандығы үнемі шығармашылық дамуды қажет ететін қызмет түріне жатады, өйткені кез келген педагогтың профессионалдық қызметі қайталанбас бірегей тұлғаны тәрбиелеуге арналған. Тәрбиеші әруақытта ешқашан бірдей баланың болмайтынын, әр бала өзіне бірегей шығармашылық көзқарасты қажет ететін жеке тұлға екенін естен шығармауы қажет. Педагог Ш. А. Амонашвили «Балалар мұғалімнің шығармашылығының жетіспеушілігінен зардап шегеді» деп текке айтпаған.
Шығармашылық болашақта баланың өз мақсаттарына жетуіне, өз проблемасын өзгеше, соны жағдайда шешуіне көмектеседі. Бала өмірінің түрлі - түсті бояуы үлкеннің үлгісімен қалыптасады, сондықтан болашақта баладан жан - жақты өмірге құлшынысы зор жеке тұлға тәрбиелеп шығару үшін тәрбиеші бойында шығармашылық мүмкіндіктерін дамытып отыру өте қажет - а
Жаттығу «Мен не күтемін»
Мақсаты: Қатысушылардың тренингтен не күтетінін анықтау.
Психолог: Қазіргі жаттығуымыз «Мен не күтемін...» деп аталады. Мен бастаған сөйлемді аяқтауларыңызды өтінемін: «Бүгінгі семинарға менің келген себебім...» «Тренингке қатысу себебім...»
Жаттығу «Шығармашылық, бұл -..»
Психолог: Шығармашылық сөзіне үндес сөздерді атаңыз. Шығармашылық дегенді естігенде ойыңызға ең бірінші түскен сөзді атаңыздар.(жаңашыл, ізденгіш, жаңа технологияны меңгерген т. б.)
Жаттығу «Шығармашыл тәрбиешіні мен қалай түсінемін»
Мақсаты: заманауи балабақшаның креативтілігін сипаттайтын сапаларды анықтау.
Психолог: қазіргі жаттығуымыз «Шығармашыл тәрбиешіні мен қалай түсінемін» деп аталады. 3 мин ішінде «шығармашыл» деген сөздің әр әрпінене басталатын сапаны айтып шығайық:
Ш - шыдамды,
Ы – ынталы
Ғ - ғылыми ізденгіш
А - адал
Р - реактивті, романтик
М - мейірімді
А - адамгершілік қасиетке ие
Ш - шынайы
Ы - ықыласқа
Л - лайық

Жаттығу: «Ертегі вернисажы»
Мақсаты: бейнелі ес пен шығармашылық елесті белсенді жандандыру, жылдамдылық пен алғыр ойды дамыту.
Психолог: Біз барлығымыз балалықты бастан өткіздік. Әрқашан бала кезімізде ата - анамыздан, балабақшада, мектепте естіген ертегілерімізді сағына, елжірей, үлкен махаббатпен еске аламыз. Ертегі дегеніміз - ауыз әдебиетіндегі ең танымал жанр ғана емес, кез келген шығармашыл адамға шабыт сыйлайтын ғажайып сыйқырдың қайнар көзі емес пе?! Ертегі үлкенге де балаға да қуаныш сыйлайды. Сондықтан біз қазір «Ертегі вернисажы» жаттығуын орындаймыз. Жәшіктен әр топ бәрімізге таныс ертегі үзіндісі жазылған конверт алып, дауыстап оқиды да, кім немесе не туралы айтылғанын табады. Сонымен, бастаймыз.

Жаттығу «Суретпен әңгіме»
Мақсаты: тез, бейнелі ойлауды, шығармашылық елес пен қиялды дамыту.
Психолог: Нағыз әйел болмайтын нәрседен үш нәрсе жасай алады деген сөз бар: салат, шляпа, шиеленіс(кикілжің). Біз сіздермен нағыз әйелдерміз, сондықтан мен бұл үш нәрседен де басқа нәрсе жасай аламыз деген сенімдемін. Қазір сіздердің назарларыңызға «Суретпен әңгіме» жаттығуы ұсынылады, топ болып орындаймыз. Құпия жәшіктен әр топ басшысы суреттер алады10 суретке дейін. Алған суреттер негізінде керемет әңгіме құрастырамыз.(5мин)

Жаттығу «Креативті шеңбер»
Мақсаты: жылдам, тез ойлауды дамыту.
Психолог: Отырып жалыққан боларсыздар, барлығымыз шеңбер бойына тұрайық, мен сіздерге доп лақтырып, бір заттың атын атаймын, сіздер ол заттың үйреншікті емес жағдайда пайдаланылуын айтасыздар. Мыс. ручка(дыраколдың орнына қағаз тесуге, желкемізді қасуға, указка ретінде пайдалануға)
Сызғыш, қағаз, кітап.

