Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 наурыз мерекесі арналған сценарий

01 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Залға балалар қолдарына әдемі шарларын ұстап жұптарымен кіреді.
Жүргізуші: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен
Бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгіленген. Ол - 8 наурыз мерекесі.
Дүниеде ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады
Сол үшін де құдіретіне бас иіп
Құрметтейік қасиетті ананы
Бүгінгі көктем мерекесі, аналар мерекесі құтты болсын. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілей отырып, бүгін біз де аналарымыздың мейрамымен құттықтай отырып «Жаса, жайна, аналар» атты «Гүлдер» тобының ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Наурыз күні - Ана күні, әлем күні
Әлемді тебіндірер ана үні
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, бөбектерім сендер мұны
Тақпақ
Санжар: Әр сөзіңді жаттағам
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ анам
Сәлима: Много мам на белом свете
Всей душой их любет дети
Только мама есть одна
Кто она? Отвечу я
Это мамочка мая
Ән: «Айналайын ақ мамам»
Жүргізуші:
Теңіз де кешіп өтіп жетпей ме
Жан ботасын сағынғанда аруана - дегендей, ана бауыр етін баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. Қарға баласын «аппағым» дер, кірпі баласын «жұмсағым» дер дегендей, әркімнің өз баласы өзіне ай көрінер көзіне - деп айта аламыз. Тіпті жан - жануар да баласына мейіріммен қарайды. Ал қазір құрметті ата - аналар балалар 7 лақтың анасын құттықтағанын тамашалайық
«7 лақ, қасқыр және аю» қойылым
(Лақтар анасымен бірге әсем музыканың әуенімен сахнаға шығады)
Анасы: Лақтарым, шұнақтарым, мен орманға барамын. Сендерге бүлдірген әкелемін, ал сендер ешкімді кіргізбеңдер
Лақтар: Жарайды, анашым. Ешкімді кіргізбейміз
(Лақтар шығарып салып, әндетеді)
Лақ: Бауырларым, анамызға арнап ән салайық
Ән: «Біздің ана керемет»
Аяла (Лақ):
Осынша көп ойнадық
Қасқыр берер жазаны
Көз салыңдар жыраққа
Анау екі шыраққа
Жансая (Лақ):
Ойбай, қасқырдың өзі ғой
Оттай жанған көзі ғой
Бір бәлені сезіп ек
Ал, қашайық тезірек
(Қасқыр келеді)
Қасқыр: Кім қатты өлең айтып, маған ұйқы бермеген. Тәтті иіс шығарып тұр ғой? Бұл не?
(Столға жақындайды). Картоп қосылған бәліш, құлпынай тосабы мен тәтті шәй! Бүгін кімнің туған күні?
Лақтар: Қасқыр, сен білмейсің бе? Бүгін аналарымыздың мейрамы ғой.
Қасқыр: Қазір сендерді аналарыңмен қоса жеймін. Сосын бәліш, тосап. Міне болады керемет!
(Лақтар бір - біріне қарап)

Мөлдір (Лақ):
Бауырларым саспаңдар
Жеке дара қашпаңдар
Айласын тауып асырып
Бірігіп қасқырды жеңеміз
Қасқыр:
Ау, мыналар батыр ғой
Қорықпай бара жатыр ғой
Туу, мыналар ер екен
Тағыда не дер екен
Санжар (Лақ):
Бірлік жасап келеміз
Күш бірлікке сенеміз
Мүйізбен бір түйреп
Сыбағанды береміз
(осы уақытта, қолында бал салынған бөшкесі бар аю кіреді)
Рамиль (Аю): Қонақ шақырдыңдар ма? Мен келдім. Жазда жинаған балымды ала келдім. Сендер кімнен қорқып тұрсыңдар?
(Қасқырды көріп) Сен неғып жүрсің бұл жерде. Саған барлық есік жабық. Жоғалт көзіңді, Батыр қараңды!! (Қасқыр қорқып кетеді)
Қасқыр: ( лақтарға қарап)
Жеке - жеке кездессең
Жемек түгелі асармын
Ал қазір мен асығыспын
Сау болыңыз кетейін
(Қасқыр кетеді, анасы келеді)
Лақтар: Анашым, анашым
Қасқырдың бердік жазасын
Аю: Бұл жерге енді қасқыр жоламастай болып кетті
Анасы: Өте жақсы. Бәрі жақсы біткен екен.(Қасқыр кіреді) Бірақ балалар қасқырда біздің аналарымыздың мерекесін бізбен бірге қарсы алып көңіл көтерерсің. Сендер қалай ойлайсыңдар? Қасқыр бізбен достасқысы келіп тұр.
Ойын: Лақтар мен Қасқыр
Лақтар: Шөре - шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секеңдемей деміңді ал
Селтеңдемей құлағың
Марқа туған бөрте лақ
Әңгімеге құлақ сал
Ойнай көрме тым ұзақ
Боп жүрмесің бөрте тап
Қасқыр: Қасқыр, қасқыр, қасқырмын
Бәріңді де састырдым
Бүгін менің қарным аш
Ұстап жеймін қарным аш
Би: Күлімде
Тақпақ: (Әжелерге арналған)
Сәлима: Әже деген көп шығар
Әжемдей жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Әлім: Менің Әжем мейірбан
Мені жақсы көреді
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі
Мәди: Әжем менің ақ әжем
Ешкімде жоқ дара әжем
Ертегі айтып береді
Айналайын ақ әжем
Аяла: Тәттілерді сақтайды
Аялама берем деп
Мен тілеймін әрқашан
Әжем аман болсын деп

Ән: «Әжемнің шәйі»

Жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің биін тамашалайық
Би: Грузин
Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып
Әнші құстарды сайратып
Аналар мерекесін тойлатып
Көктем келеді
(Әуенмен көктем кіреді)
Көктем: Мен көктеммін, көктеммін
Күн сәулесін төккенмін
Барлық жерді жылытып
Шуақ нұрын сепкенмін
Ән салдырып құстарға
Нұр болып көктем төгілем
Гүл боп қырда егілем
Дән болып жерге себілем
Жүргізуші: Көктем қош келдіңіз Біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз. Біздің қонағымыз болыңыз
Тақпақтар (Аналарға арналған)
Айзере: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Аналарды ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Қуаныш: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Біз ананы қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз

Әди: Бөбегімнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Өмір бойы жүз жасап
Аман болшы анашым
Айсұлу: Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін
Рамиль: Мәпелейсің мені анам
Қолымдағы құсындай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағында қысылмай
Айым: Жүре берсем қасында
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген даусынан
Мен мәз болып оянам
Ансамбль: (Ұлдар)
Ән: Анамның мерекесі
Би: «ГҮЛДЕР»
Тақпақ:
Жанай: Ана өмір шырағы
Ана өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады
Кәусар: Сеннен өсет балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар
Заңғар: Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Жансая: Бал бөбегін баптаған
Анам үшін мақтанам
Маңдайыңнан сүйейін
Келші, келші анашым
Азиз: Аппақ анам, ақ анам
Ақ анам деп шаттанам
Түн ұйқысын төрт бөліп
Бөпешім деп жатпаған
Ән: «Біз тәртіпті баламыз»
Ата анамен ойын:
Жүргізуші: Осымен бүгінгі «Гүлдер» ортаңғы тобының ертеңгілігі аяқталды
3 249
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Аналар мерекесі
Аналар мерекесі
Балалардың 8 – ші наурыз жайлы түсінігін молайту. Үлкендерді, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл – күйлерін көтеру.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады....
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады....
Сабақ тақырыбы: Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады....
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×