Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 - ден 5 - ке дейінгі сандар

06 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Таным
Бөлімі: Математика
Тақырыбы: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қайталау
Мақсаты: Б.м: Санның құрамын, таңбаларын қайталау, алған білімдерін бекіту, ойын арқылы білімдерін жетілдіру.
Д.м: Балалардың ой-өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау қабілеттерін арттыру
Т.м: Балаларды үлкенді сыйлауға, тілін алуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті. Бала әрекеті
Мотивациялық оятушылық
Тәрбиеші балаларды «Бүгінгі күнімізді бастайық» атты шаттық шеңберге тұрғызады.
Күндей жадыра
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық!

Ұйымдастырушылық ізденушілік
Бүгін біз сендермен ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Математика сабағында бүгінге дейін не үйреніп, не білгенімізді еске түсіруіміз керек. Ертегі желісі бойынша тапсырмалар беріледі.

«Раушан мен Асан» оқиғасы

1- тапсырма: Орманда орманшының үйі бар. Оның Раушан мен Асан атты екі баласы бар екен. Раушан 5 жаста, ал Асан одан екі жас кіші. Сонда Асан неше жаста екен?(3 жаста)
Ендеше Асан кішкентай екен.
Бір күні екеуінің әке-шешесі қыдырып кетеді, кетерде Раушанға Асанды тапсырып кетеді. Есік алдында ойнап отырып, Раушан кетіп қалады. Сол кезде Асанды «ғажайып» аққу ұшып келеді де алып кетеді. Раушан келіп інісін іздейді. Үйінің жанында алма ағашы бар еді. Содан сұрайды:
- Алма ағашы, менің інімді көрдің бе? Інімді іздеп табуға көмектесші –дейді.
- Сонда алма ағашы былай деп жауап береді. Көмектесейін, бірақ сен де маған бір көмегіңді бер. Мынау алмаларым қып-қызыл болып пісіп, басымды көтере алмай тұрмын. Менің алмамды жинауға көмектес. (Раушан алмасын жинасады)
Қане, балалар біз де, Раушанға көмектесейік.

1 тапсырма: Үй салуға қанша фигура қажет? Суретте неше үшбұрыш бар?
- Біраз жүрген соң Раушан бір өзенге кездеседі. Өзен балықтарын суға салуды тапсырады.

2 тапсырма: Көрші санды жаз.
Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайық
2, 3, 4 алақанды соғайық
Оң жаққа бұрылып
Сол жаққа бұрылып
Біз шынығып алайық
- Раушан егістік алқапқа келеді. Егістік алқап: Математикалық жұмбақ –есептер шешсін, содан кейін барып, менің егістік алқабымнан өтесің дейді.
Бестен төртті алайық
Қанша қалды қарайық
Қарайық та санайық
Санайық та табайық

-3 тапсырма: Логикалық есеп шығару.
Қарап ал да, санап ал
Екі ешкінің мүйізі қане?
Қанша болады?
- Табақта үш алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма?
- Раушан Ақ әжеге кездесіп, сәлем береді. Сәлеметсіз бе әже?
- Неге ренжіп келесің? Інімді жоғалтып алдым, көмектесіңізші! Үлкен кісі таяққа сүйенбесе орнынан көтеріліп жүре алмайды. Сен маған мына «Сиқырлы таяғымды» алып беріп жіберші.
- Сандарға байланысты көңілді санамақтар айтқызу.
- Ақ әже: Менің таяғымды алып бердің, көп рақмет!үлкенді сыйлай білетін тәртіпті бала екенсің. Бірақ сен кішкентай ініңді жалғыз тастап кеткенің дұрыс болмады. Мен «ғажайып аққуымды» жіберіп, ініңді алдырттым. Екінші бұлай етуші болма.
Сен үйіңе қайта бер, ініңді үйіңе жеткізіп саламыз дейді. Раушан үйіне келсе, есік алдында інісі отыр. Міне, осымен бүгінгі біздің ертегіміз аяқталды.
*3* *2* *4*
- Балалар математикалық жұмбақтарды шешеді
Балалардың жауабы: 5 алма

Бір дегенім-бүркіт
Қалады аңдар үркіп
Екі дегенім-есек
Білмейді ол есеп
Үш дегенім-үкі
Ұстап жеді түлкі
Төрт дегенім-тиін
Есебі оның қиын
Бес дегенім-бұлбұл
Сайрағанда дүлдүл

Рефлексивті түзетушілік
Ұ.о.іс-әрекетін қорытындылау сандарды кері санауға байланысты «Орныңды тап», «Көршіңді ата» ойындарын ойнату. «Кім алғыр» ойынын ойнату. Белсенді қатысқан балаларды мадақтау
1+2
3+2
1+1
2+2
амалдарын орындайды

Күтілетін нәтиеже:
Нені біледі: Балалар 5-ке дейінгі реттік сандарды ауызша санау арқылы салыстыра білуді білді
Білуі керек: Сандарды танып, көрсете білуді, неше деген сұраққа толық жауап беруді,сандарды ретімен қоюды меңгерді
Түсіне біледі: Өз бетімен іс-әрекет жасап,математикалық есептерді шығара алады
45 590
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 4 санының қатарын ретімен санауға жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4 саны көлемінде білім - біліктілігін арттыру үшін дамытып оқыту және тізбек әдісін қолданудың тиімділігін білу.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету /тура және кері тәртіппен/.
Он көлеміндегі сандар
Он көлеміндегі сандар
- Балалардың он көлеміндегі сандар туралы білімдерін пысықтау. Тура, кері санау, ауызша есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
8 саны мен цифры
8 саны мен цифры
8-ге дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 8-ге дейінгі санның құрамы, таңбасын, геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту. «8»санын ажырату, сандар ішінен таба алу
1 - ден - 20 - ға дейінгі сандар
1 - ден - 20 - ға дейінгі сандар
Атырау қаласы, М. Әуезов атындағы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кенжебаева Алима Бекболқызы
Он көлеміндегі сандарды қосу және азайтуды қайталау (ертегі еліне саяхат)
Он көлеміндегі сандарды қосу және азайтуды қайталау (ертегі еліне саяхат)
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, №28 Құсмұрын орта мектебінің Жұмасаева Әсел Сағындыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×