Рефлексия:
Сіздерге оңай болды ма?
Қандай сезімде болдыңыз?
Неге қиынға соқты?
Не кедергі келтірді?
Неден қорықтыңыз?
Бізге шығармашыл болуға не кедергі келтіреді, не көмектеседі?
1 - топ - тапсырма: «шығармашыл болуға ықпал ететін жағдайлар»
2 - топ: «шығармашыл болуға кедергі келтіретін жағдайлар»
1. сапалық қасиеттер: қалыпты емес шешімдер қабылдау қабілеті,
Ойлаудың проблемалық ізденгіштік стилі,
Оқыту қызметі барысында проблемалық қалыпты емес оқыту тәрбиелік жағдаяттар қалыптастыра білу,
Шығармашылық қиял, дамыған елес болуы шарт.
2. Арылу қажет: жалқаулық, жұмысқа деген қызығушылықтың болмауы, аурушаңдық, тұрақсыз психикалық жағдайлар, жағымсыз әдеттер, өз уақытыңды тиімсіз пайдалану.
Зерттеушілер оған мына жағдайларды қосады: жағымсыз ортатұрақты кедергілер(шу, ыстық, суық т. б.)
Ұжымдағы жағымсыз психологиялық климат
Шешім қабылдаудағы қорқыныш т.с.с
Халық шығармашылығы, бұл мақал - мәтел, аңыз әңгімелер, ертегілер, наным - сенімдер. Ал біздер шығармашылықты қайдан кездестіреді екенбіз, айтыңыздаршы?
Жаттығу «Тілек»
Алақаныңызды көршіңізге беріңіз (кезекпен барлығы тілек жазып, шеңбер бойынша таратады.)
Көңілсіздік бойларыңызды жайлаған кезде әріптестеріңіздің өздеріңізге арналған тілектерін оқыңыздар, өз өмірлеріңіз қызықты да бірегей болу үшін ғажайып нәрселер жасау қажет екенін, шығармашыл болу керектігін ұмытпаңыздар. Ал мен сіздерге оптимизм мен табыс, жаңа шабыттар тілеймін.
Бір - біріңізге алақандарыңызды бұлғаңыздар, хош - сау болыңыздар!

Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы
№11 «Балауса» балабақшасы педагог - психологы
Айсұлу Пазылова
11 112
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әріптестік қарым - қатынас тренинг
Әріптестік қарым - қатынас тренинг
Жеке тұлғаға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез - құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін дамыту, нығайту.
Педагогтарға арналған «Шығармашылық қабілеттерін шыңдау» психологиялық тренингі
Педагогтарға арналған «Шығармашылық қабілеттерін шыңдау» психологиялық тренингі
Шығармашылық мүмкіндік – креативтілік (ағылшын тілінен енген creativity~ адамның нәрсені жаңа тұрғыда көру.
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Бұл тренинг педагогтардың, тәрбиешілердің педагогикалық ұжымдастықты қалыптастыру. Педагогтардың бір - біріне деген қарым-қатынасты жақсарту, коммуникативтік дағдылану, эмоционалды тұрақтылық, өз-өзіне деген сенімділікті нығайту.
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері
Топ - бұл ақиқат дүние, топта, өмірдегі сияқты өзіндік тұлға аралық қарым-қатынас, шешім қабылдау, мінез-құлықты таңдау проблемалары бар.
В дыбысы және әрпі
В дыбысы және әрпі
Оқушыларға в дыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасауға үйрету. Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Оқушыларды адамгершілікке,
Кәсіби «Мен» тұжырымдамасы – қарым - қатынас тренингі
Кәсіби «Мен» тұжырымдамасы – қарым - қатынас тренингі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы, №11 «Балауса»балабақшасының педагог – психолог Айсұлу Пазылова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×