Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілді шыршалар

07 қыркүйек 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Көңілді шыршалар
Қатысатындар:
Жүргізуші, Аяз ата, ақшақар, ұлпақарлар, қоян, түлкі, петрушкалар, аққала, балалар.
Балалар музыка әуенімен залға кіреді. Шырша алдында Аяз ата ұйықтап отырады. Жүргізуші балаларды шыршаға қарай алып келеді.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, мына жер қандай әдемі, бізді әсем де көркем, сұлу шыршамыз қарсы алды. Бүгін қандай мереке?
(Балалар жауап береді, Аяз атаны көріп қалады).
Жүргізуші: Міне, керемет! Мынау кім өзі?
Балалар: Аяз ата!
Жүргізуші: Ол не істеп отыр?
Балалар: Ұйықтап отыр.
Жүргізуші: (Аяз атаны балалармен бірге жақындап қарайды) Міне, қызық! Бізде мереке болайын деп еді, Аяз атамыз тура мерекеде ұйықтап қалыпты. Біз оны қалай оятсақ екен? Қане, балалар біз Аяз атаға ән салып берейік,

Ән: «Аяз ата»
(Балалар келісіп, Аяз ата әнін орындайды, әннің соңында Аяз ата оянады, көздерін уқалайды)
Аяз ата:- Не боп жатыр? Бұл не өзі? Мен ұйықтап қалғанмын ба?
Жүргізуші: Ия, Аяз ата, біз мерекеге келіп едік, ал сіз орындыққа отырып ұйықтап қалыпсыз, әрине алыс - алыс жақтардан аппақ қарды кешіп келген соң, сіз шаршап қалған боларсың.
Аяз ата: (орындықтан тұрып)
Балалар міне, жиналды
Шырша да дайындалды.
Енді мен ұйықтамай
Мерекені бастайын.
Жаңа жылмен құттықтап,
Ризалап бір тастайын!
Шыршаға жақындаңдар
Көп инесін санаңдар!
(Балалар шыршаны айнала тұрады)
Аяз ата:(Шыршаға қарап қабағын түйеді) Әттеген - ай, ай, ай, ай! Бұл не деген тәртіпсіздік! Мына шыршамыз бізбен бірге қуанбай тұрған сияқты, біз шыршадан әртүрлі шамдарыңды жарқырат деп сұрайық. Қане, бәріміз бірге!
Үш, екі, бір (алақандарын соғады)
Шырша жаншы бір!
(шамдары жанады)
Аяз ата: Ал, енді аяқтарымызды соғайық, сонда шамдар сөнеді. (шамдар өшіп қалады, бұл ойын екі рет қайталанады.)
Аяз ата: Шеңберге тұрайық,
Мерекені қарсы алайық.

Ән: « Көрікті шыршамыз»
Аяз ата: Қандай жақсы, қандай керемет! Шыршамыз әртүрлі шамдарын жарқыратты, балаларда бүгін ерекше әдемі, мерекеге сай киініпті, бірақ немерем Ақшақарды көрмей тұрмын?
Жүргізуші: Аяз ата, ол бізге келген жоқ.
Аяз ата: Ақшақар қайда кетті екен? Ақшақарды табуға менің сиқырлы таяғым көмектесер! Сиқырлы таяғым да көмектеспей қойды, енді сыпырғымен сыпырып көрейін.
Ақшақар: Ата, мен балабақшаға келе жатыр едім, бір кезде қатты боран соғып, ұлпақарлар шыр көбелек айналғанда, жолдың бәрін жауып қалды. Сізге рахмет, ата мені қар астынан аршып алдыңыз.
Аяз ата: Ақшақар, сен өзіңнің ұлпақарларыңды ұмытып кеткен жоқсың ба?
Ақшақар: Жоқ! Олар үнемі менімен бірге, себебі мен қардан жасалған қызбын ғой.

Би: «Ұлпақарлар»
Ақшақар «Қар кесектерімен ойынын бастайды» бастайды, сөздерін айта жүріп, Ақшақар қораптан қарларды алып, оларды алыстау жаққа лақтырады.
Ақшақар: Биіктеп қарды лақтырам,
Ұшады олар алыстан
Балалар қарды жинайды
Қорапқа әкеп салады.
(Балалар қарды жинап қорапқа салады, ойын қайталанады.)
Жүргізуші: Рахмет саған Ақшақар! Сен біздің балалармен қызық ойын ойнадың.
Аяз ата: Балалар орындыққа отыра қойыңдар!(Балалар орындыққа отырады) Міне ертегінің уақыты да келді. Менің бір қояным бар ол ылғи менімен бірге. (Дорбасынан ойыншық қоянды алады. Шырша артында бала қоян тұрады.) Мен сиқыршымын, қазір, мына қоянды тірілтем, солай жасайын ба? (Балалар иә деп жауап береді) Қазір шырша артына қойып, сиқырлы сөздерімді айтайын! (Сиқырлы музыка ойналады)
Ертегілер келіңдерші,
Қоянымды тірілтіңдерші!
(Қоян музыкасы орындалады, шырша артынан көңілсіз қоян бала шығады. Түлкі үйшіктегі орынға отырып алады.)
Аяз ата: Амансың ба, қояным?
Қоян (көңілсіз): Сәлеметсің бе, Аяз ата?
Аяз ата: Сен неге көңілсізсің?
Қоян: Менің көңіл көтеретін жайым жоқ, менің жағдайым нашар!
Аяз ата: Қане, не боп қалды, бізге айтып бер, мүмкін біз саған көмектесе алармыз?
Қоян: Орманның ортасында
Өзіме үй салдым
Жақсы еді бәрі де,
Ағаш үйдің барында
Бірақ...
Өзі қу түлкі
Үйімді көрді де,
Жайменен кірді де.
Мені үйден қуды,
Үйім барда жақсы едім,
Үйсіз қалдым енді өзім.

Атырау қаласы Бірлік ауылы
№35 «Балақай» бөбекжай - бақшасының саз жетекшісі
Есболғанова Алия Дабысқызы
Көңілді шыршалар. жүктеу
1 858
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Балаларға жаңа жыл кешінде көңілді көңіл - күй сыйлау. Мерекенің қызықты өтуіне белсенділік таныту. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту.
Жарқыра шыршамыз, жарқыра!
Жарқыра шыршамыз, жарқыра!
Балалар біз жаңа жыл мерекесіне келдік. Жаңа жыл мерекесі Аяз атамен Ақшақарсыз қалай өтеді. Балалар мен біреудің даусын естіген сияқтымын. Ақшақар билеп кіреді.
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Жаңа жыл, жаңа жыр Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Жадырап барлық бала жүр.
Келе жатыр Жаңа жыл!
Келе жатыр Жаңа жыл!
Қане, құрбыларым келіңдер, Шырша сәнін көріңдер. Әсем әнмен би билеп, Ән жырларды төгіңдер.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жүргізуші - сайқымазақ, аққала, Ақшақар, Аяз Ата, Қаршақыз, Жалмауыз кемпір, көжектер.
Келді міне, Жаңа Жыл
Келді міне, Жаңа Жыл
Ау, жарандар, ал қараңдар Жауып тұр қар себелеп. Көкке толды, жерге қонды Сансыз аппақ көбелек. Тым алыстан, Марстан Келіп Аяз атамыз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×